Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтарынан зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру
Қызметті онлайн алу
- Порталда авторизациядан өтіп "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз.
- Өтінімді толтырып оған ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба)көмегімен қол қойыңыз.
- Жеке кабинетте ("Қызметтерді алу тарихы" бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысыңыз.
Қызметті мемлекеттік органнан және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ алу (қажетті құжаттар)
- Көрсетілетін қызметті алушының Екінші деңгейдегі банктердегі немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардағы банктік шотының нөмірі туралы мәліметтерді ұсынады.
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, Мемлекеттік корпорация қызметкері мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының жазбаша келісімін алады.
Бірінші, екінші топтардағы мүгедектігі мерзімсіз болып табылатын адам болып табылатын көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде
- Көрсетілетін қызметті алушының Екінші деңгейдегі банктердегі немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардағы банктік шотының нөмірі туралы мәліметтерді ұсынады.
Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге тұрақты тұруға кеткен шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам болып табылатын көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу мақсатында көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде:
- Өтініш.
- Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, шетелдік паспорттың көшірмесін және салыстырып тексеру үшін түпнұсқасын.
- Көрсетілетін қызметті алушының банктік шоты туралы мәліметтер.
Зейнетақы жинақтары бар қайтыс болған адамның отбасы мүшесі немесе жерлеуді жүзеге асырған адам болып табылатын көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу мақсатында көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде:
- Өтініш.
- Зейнетақы жинақтары бар адамның қайтыс болғаны туралы куәліктің көшірмесі және салыстыру үшін түпнұсқасы.
- Зейнетақы жинақтары бар қайтыс болған адамның отбасы мүшесінің не жерлеуді жүзеге асырған адамның банк шоты туралы мәліметтер.
Қайтыс болған адамның зейнетақы жинақтарының мұрагері болып табылатын көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу мақсатында көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде:
- Өтініш.
- Зейнетақы жинақтары бар қайтыс болған адамның қайтыс болғаны туралы куәліктің нотариат куәландырған көшірмесі.
- Мұраға құқық туралы куәліктің түпнұсқасы немесе нотариат куәландырған көшірмесі не мұраға берілетін мүлікті бөлу туралы келісімнің түпнұсқасы немесе нотариат куәландырған көшірмесі не заңды күшіне енген сот шешімі.
- Көрсетілетін қызметті алушының банктік шоты туралы мәліметтер.
Көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорацияға немесе көрсетілетін қызметті берушіге үшінші тұлға немесе заңды өкіл арқылы жүгінген кезде жоғарыда көрсетілген құжаттарға қосымша үшінші тұлға немесе заңды өкіл ұсынады:
- Үшінші тұлғаның немесе заңды өкілдің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі және салыстыру үшін түпнұсқасы.
- Нотариат куәландырған сенімхаттың түпнұсқасы немесе оның нотариат куәландырған көшірмесі не заңды өкілдің мәртебесін растайтын құжат.
Бұл ретте көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін нотариат куәландырады (нотариаттық куәландыру тұратын мемлекетінде жүргізілгенде).
Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес көрсетілетін қызметті алушылар:
- Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде БЖЗҚ-дан төленетін зейнетақы төлемдері түріндегі табысқа салық шегерімін қолдану құқығы тиісті растайтын құжаттарды ұсынады.
- Көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде зейнетақы төлемдері түріндегі табысқа табысты түзету немесе салық шегерімін қолдану құқығы осы қосымшада көрсетілген құжаттар тізбесіне қосымша көрсетілетін қызметті берушінің ішкі құжатымен бекітілген нысан бойынша өтінішті, сондай-ақ тиісті растайтын құжаттарды ұсынады.
Мемлекеттік корпорация және көрсетілетін қызметті беруші алған, көрсетілетін қызметті алушының табысты түзетуді немесе зейнетақы төлемдері түріндегі табысқа салық шегерімін қолдану құқығын растайтын Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының ақпараттық жүйелерінде мәліметтер болғанда, тиісті растайтын құжаттарды ұсыну талап етілмейді.
Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге пошта байланысы арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушының өтініштегі қолы нотариалды куәландырылады (нотариаттық куәландыру тұратын мемлекетінде жүргізілгенде).
Заңды күшіне енген сот актісімен айқындалған көрсетілетін қызметті алушы (жеке немесе заңды тұлға) БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар адамның зейнетақы жинақтарын алу мақсатында көрсетілетін қызметті берушіге мынадай құжаттарды ұсынады:
- Заңды күшіне енген сот актісі.
- Алушының (сот актісінде айқындалған жеке немесе заңды тұлғаның) банк шоты туралы мәліметтер.
1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ – "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 1-тармағына сәйкес зейнеткерлік жасқа толған адамдар бойынша.
2) Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры – бойынша болып табылмайтын тұлғаларға:
- мерзімсіз бірінші, екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар;
- Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар;
- зейнетақы жинақтары бар қайтыс болған адамның отбасы мүшелері, зейнетақы жинақтары бар қайтыс болған адамды жерлеуді жүзеге асырған адамдар;
- қайтыс болған адамның зейнетақы жинақтарының мұрагерлері.
3) Портал арқылы мынадай тұлғалар бойынша:
4) Ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы – зейнеткерлік жасқа толған адамдар.
Қызмет көрсету нәтижесі
Мемлекеттік корпорацияда тіркелген өтініштер бойынша Мемлекеттік корпорация өтініш берушіге зейнетақы төлемдерін алушының банк шотына аударған күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей өтініште (бар болса) көрсетілген көрсетілетін қызметті алушының ұялы телефон нөміріне sms-хабарлама жіберу арқылы зейнеткерлік жасқа толуына байланысты зейнетақы төлемін жүзеге асырғаны туралы хабарлайды.
Бірінші және екінші топтардағы мерзімсіз мүгедектігі бар адамдар, зейнетақы жинақтары бар қайтыс болған адамның отбасы мүшелері немесе жерлеуді жүзеге асырған адамдар, Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен шетелдіктер, азаматтығы жоқ адамдар, қайтыс болған адамның зейнетақы жинақтарының мұрагерлері болып табылатын адамдардың өтініштері бойынша көрсетілетін қызметті беруші өтініш берушіге зейнетақы төлемін жүзеге асыру туралы өтініште (бар болса) көрсетілген көрсетілетін қызметті алушының ұялы телефон нөміріне sms-хабарлама жіберу.