Шетелде жұмыскерлердің құзыретін арттыруға арналған шығыстарды аванстау
Қызметті мемлекеттік органнан қалай алуға болады (қажетті құжаттар):
Инженерлік-техникалық персоналды, өндірістік персоналды, оның ішінде топ-менеджерлерді, оның ішінде шетелде еңбек өнімділігін арттыру және/немесе Индустрия 4.0 технологияларын (элементтерін) енгізу мәселелері бойынша кәсіптік даярлауға және/немесе қайта даярлауға және/немесе біліктілігін арттыруға шетелде жұмыскерлердің құзыретін арттыруға арналған шығыстарды аванстау кезінде:
1-кезең:
- Қызмет алуға өтінім.
- Басым тауарлар тізбесіне енгізілген өнімнің өндірісін растайтын тағылымдама кезеңінде қолданылатын құжаттардың көшірмелері («СТ-KZ» нысанындағы тауардың шығу тегі туралы сертификат және/немесе индустриялық сертификат).
- Инженерлік-техникалық, өндірістік персоналды, оның ішінде топ-менеджерлерді, өтініш берушіні кәсіптік даярлауға және/немесе қайта даярлауға және/немесе біліктілігін арттыруға жіберу туралы бұйрықтың көшірмесі.
- Көрсетілетін қызметті алушы қызметкерінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі.
- Жоғары білімді растайтын құжаттың көшірмесі.
- Тағылымдамаға қабылдайтын шетелдік зауыттан немесе ұйымнан шартсыз шақырудың көшірмесі.
- Тағылымдамаға қабылдайтын шетелдік заңды тұлғаның тіркелгенін растайтын құжаттың көшірмесі.
2-кезең:
- Орындаушының қызметтер көрсету (Жұмыстарды орындау) қорытындылары бойынша өтініш берушінің есебі.
- Кәсіптік даярлау және/немесе қайта даярлау және/немесе біліктілігін арттыру туралы сертификаттың көшірмесі).
- Іссапарға жіберу орнына және бір рет тұрақты жұмыс орнына қайтуға көлік шығыстарын («экономикалық» сыныбы бойынша авиабилеттер) растайтын құжаттардың көшірмелері.
- Жұмыскердің тағылымдама мерзімі ішінде тұру құнын растайтын құжаттардың көшірмелері (бірақ 6 айдан аспайтын), стандарт сыныптамасы бойынша нөмірдің құны бойынша – нақты шығындар бойынша, оның ішінде осы шығыстарды растайтын құжаттар болған кезде тәуліктік шығындардан басқа, броньдау жөніндегі шығыстар бойынша.
Қызмет көрсету нәтижесі
Шығындарды өтеу туралы келісім не мемлекеттік қызмет көрсетуден жазбаша бас тарту.