Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды және олардың орындалуы жөніндегі есептерді мемлекеттік есепке алу
Қызметті порталдан немесе мемлекеттік органнан қағаз түрінде (не электрондық түрде (www.is.ncste.kz ақпараттық жүйесінен) қалай алуға болады (қажетті құжаттар):
- Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобаға:
- тіркеу картасы 3 - қосымшаға сәйкес;
- Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламаға келесі қосымшалар:
- Ф1 - біріздендірілген нысан "Кеңейтілген ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламаның көрсеткіштері" 4-қосымшаға сәйкес;
- Ф1 – біріздендірілген нысанға "Кеңейтілген ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламаның көрсеткіштері" титулдық беті 5-қосымшаға сәйкес;
- ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарлама жетекшісінің қолы қойылған түсіндірме жазба;
- ағымдағы жылы ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламаның тапсырмаларын (кезеңдерін) орындауға бөлінген бюджет қаражатының көлемін растайтын, бағдарлама жетекшісі қол қойған құжат;
- Ф1 - түзету нысаны "Кеңейтілген ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламаның көрсеткіштері" 6-қосымшаға сәйкес;
- ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарлама бойынша тапсырмалардың, жұмыс кезеңдерінің орындалуы туралы (жылдық) есеп 7-қосымшаға сәйкес;
- ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламаны орындауға қатысушы ұйымдардың жұмыс тапсырмаларын, кезеңдерін орындау барысы туралы мәлімет 8 -қосымшаға сәйкес;
- Ғылыми, ғылыми-техникалық жоба/бағдарламаның орындалуы туралы есеп, Мемлекетаралық стандартына сәйкес ресімделген МЕМСТ 7.32-2017 "Ғылыми-техникалық жұмыс туралы есеп" және нысан бойынша ақпарат картасы 9 - қосымшаға сәйкес;
- 10 - қосымшаға сәйкес нысан бойынша ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижесін тіркеуге өтінім түрінде ресімделген ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижесі және 11 - қосымшаға сәйкес ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелері туралы мәліметтерді еспке алу жөніндегі нысандар; (қажет болған жағдайда) ұсынылады: 12 - қосымшаға сәйкес ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелері (бұдан әрі- ҒҒТҚН) туралы мәліметтердің өзгергені туралы хабарлама; 13 - қосымшаға сәйкес нысан бойынша ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін пайдалану туралы мәліметтер; 14 - қосымшаға сәйкес ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижесін мемлекеттік тізілімінен ҒҒТҚН-ны алып тастау туралы хабарлама.
Қызмет көрсету нәтижесі
Ғылыми, ғылыми-техникалық жобаға – мемлекеттік тіркеу нөмері берілген тіркеу картасы.
Ғылыми-техникалық бағдарламаға – шифр берілген куәлік.
Ғылыми, ғылыми-техникалық жобалардың орындалуы бойынша есепке - инвентарлық нөмір берілген ақпарат картасы.
Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелеріне - мемлекеттік тіркеу нөмері берілген өтінім.