Таратылған қорды пайдалануға рұқсат беру
Қызметті онлайн алу ("электрондық лицензиялау" www.elicense.kz порталында)
- Осы бетте "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз, одан кейін жаңа терезеде "электрондық лицензиялау" порталы ашылады.
- Жүйеге кіріңіз немесе "электрондық лицензиялау" порталында тіркеліңіз.
- Қызмет паспортында құжаттар топтамасымен танысып "Қызметке онлайн тапсырыс беру" батырмасын басыңыз немесе қажетті қызметтің кіші түрін таңдап "Әрі қарай" батырмасын басыңыз.
- Қажетті мәліметтерді көрсетіп, өтінішті толтырып, ЭЦҚ-мен қол қойыңыз.
- Берілген өтініш мәртебесін "Менің өтініштерім" тарауынан қадағалауға болады. Рұқсатты алу туралы "Менің рұқсат құжаттарым" тарауынан, хабарлама алу туралы - "Менің хабарламаларым" тарауынан біле аласыз.
Қызметті мемлекеттік органнан қалай алуға болады (қажетті құжаттар):
Пайдалы қатты қазбаларды өндіру кезінде:
- Өтініш.
- Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әзірленген және бекітілген жою жөніндегі жұмыс жобасына келісім-хаттардың көшірмелері.
Жер асты суларын өндіру кезінде:
- Өтініш.
- Қазақстан Республикасының су заңнамасына сәйкес алынған, келісімшартта айқындалған жер қойнауы учаскесі аумағының шекарасы шегінде арнайы су пайдалануға рұқсат.
Пайдалы қатты қазбаларды барлау кезінде:
- Өтініш.
- Жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның келісім хаттарының көшірмелері, бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобасына мемлекеттік экологиялық және санитарлық-эпидемиологиялық сараптаманың оң қорытындысы.
Тарату жұмыстарын жүргізу қажеттілігі болмаған жағдайда:
- Өтініш.
- Тарату жұмыстарын жүргізу қажеттілігінің жоқтығын растайтын тексеру актісі немесе барлық келісімшарттық аумақты қайтару актісі.
Барлау жөніндегі операциялардың салдарларын жою жүргізілген жағдайда:
- Өтініш.
- Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялардың салдарын жою актісі.
Қызмет көрсету нәтижесі
Таратылған қорды пайдалануға рұқсат не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.