Жеке тұлғаның кірістері мен мүлкі туралы декларацияны қабылдау (270.00 нысан)
Қызметті онлайн алу
Жеке тұлғалардың кірістері мен мүлкі туралы декларацияны (270.00 нысан) ұсынушы:
- Порталда авторизациядан өтіп "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз.
- Декларацияны толтырып, тиісті мемлекеттік кірістер органын таңдау.
- Электрондық цифрлық қолтаңбамен (ЭЦҚ) немесе бір реттік СМС парольмен қол қою.
- Жеке кабинетте ("Қызметтерді алу тарихы" бөлімінде) Мемлекеттік кірістер органының салық есептілігін электронды түрде қабылдағаны немесе қабылданбағаны туралы хабарламамен танысу қажет.
Мемлекеттік органда қызметті қалай алуға болады (қажетті құжаттар):
- Жеке басты куәландыратын құжат.
- Жеке тұлғалардың кірістері мен мүлкі туралы декларация (270.00 нысан).
Мемлекеттік кірістер басқармаларының жұмыс кестесі:
Декларацияларды қабылдау: жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін
Түскі үзіліс: сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін
Салық есептілігін қабылдау туралы хабарлама беру: 5 минут
Қызмет көрсету нәтижесі
Мемлекеттік кірістер органының салық есептілігін қабылдағаны немесе қабылданбағаны туралы хабарлама беру.