Халықаралық қатынаста жолаушыларды және багажды автомобильмен тасымалдауды тұрақты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының тасымалдаушыларына шет мемлекеттің аумағына (аумағынан) кіруге (кетуге) рұқсат беру
Құрметті Қазақстан Республикасының азаматтары!
Қазақстан Республикасында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау үшін, қағаз түрінде қызмет көрсету карантин уақытында ХҚКО-на онлайн брондау арқылы көрсетілетін болады.
Мемлекеттік қызметтерді "Электрондық үкімет" порталында, ЕgovМоbile мобильді қосымшасында және eGovKzBot2.0 Telegram-ботында онлайн алуға болады.
Қызметті онлайн алу ("электрондық лицензиялау" www.elicense.kz порталында)
- "Қызметке онлайн тапсырыс беру" батырмасы бойынша жүріңіз, одан кейін жаңа терезеде "электрондық лицензиялау" порталы ашылады.
- Браузерде алдын-ала авторлану немесе "электрондық лицензиялау" порталында тіркелу.
- «Қызметке онлайн тапсырыс беру» батырмасын басқаннан кейін ашылатын «электрондық лицензиялау» порталының бетінде қызметтің кіші түрін таңдау және «Әрі қарай» батырмасы бойынша өту.
- "Қызметке онлайн тапсырыс беру" батырмасын басқаннан кейін ашылған "Электрондық лицензиялау" порталының парағында "Өтініш беру" сілтемесі бойынша өту.
- Өтінішті толтырыңыз және өз ЭЦҚ қол қойыңыз.
- Берілген өтініш мәртебесін "Менің өтініштерім" тарауынан қадағалауға болады. Рұқсатты алу туралы "Менің рұқсат құжаттарым" тарауынан, хабарлама алу туралы - "Менің хабарламаларым" тарауынан біле аласыз.
Қызметті «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-та алу (қажетті құжаттар):
- Өтініш.
- Шетелдік тасымалдаушымен бірлескен қызмет туралы шарттың көшірмесі.
- Халықаралық тасымалдарда жолаушылар мен тауарларды тасымалдайтын отандық көлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағынан кетуі үшін бюджетке алым сомасы төленгенін растайтын құжат (хабарлама алынған сәттен бастап).
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетілетін қызметті алушының тіркелген орны бойынша, жедел қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен жүзеге асырылады
Қызмет көрсету нәтижесі
Қолданылу мерзімі күнтізбелік бір жыл болатын жолаушылар мен багажды тұрақты тасымалдауға шетелдік рұқсаты қағаз түрінде не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.