Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу
Порталға:
- Көрсетілетін қызметті алушының уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын, мәліметтерді пайдалануға келісімі бар еркін нысанда жасалған электрондық өтініш.
- «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Бағалы қағаздар рыногы туралы заң) 11-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында белгіленген жағдайда жарияланған акцияларды шығару туралы құрылтай жиналысы (жалғыз құрылтайшының шешімі) немесе акционерлердің жалпы жиналысы (барлық дауыс беретін акцияларды иеленуші акционердің шешімі) хаттамасының электрондық көшірмесі.
- Бағалы қағаздар рыногы туралы заңның 11-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында белгіленген жағдайда жарияланған акциялар шығарылымын жарамсыз деп тану туралы сот шешімінің электрондық көшірмесі.
- Электрондық нысандағы жарияланған акциялар шығарылымының проспектісі.
- Акционерлік қоғам құрылтайшыларының арасында орналастырылған, жарияланған акциялардың төленгенін растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері.
Акционерлік инвестициялық қордың жария етілген акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу үшін осы мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 8-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген құжаттардан басқа акционерлік инвестициялық қор акционерлік инвестициялық қордың басқарушы компаниясының шарттары жобаларының электрондық көшірмелерін, сондай-ақ акционерлік инвестициялық қор құрылтайшыларының жалпы жиналысы не жалғыз құрылтайшысы бекіткен инвестициялық декларацияның электрондық көшірмесін қосымша ұсынады
Қызмет көрсету нәтижесі
Нысан бойынша жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік және акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеген жағдайда-жарияланған акциялар шығарылымының проспектісі электрондық нысанда немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартудың себептері жазылған дәлелді жауап.



