Уақытша сақтау орындары иелерінің тізіліміне енгізу
Құрметті Қазақстан Республикасының азаматтары!
Қазақстан Республикасында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау үшін, қағаз түрінде қызмет көрсету карантин уақытында ХҚКО-на онлайн брондау арқылы көрсетілетін болады.
Мемлекеттік қызметтерді онлайн алуға болады, сонымен қатар кейбір қызметтер мен сервистер ЕgovМоbile мобильді қосымшасында, eGovKzBot2.0 Telegram-ботында және Facebook пен VK әлеуметтік жүйелерінде қолжетімді.
Қызметті онлайн алу
- «Онлайн сұрау» батырмасына өтіңіз (қызметтерді алу үшін сіз eokno.gov.kz сайтында тіркелуіңіз керек).
- eokno.gov.kz сайтында қажетті жолдарды толтырыңыз және ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) сұранысына қол қойыңыз. Сіздің есептік жазбаңыздағы «Қазақстан Республикасының экспорттық-импорттық операциялары үшін бірыңғай терезе» порталындағы қосымшаның күйін бақылаңыз.
Қызметті мемлекеттік органда алу (қажетті құжаттар):
- Өтініш.
- Уақытша сақтау орны иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру шарты.
Қызмет көрсету нәтижесі
Уақытша сақтау орындары иелерінің тізіліміне енгізу туралы шешім хабарламамен, не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.