Онлайн сұрау Автоматтандырылған қызмет
Баспаға шығару нұсқасы
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы сот төрелігі академиясына оқуға құжаттарды қабылдау
Көрсетілетін қызметті қалай онлайн алуға болады:
- Порталда авторизациядан өтіп "Онлайн сұратым" батырмасы бойынша өтіңіз (қызметті алу үшін сізде office.sud.kz сайтында тіркеуіңіз болуы қажет).
- Оffice.sud.kz сайтындағы қажетті өрістерді толтырыңыз және қажетті құжаттарды қоса тіркеңіз, сұратымға ЭЦҚ-мен (электрондық цифрлық қолтаңбамен) қол қойыңыз. "Сот кабинеті" сервисінде өтінішті қарастыру мәртебесін қадағалаңыз.
Қызметті мемлекеттік органнан қалай алуға болады (қажетті құжаттар):
- Өтініш.
- Жеке басын куәландыратын құжат.
- Жоғары білім туралы құжат (құжаттың қосымшасымен бірге), (сәйкестендіру үшін ұсынылады, қызмет көрсетушінің қызметкері көшірмесін алып, түпнұсқасын қызмет алушыға қайтарады).
- Жолдама.
- Жұмыс орнынан заң мамандығы бойынша жұмыс өтілі көрсетілген анықтама.
- Қағидалардың 18-тармағында көрсетілген бағдарламалар бойынша (егер бар болса) шет тілінен тест тапсыру туралы сертификат (сәйкестендіру үшін ұсынылады, көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері көшірмесін алып, түпнұсқасын қызмет алушыға қайтарады)
- 3х4 см көлемдегі түрлі-түсті фотосурет (алты дана).
- 086/У нысандағы медициналық анықтама.
Қызмет көрсету нәтижесі
Құжаттарды қабылдау туралы қолхат немесе құжаттарды қабылдаудан дәлелді бас тарту туралы қолхат.