Жеке меншікке жер телімін бірден төлеп не бөліп төлеуге рәсімдеу
Қызметті онлайн қалай алуға болады
- Порталда авторизациядан өтіп, «Онлайн сұратым» сілтемесін басыңыз.
- Жария кадастрлық картаға өтіп, жер учаскесін таңдаңыз, өтінім жолдарын толтырыңыз және қажетті құжаттарды жүктеңіз.
- Өтінімге ЭЦҚ қол қойып, «Өтінімді жіберу» батырмасын басыңыз.
- Берілген өтінім бойынша ақпарат «Өтінімдер» бөлімінде қолжетімді.
Қызметті мемлекеттік органнан қалай алуға болады (қажетті құжаттар):
- Өтініш.
- Жеке куәлік немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін).
- Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құны актісінің көшірмесі.
Қызмет көрсету нәтижесі
Көрсетілетін қызметті берушінің жер учаскесіне жеке меншік құқығын беру туралы шешімі не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап.



