Олимпиадалық, Паралимпиадалық және Сурдлимпиадалық ойындардың чемпиондары мен жүлдегерлеріне тұрғынжай беру және оны пайдалану
Құрметті Қазақстан Республикасының азаматтары!
Қазақстан Республикасында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау үшін, қағаз түрінде қызмет көрсету карантин уақытында ХҚКО-на онлайн брондау арқылы көрсетілетін болады.
Қызметті «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ алу (қажетті құжаттар):
- Жеке басын куәландыратын құжат немесе көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген жағдайда – жеке тұлғаның нотариалды куәландырылған сенімхаты (сәйкестендіру үшін).
- Тұрғынжай алуға өтініш.
Организм функцияларының тұрақтыбұзылуы бар, өзіне-өзі қызмет көрсету, өздігінен жүріп-тұру, бағдарлай алу қабілетінен немесе мүмкіндігінен толық немесе ішінара айырылған көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдауды Мемлекеттік корпорация қызметкері тұрғылықты жеріне барып, бірыңғай байланыс орталығы арқылы өтініш беру жолымен жүргізеді.
Қызмет көрсету нәтижесі
Тұрғынжайды пайдалану шарты.
Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мерзімде мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесіне жүгінбесе, көрсетілетін қызметті беруші оны көрсетілетін қызметті алушы алғанға дейін оның қабылдау орнында сақталуын қамтамасыз етеді.
Мемлекеттік корпорация тұрғынжайды пайдалану шартын 1 ай ішінде сақтауды қамтамасыз етеді, содан кейін оларды әрі қарай сақтау үшін көрсетілетін қызметті берушіге береді.
Көрсетілетін қызметті алушы 1 айдан кейін жүгінген кезде, мемлекеттік корпорацияның өтініші бойынша көрсетілетін қызметті беруші тұрғынжайды пайдалану шартын көрсетілетін қызметті алушыға жеткізу үшін 1 жұмыс күні ішінде мемлекеттік корпорацияға жібереді.