Объектілер құрылысының жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізуге үміткер заңды тұлғаларды аккредиттеу
Қызметті мемлекеттік органнан қалай алуға болады (қажетті құжаттар):
Куәлік алу кезінде:
- Өтініш.
- Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама.
- Сараптамалық ұйымның сарапшылары туралы мәліметтер, олардың жеке басын куәландыратын құжаттардың, аттестаттарын және еңбек шартының нотариат куәландырған көшірмелері.
- Меншік құқығы немесе өзге де заңды негізде өндірістік базаның болуы туралы мәліметтер, материалдық-техникалық жарақтандыру туралы мәліметтер, жобалар сараптамасының сапасын бақылау жүйесі туралы мәліметтер, нормативтік-анықтамалық және әдіснамалық әдебиет туралы мәліметтер.
Көзделген материалдар мен құжаттардан басқа куәліктің жарамдылығын растау кезінде, қосымша мынадай құжаттар ұсынылады:
- Оң және теріс қорытындылармен, және жобалардың атауларын және сатыларын, олардың тапсырыс берушісі мен әзірлеушісін көрсете отырып, құрылыс жобалары бойынша өткен кезеңге берілген сараптамалық қорытындылар туралы ақпарат;
- Сараптамалық ұйымдар сарапшыларының біліктілігін арттыру, біліктілік арттыру курстарынан немесе арнайы семинарлардан өту фактісін растайтын құжаттардың көшірмелері;
- Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген, аталған заңды тұлғаға және/немесе сарапшыға қатысты қолданылған жауапкершілік шаралары туралы мәліметтер.
Қызмет көрсету нәтижесі
Аккредиттеу туралы куәлік беру, растау қайта ресімдеу не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру.