Азаматтардың жекелеген санаттарына дәрілік заттарды, бейімделген емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды беру
Қызметті онлайн алу
- Порталда авторизациядан өтіп "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз.
- Өтінімді толтырып оған ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) көмегімен қол қойыңыз.
- Жеке кабинетте ("Қызметтерді алу тарихы" бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысыңыз.
Қызметті мемлекеттік органда алу (қажетті құжаттар):
- Тікелей жүгінген кезде жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін).
Қызмет көрсету нәтижесі
Көрсетілетін қызметті беруші тікелей жүгінген кезде – азаматтардың жекелеген санаттарына дәрілік заттарды, бейімделген емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды беру.
Порталға жүгінген кезде-азаматтардың жекелеген санаттарына электрондық үкіметтің жеке кабинетінде қарау режимінде 2-қосымшаға сәйкес мәліметтер нысанында дәрілік заттарды, бейімделген емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды ұсыну.
Қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту.