Геодезиялық және картографиялық қызмет субъектiлерiне жоспарланып отырған жұмыс учаскелерiнде жергiлiктi жерлердiң геодезиялық және картографиялық жағынан зерделенгендiгi туралы тиiстi мәлiметтер беру
Қызметті онлайн алу
- Порталда авторизациядан өтіп "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз.
- Өтінімді толтырып оған ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) немесе смс-паролінің көмегімен қол қойыңыз (міндетті түрде мобильдік азаматтар базасында тіркеу бар болу қажет).
- Жеке кабинетте ("Қызметтерді алу тарихы" бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысыңыз.
Төлем шот-фактурасы көрсетілген электронды мекен-жайға жіберіледі, төлемді жүргізу және чектің скан-көшірмесін жіберушінің мекен-жайына жіберу керек.
Қызметті мемлекеттік органнан алу үшін (қажеті құжаттар):
«Қызмет бабында пайдалану үшін» деген белгісі бар материалдар мен геодезиялық деректерді алу үшін:
- "Қызмет бабында пайдалану үшін" деген белгісі бар материалдар мен геодезиялық деректерді алуға арналған өтініш.
- Көрсетілетін қызметтерге ақы төленгені туралы төлем құжаты (түбіртек).
«Құпия» грифі бар материалдар мен геодезиялық деректерді алу үшін мыналар жіберіледі:
- "Құпия" деген грифі бар материалдар мен геодезиялық деректерді алуға арналған өтініш.
- Тапсырыс беруші ұйым (мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді пайдалануға байланысты жұмыстардың тапсырыс берушілері болып табылатын мемлекеттік орган немесе мемлекеттік ұйым) мен көрсетілетін қызметті алушы арасындағы бірлескен және басқа жұмыстар жүргізуге арналған шарт жобасы.
- Көрсетілетін қызметтерге ақы төленгені туралы төлем құжаты (түбіртек).
Қызмет көрсету нәтижесі
Жергілікті жердің геодезиялық және картографиялық зерделенгендігі туралы мәліметтер беру не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.