Жеке кәсіпкерлік субъектісіне жатпайтын заңды тұлға, сондай-ақ акционерлік қоғам, олардың филиалдары мен өкілдіктері жарғысының (ережесінің) телнұсқасын беру
Құрметті Қазақстан Республикасының азаматтары!
Қазақстан Республикасында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау үшін, қағаз түрінде қызмет көрсету карантин уақытында ХҚКО-на онлайн брондау арқылы көрсетілетін болады.
Мемлекеттік қызметтерді онлайн алуға болады, сонымен қатар кейбір қызметтер мен сервистер ЕgovМоbile мобильді қосымшасында, eGovKzBot2.0 Telegram-ботында және Facebook пен VK әлеуметтік жүйелерінде қолжетімді.
Қызметті онлайн алу
- Порталда авторланып, "Онлайн қызметке тапсырыс" батырмасын басу.
- Міндетті жолдарды толтырып, қажетті құжаттардың электронды нұсқаларын тіркеу.
- Өтінімге ЭЦҚ (Электронды цифрлы қолтаңба) қою.
- Жеке кабинеттегі "Қызмет алу тарихы" бөліміндегі жазба арқылы статусты парақшаға өту статусты парақшаға өтіп өтінімді келісу.
- Жеке кабинетте ("қызмет алу тарихы" бөлімінде) қызмет көрсету нәтижесімен танысу.
- Порталдан құжаттарды қызмет көрсету нәтижелерімен жүктеу және шығарып алу.
- Жауапта көрсетілген мекенжай бойынша әділеттің аумақтық органдарына барып Жалғының (Ереженің) телнұсқасын алу үшін құжаттардың басылып шығарылған нұсқаларын қосып тапсыру.
Қызметті «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ алу (қажетті құжаттар):
- Өтініш.
- Заңды тұлғаның мөрімен (ол болған кезде) бекітілген Жарғының (ереженің) телнұсқасын алу туралы заңды тұлғаның уәкілетті органының шешімі не шешімінен үзінді көшірме.
- Жарғының (ереженің) түпнұсқасының жоғалғаны туралы ақпараттың мерзімді баспасөз басылымында жарияланғанын растайтын құжат.
Қызмет көрсету нәтижесі
Жеке кәсіпкерлік субъектісіне жатпайтын заңды тұлға, сондай-ақ акционерлік қоғам, олардың филиалдары мен өкілдіктері Жарғысының (ережесінің) телнұсқасын қағаз жеткізгіште беру.