Жер учаскелерін сату бойынша сауда-саттықты (аукциондарды) немесе жер учаскелерін электронды түрде жалға алу құқығын ұйымдастыру және өткізу арқылы жер учаскесіне құқықтарды сатып алу (дайын алаңды таңдау кезінде)
Қызметті онлайн қалай алуға болады
- Порталда авторизациядан өтіп "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз.
- Өтінішті толтырып, оған ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңбамен) қол қойыңыз.
- Жеке кабинетте («Қызметтерді алу тарихы» бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін өтінішіңізді өңдеу туралы хабарламаны оқыңыз.
Қызмет көрсету нәтижесі
Жер учаскесін сатып алу-сату және/ немесе уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану шарты не дәлелді бас тарту.
Инженерлік желілерге қосылудың техникалық шарттары (қажет болған жағдайда).
Жылжымайтын мүлік объектісінің кадастрлық паспорты не мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту.
Жер учаскесіне құқықты мемлекеттік тіркеу туралы хабарлама не мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту.