Цифрлық технологияларды енгізуге жұмсалған шығындарды өтеу
Қызметті порталда қалай алуға болады:
- Өтінім.
- Өтініш берушінің технологиялық жабдықты сатып алу туралы есебі (өтініш берушінің қызметінің және цифрлық жабдықты сатып алу қажеттілігінің сипаттамасы бар).
- Сатып алынған цифрлық жабдықтың жалпы сомасына жасалған шот-фактуралардың көшірмелері.
- Сатып алынған цифрлық жабдықтың жалпы сомасына төлем құжаттарының көшірмелері және/немесе жабдықты сатып алу кезінде тұрақсыздық айыбын (өсімпұлын) ұстап қалу кезінде талаптарды өзара есепке алу кезінде есеп айырысудың аккредитивтік нысаны кезінде ұсынылатын сатып алынған жабдықтың төленгенін растайтын құжаттар ретінде сатып алынған жабдықтың жалпы сомасына төлем құжаттарының көшірмелері.
- Қазақстандық тауар өндірушілер тізілімінен үзінді.
- Өтініш берушінің салық төлеуден босатылғанын растайтын құжаттардың көшірмелері (егер өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектісі салық төлеуден босатылған жағдайда).
- Цифрлық жабдықты сатып алу-сату шартының көшірмесі.
- Цифрлық жабдықты қабылдау-беруді растайтын бастапқы есепке алу құжаттарының көшірмелері (қабылдау-беру актісі, қорларды тарапқа жіберуге арналған жүкқұжат немесе т.б.).
- Жабдықты пайдалану жөніндегі нұсқаулықты/нұсқауды, жабдықты дайындау күні туралы ақпаратты, өндіруші зауыт жабдықтың сәйкестендіру нөмірін, жабдықтың негізгі техникалық сипаттамалары мен параметрлерін, цифрлық жабдық құрамының ерекшелігін (техникалық паспорт) қамтитын техникалық құжаттаманың көшірмесі.
- Сатып алынған цифрлық жабдықтың суреттері.
Егер орындаушы Қазақстан Республикасының бейрезиденті болған жағдайда, осы тармақтың 3) тармақшасында көрсетілген құжаттың орнына цифрлық жабдықты сатып алу фактісін және осындай заңды тұлғаның тіркелуін растайтын құжаттар ұсынылады.
Қағидалардың осы тармағының 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген құжаттар «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің және «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес рәсімделеді.
Қызмет көрсету нәтижесі
Шығындарды өтеу туралы келісім не мемлекеттік қызмет көрсетуден жазбаша бас тарту.



