Қызметті онлайн алу
- Порталда авторизациядан өтіп "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз.
- Өтінімді толтыру және ЭЦҚ қол қою (электрондық цифрлық қолтаңбамен). Өтінімге құжаттарды қоса тіркеу:
- отбасының табысын растайтын құжаттар. Тұрғын үй қатынастары саласындағы өкілетті орган тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының бірлескен табысын есептеу тәртібін анықтайды;
- тұрғын үйді ұстауға жұмсалатын ай сайынғы жарналар көлемі туралы есепшотар;
- коммуналдық қызметтерді тұтынуға арналған есепшоттар;
- телекоммуникация қызметіне берілген түбіртектер-есепшоттар немесе байланыс қызметін көрсетуге арналған шарт көшірмесі;
- жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорында жалға алған тұрғын үйді пайдалану үшін жалға алу төлемінің көлемі туралы жергілікті атқарушы орган ұсынған есепшоттар
- Жеке кабинетте ("Қызметтерді алу тарихы" бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін, сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысу.
ЕСКЕРТУ: бірге берілетін құжаттардың рұқсат етілетін максималды көлемі 1 МБ-тан аспауы керек.
Қызметті «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-та алу (қажетті құжаттар):
- Өтініш.
- Өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжат, және оның көшірмесі.
- Отбасының кірісін растайтын құжаттар (өтініш берудің алдындағы 3 айда отбасының әрбір мүшесінің табысы туралы анықтама).
- Жұмыс орнынан немесе жұмыссыз адам ретінде тіркелуі туралы анықтама (тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алынған мәліметтерді қоспағанда).
- Балаларға және асырауындағы басқа да адамдарға алименттер туралы мәліметтер.
- Банктік шоты.
- Тұрғын үйді ұстауға арналған ай сайынғы жарналар көлемі туралы есепшоттар (үйдің жалпы қажеттіліктеріне, үйге қызмет көрсетуге, есептеуіштер, жөндеу, үйдің жалпы коммуналдық қызметтері және т.б жұмсалатын шығындар).
- Коммуналдық қызметтерді тұтынуға арналған есептеуіштер.
- Телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек-шот немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесі.
- Жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жергілікті атқарушы орган берген жалдау ақысының мөлшері туралы шот.
*Онлайн қызметті Ақтау, Ақтөбе, Атырау, Қарағанды, Көкшетау, Қостанай, Қызылорда, Павлодар, Петропавловск, Талдықорған, Орал, Өскемен, Шымкент, Алматы, Астана республикалық маңызы бар қалалар тұрғындары ала алады. Сонымен қатар қызмет ҚР бірқатар аудандарында қолжетімді.
Мемлекеттік қызмет көрсетілетін қызметті алушының тұрақты тіркелген жері бойынша көрсетіледі
Қызмет көрсету нәтижесі
Тұрғын үй көмегін тағайындау туралы хабарлама немесе одан бас тарту туралы дәйекті жауап.