Көлік құралдарының қате мәліметтерін түзету
Қызметті «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ қалай алуға болады (қажетті құжаттар):
- Жеке басты куәландыратын құжатты (жеке басты сәйкестендіру үшін), оның ішінде цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды нысанда.
- «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің 553 және 615-баптарына сәйкес КҚТҚ, МТНБ бергені үшін тіркеу алымдары және мемлекеттік бажды төлегенін растайтын құжаттарды.
- Көлік құралын бастапқы тіркеу кезінде кәдеге жарату төлемін енгізу туралы сертификат.
- Көлік құралының электрондық паспорттары жүйесінің ұлттық операторының ақпараттық жүйесі арқылы көлік құралының электрондық паспорты (көлік құралы шассиінің электрондық паспорты) (көлік құралын бастапқы тіркеу кезінде).
- ЕАЭО кеден аумағына көлік құралдарын уақытша кіргізу туралы кеден органдары берген құжаттар (уақытша әкелінген көлік құралын шектеулі мерзімге тіркеген жағдайда).
- Бұрынғы КҚТҚ және МТНБ-ны (олар болған кезде).
- Егер көлік құралының бұрынғы иесі заңды тұлға болып табылса, осы ұйымның мөрімен куәландырылған (жеке кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда) заңды тұлғаның көлік құралын өзінің құрылымдық бөлінісіне немесе басқа заңды не жеке тұлғаға бөлу және беру туралы бұйрығы (өкімі).
- Көлік құралына меншік құқығын растайтын құжат.
- егер көлік құралының конструкциясына оны тіркегенге дейін өзгерістер енгізілсе, Кеден одағы комиссиясының 2011 жылғы 9 желтоқсандағы № 877 шешімімен бекітілген «Дөңгелекті көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы» Кеден одағының техникалық регламентіне 18-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көлік құралының оның конструкциясына енгізілген өзгерістермен оның қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі туралы куәлік.
- Көлік құралын қарап тексеру актісі ұсынылады.
Қызмет көрсету нәтижесі
Мәліметтерді өзектендіру туралы хабарлама немесе бас тарту туралы дәлелді жауап.



