Айдар парағына өту

Қазақстанда қалай брокер болуға болады? Баспаға шығару нұсқасы

Cоңғы өзгеріс: 26.08.2021

ik.jpg

Біздің көбіміз биржада брокерлер жұмыс істейтінін және негізінен олардың жұмысы әр түрлі бағалы қағаздарды сатуға негізделген, бірақ брокерлер деген кім екені, брокер болып жұмыс жұмыс істеу неге беделді болып есептеледі және брокерлер немен айналысатыны туралы нақты түсінікті екінің бірі білмейтіні анық.

Кім брокер бола алады? 

Алдымен кім брокер бола алатынын анықтайық. Қазақстанда брокер жеке, сондай-ақ заңды тұлға да бола алады. Брокер құнды қағаздар нарығындағы сатушы және сатып алушы арасындағы делдал ролін атқарады. Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша әдеттегі азамат құнды қағаздарды сату немесе сатып алу үшін қаржы биржасына дербес шығуға құқылы емес. Ол тек брокер  - клиент есебінен және оның мүдделерінде қаржы нарықтарында операциялар жасайтын, нарықтың кәсіби қатысушысы арқылы ғана жасай алады. Брокерде міндетті тәртіпте бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүзеге асыруға лицензиясы және биржаның тікелей қатысушысы болуы тиіс. Брокер клиент үшін сатып алынатын бағалы қағаздардың иесі болып табылмайды және өз жұмысы үшін комиссиялық түрінде сыйақы алады.  Клиенттің брокерге бағалы қағаздар нарығында көрсеткен қызметі үшін сыйақыны төлеу шарттары мен тәртібі брокердің ішкі құжаттарында және (немесе)  брокер мен клиент арасында жасалған шартта белгіленеді.

Брокерлік компания өз қызметін акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында жүзеге асырады. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген шектеулерді ескере  отырып, брокерлік компанияның құрылтайшылары және акционерлері жеке және заңды тұлғалар – Қазақстан Республикасының резиденттері және бейрезиденттері бола алады. Брокерлік компанияның жарғылық капиталының ең аз мөлшері тиісті қаржылық жылға арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының заңында белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 400 000 – еселенген мөлшерін құрайды.

Лицензияны алу үшін өтініш беруші мынадай біліктілік талаптарына сай болуы тиіс:

  • өтініш берушінің басқару органы бекіткен, жақындағы үш жылға арналған бизнес-жоспарының болуы. Бизнес-жоспарда мынадай мәселелер, онда лицензияны алу мақсаты, алғашқы үш қаржылық (операциялық ) жылға  арналған қаржы жоспары, инвестициялық саясат, компания қызметін қаржыландыру көздері және басқалар көрсетілуі тиіс;
  • бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыру үшін қажетті бағдарламалық-техникалық  құралдардың және өзге жабдықтың болуы;
  • Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келетін ұйымдық құрылымының болуы;
  • Өтініш берушінің ішкі аудит қызметі туралы ереженің болуы.

Лицензиат тек:

  • Бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыру шарттарын және тәртібін;
  • Операцияларды жүргізудің жалпы шарттарын;
  • Лицензиаттың және оның клиентінің  құқықтары мен міндеттерін, олардың жауапкершілігін  белгілейтін ішкі құжаттары болғанда ғана  бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға құқылы.

Лицензияны алу үшін  өтініш беруші Ұлттық банкке   Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 26 ақпандағы №25 қаулысымен бекітілген Бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызметті жүзеге асыруға лицензиялар беру, оларды тоқтата тұру және олардан айыру қағидаларыда белгіленген   құжаттарт тізбесін  ұсынады. Лицензияны алуға ұсынылған құжаттар Ұлттық Банкімен қарастырылады және өтініш беруші мен ол ұсынған құжаттар Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сай болса, Ұлттық Банк лицензияны құжаттар ұсынылған күннен бастап отыз жұмыс күннен кешіктірмей береді.   

Брокер қызметін бақылау жүзеге асырыла ма?

Брокерлік лицензияны қандай себептер бойынша тоқтатуы мүмкін?

Брокерлік лицензиядан қандай жағдайларда айрылуға болады?

 

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.