Айдар парағына өту

Кімге үйде арнайы әлеуметтік қызмет көрсетілу керек Баспаға шығару нұсқасы

Cоңғы өзгеріс: 29.12.2020

Қиын өмірлік жағдайға тап болған адамдарға (отбасыларға) үйде арнайы әлеуметтік қызметтер  көрсетіледі.

Бұл ауру, жарақат, жас немесе мүгедектікке байланысты өзін-өзі күту, өздігінен қозғалу және өмірдің негізгі қажеттіліктерін қамтамасыз ету қабілетінен толық немесе ішінара айырылған адамдар болуы мүмкін.

Біз сіздерге кімге үйде арнайы әлеуметтік қызмет көрсетілу керектігі және әлеуметтік қызметкерлер үйде қызмет көрсету жағдайында қандай қызметтерді ұсынатындығы туралы  айтамыз.

Үйде кім көмек ала алады 

Үйде арнайы әлеуметтік қызметтерді алуға болады:

1) психоневрологиялық ауытқулары бар 1,5 жастан 18 жасқа дейінгі мүгедек- балалар (балалар);

2) тірек-қимыл аппараты бұзылған 1,5 жастан 18 жасқа дейінгі мүгедек  балалар (тірек-қимыл жүйесі бұзылған балалар);

3)  психоневрологиялық  аурулары бар 18 жастан асқан мүгедектер (18 жастан асқан адамдар);

4) бірінші және екінші топтағы мүгедектер (мүгедектер);

5) егде жасына байланысты өзіне қызметтер көрсетуге мүмкіндігі жоқ адамдар (бұдан әрі - тартар).

Сонымен бірге, бірінші және екінші  топтағы мүгедектер мен өздеріне қызметтер көрсетуге мүмкіндігі жоқ және денсаулық жағдайы бойынша үйде күту  жағдайында  арнайы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж қарт адамдарға 2011 жылғы 26 желтоқсандағы "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес егер өздерінің ата-аналарын, жұбайын (зайыбын) асырап-бағуға және оларға қамқорлық жасауға міндетті еңбек етуге қабілетті кәмелетке толған балалары, жұбайы (зайыбы) жоқ немесе объективті себептер бойынша (бірінші, екінші топтағы мүгедектігінің, онкологиялық, психикалық ауруларының болуына, бас бостандығынан айыру орындарында отыруына, психикалық денсаулық орталығында есепте тұруына немесе елден тыс жерге тұрақты тұруға кетуіне, қосымша жұбайы (зайыбы) үшін – егде жаста болуына байланысты) оларды тұрақты көмекпен және күтіммен қамтамасыз етпейтін еңбек етуге қабілетті кәмелетке толған балалары, жұбайы (зайыбы) бар, өзіне-өзі қызмет көрсете алмайтын және денсаулық жағдайына байланысты стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге мұқтаж мүгедектер болса арнайы әлеуметтік көмек көрсетіледі. 

Балалар, тірек-қимыл жүйесі бұзылған балалар, 18 жастан асқан адамдар, мүгедектер және ерекше әлеуметтік қызметке мұқтаж және бір отбасында тұратын қарт адамдар жеке тұлғалар болып саналады.

Әлеуметтік қызметкерлер үйде қызмет көрсету жағдайында қандай қызметтерді ұсынады?

Қызметтер түрлерінде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандартына сәйкес әлеуметтік қызметкер.

  1. Әлеуметтік-тұрмыстық қызметтер: төсектен тұруға, ұйықтауға, киім киюге және шешуге, жуынуға, тамақ ішуге, дәретхананы немесе дәрет ыдысын пайдалануға, айналада қозғалуға, тістерін немесе тіс протездерін күтуге, көзілдірік немесе есту аппаратын киюге, тырнақтарын алуға, ер адамдарға көмек – сақал мен мұртты қыруға көмектесу. Қарттар мен мүгедектерге егер қажет болса хат жазып, оны оқуға көмектесу.

Әлеуметтік қызметкерлер өздерінің қамқорлығындағы адамдарға негізгі қажетті өнімдерді  сатып алуға, тамақ дайындауға көмектесуі керек. Жеке үйлерде тұратындар үшін стандартты пештің отына, отын, көмір мен су жеткізуге көмектеседі. Норма белгіленген: 1 келгенде  30кг  дейін отын мен көмір, 30 литрге дейін су жеткізіледі. Стандартқа сәйкес, әлеуметтік қызметкер қамқорлығындағы адамға тұрғын үйді жөндеу және тазалауды ұйымдастыруға, коммуналдық төлемдерді төлеуге көмектеседі. Одан басқа, егер киімерін жуу, құрғақ тазалау немесе жөндеу үшін заттарды тапсыру қажет болса, онда әлеуметтік қызметкер мұны істеп, содан кейін заттарды қайтарып алу керек. Стандарт бойынша үйден тыс жерде, бір  елді мекен шегінде: денсаулық сақтау және  әлеуметтік қорғау объектілеріне апару қарастырылған.

  1. Әлеуметтік-медициналық қызметтер: алғашқы медициналық көмек, дәрігерлердің қорытындысы бойынша  дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етуге, санаторий-курорттық емдеуге, протездік-ортопедиялық және есту протездік  құралдарына көмек көрсету, дәрігерді үйге шақыру және қамқорлығындағы адамды  денсаулық сақтау ұйымында алып жүру, тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларды патронаттық қадағалау. Одан басқа, әлеуметтік қызметкер мүгедектер мен қарттарға санитарлық-гигиеналық қызмет көрсетеді: сүрту, жуу, гигиеналық ванналар.
  2. Әлеуметтік-психологиялық қызметтер мынандай көмекті қамтиды: әңгімелесу, қарым-қатынас, тыңдау, сенімділік, белсенділікке ынталандыру, отбасы мүшелеріне психологиялық көмек көрсету.
  3. Әлеуметтік-педагогикалық қызметтер: мүмкіндігі шектеулі балаларға арнайы оқу бағдарламалары бойынша білім алуға көмектесу, балалар мен 18 жастан асқан адамдарға тұрмыстық бағдарлау негіздерін, өзіне қызмет көрсету, жеке бас гигиенасы,  тұрмыстағы және қоғамдық орындардағы мінез-құлық, өзін-өзі бақылау  дағдыларына үйрету.
  4. Әлеуметтік және еңбек қызметтері: тірек-қимыл аппараты бұзылған балалардың, мүгедектердің  кәсіби бағдары, қызмет алушыларға және олардың отбасы мүшелеріне үй жұмысын ұйымдастыруда кеңес беру, мүгедектерге жұмысқа орналасуға  көмектесу.
  5. Әлеуметтік және мәдени қызметтер: мерекелер, мерейтойлар, туған күндер, саяхаттар ұйымдастыру, театрларға, кинотеатрларға, көрмелерге, концерттерге бару. Бұл іс-шаралар үйде қызмет көрсететін ұйымның басшысы бекіткен тоқсандық жоспарға сәйкес жүзеге асырылады. Сонымен қатар, стандартта клуб пен үйірме жұмысын ұйымдастыру және өткізу қарастырылған.
  6. Әлеуметтік-экономикалық қызметтер: жеңілдіктер, жәрдемақы, өтемақы, алимент және басқа төлемдерді алуға, тұрғын үй жағдайын жақсартуға көмек.
  7. Әлеуметтік-құқықтық қызметтер: құжаттарды ресімдеуге көмек, сенімхат бойынша (егер қажет болса) жәрдемақы, әлеуметтік төлемдер алу. Сонымен қатар, әлеуметтік қызметкерлер арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін және олардың қамқорлығындағы адамдардың   заңды құқықтарын бұзатын немесе шек қоятын  ұйымардың  әрекеттері немесе әрекетсіздігіне шағым жасауға көмектесуі керек. Стандарт, сонымен қатар, әлеуметтік қызметкерлердің заң көмегін көрсетуін де қарастырады. Бір реттік консультация  алу үшін Басқармадан  адвокат көмегін алуға болады. Сонымен қатар, отбасында қамқорлығындағы адамға қатысты жасалған физикалық және психикалық зорлық-зомбылық болған жағдайда, әлеуметтік қызметкер кінәлі адамдарды қылмыстық жауапкершілікке тартуға көмектесуі керек.  

Қызметтің 8 түрі кіретін тізбе туралы толық ақпаратты мына жерден табуға болады.

Әлеуметтік қызметкердің қызметтерін мемлекет төлейді. Көмекті әлеуметтік қызметкердің өзі де және ол осы үшін тартатын   басқа да адамдар көрсете  алады, мысалы, курьерлік жеткізу, тұрғын үй-жайларды жинауды ұйымдастыру және т.б. Қосымша жеке қызметтерге ақы төлеу мәселесін әлеуметтік қызметтерді алушылардың өздері шешуі керек.

Кіріп шығу уақыты, арнайы әлеуметтік қызметтерді ұсыну шарттары

Қызмет алушыларға әлеуметтік қызметкерлердің келуі үйде қызмет көрсететін ұйымның басшысы бекіткен келу кестесіне сәйкес жүзеге асырылады.

Келген күні әлеуметтік қызметкерлер көрсетілетін арнайы әлеуметтік қызметтерді есепке алу журналына тиісті белгі қояды. Есепке алу журналы көрсетілетін қызметті алушыда  (заңды өкілінде) болады  және айдың соңында әлеуметтік көмек қызметкеріне тапсырылады.

Одан басқа, үйде қызмет көрсету ұйымының басшысы арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсынуға жағдайлар  жасауы тиіс, оның ішінде:

1) қалпына келтіру іс-шараларын жүргізу үшін қажетті жабдықтармен және коммуникациялармен, диагностикалық, дидактикалық, дамытушы және басқа материалдармен жабдықталған үй-жайлар;

2) қызметкерлерді қызмет алушыға күтім жасау үшін білім, білік және дағды қалыптастыруға ықпал ететін әдістемелік әдебиеттермен қамтамасыз ету;

3) қажет болған жағдайда персоналды автокөлікпен, жол жүру билеттерімен немесе жол жүру билетінің  құны мөлшерінде ақшалай өтеммен қамтамасыз ету;

4) әлеуметтік қызметкерлерді қарттар мен мүгедектерге күтім жасау кезінде киетін арнайы формамен, тұрмыстық заттармен қамтамасыз ету:

  • жуғыш заттар;
  • шүберек;
  • резина қолғаптар;
  • шаруашылық құрал-сайманы.

Үйде арнайы әлеуметтік қызметтерді алу үшін қандай құжаттар қажет

Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне немесе тұрғылықты жері бойынша  халыққа қызмет көрсету орталығына ұсыну қажет:

  • көрсетілетін қызметті алушының өтініші (кәмелетке толмағандар мен әрекетет етуге қабілетсіз адамдар үшін - заңды өкілдің өтініші) немесе медициналық ұйымның өтініші;
  • жеке куәлік (сәйкестендіру үшін);
  • медициналық анықтама;
  • балалар үшін - психологиялық, медициналық және педагогикалық консультация қорытындыларының көшірмелері.

Өтінішті қабылдау кезінде жұмыспен қамту бөлімі «Электрондық үкімет» шлюзі арқылы келесі ақпаратты алуға сұраныстар жасайды:

1) жеке басын куәландыратын құжат туралы;

2) тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркеу туралы;

3) мүгедектікті белгілеу туралы;

4) мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасында әзірленген іс-шаралар туралы;

5) зейнет жасындағы адамдар үшін - жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы;

6) Ұлы Отан соғысының қатысушысы және мүгедектері және оларға теңестірілген адам мәртебесінің болуы туралы.

Ақпараттық жүйелерден мәліметтер  болмаған жағдайда өтінішке келесі құжаттар қоса беріледі:

  • жеке куәлік көшірмесі;
  • мүгедектік туралы анықтаманың көшірмесі (мүгедектігі бар қарттар үшін);
  • мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламасынан үзінді көшірме (мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламасы бар егде жастағы адамдар үшін);
  • зейнет жасындағы адамдар үшін - зейнетақы куәлігінің көшірмесі;
  • Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері және оларға теңестірілген адамдар үшін - мәртебесін растайтын куәліктің көшірмесі.

Құжаттардың көшірмелері түпнұсқаларымен бірге беріледі, олар тексерілгеннен кейін медициналық картадан басқасы өтініш берушіге қайтарылады.

Уәкілетті органның маманы жазбаша өтініш пен құжаттарды қабылдағаннан кейін 5 жұмыс күні ішінде мүгедектердің, қарттардың тұрғылықты жеріне кетеді және тұрғын үй мен материалдық- тұрмыс жағдайын тексеру актісін жасайды.

Осыдан кейін азамат құжаттарды ресімдеу туралы хабарлама алады,   онда оны  осы қызметтер және үйде күтім жасау шарттары туралы хабардар етеді   немесе дәлелді бас тарту алады.

Егер кезекке қою туралы хабарлама берілген күннен бастап 1 айдан астам уақыт өтсе, онда қызмет алушы қайтадан медициналық тексерістен өтіп, медициналық карта ұсынуы керек.

Жеке бағдарлама жасалады, онда түрлері, көлемі, жиілігі, шарттары, қызмет көрсету мерзімдері анықталады.

Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету кезінде қызмет алушылардың жасы мен денсаулығы, ЖЖЖ мазмұны, дене белсенділігінің төмендеуі және өмір сүру жағдайлары ескеріледі.

Үйде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету қандай жағдайларда тоқтатылады

Үйде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету тоқтатылады:

  • Егер қызметтерді алушы өзі олардан бас тартса және оны өтінішке жазса (кәмелетке толмағандар мен әрекетет етуге қабілетсіз адамдар - заңды өкілдер үшін).
  • егер қамқорлығындағы адамға I немесе II топтағы мүгедек ретінде көмек көрсетілсе және ол алынып тасталса немесе III топ белгіленсе.
  • Егер арнайы әлеуметтік қызметтерді үйде емес, стационарда немесе жартылай стационарда алса.
  • Егер қамқорлығындағы адам басқа елді мекенге көшсе (ол жаңа тұрғылықты жері бойынша әлеуметтік көмек алуға  жүгіне алады).
  • Егер қызмет алушы (немесе оның отбасы мүшелері) әлеуметтік қызметкерді негізсіз қорласа, кінәлесе, адамның қадір-қасиетін түсіретін болса және куәгерлер мұны жазбаша түрде растай алатын болса. Жаңарту арнайы әлеуметтік қызметтер көрсетуді тоқтатқаннан кейін 1 күнтізбелік жылдан ертерек мүмкін емес.
  • ақылы арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету туралы шарт бұзылған кезде.
  • Қызмет алушы қайтыс болған жағдайда.

Егер арнайы әлеуметтік қызметтерді үйде емес, оңалту орталықтарында, қызметтерде, білім беру жүйесінің күндізгі бөлімдерінде алса.

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.