Айдар парағына өту

Арнаулы әлеуметтiк қызметтер Баспаға шығару нұсқасы

Cоңғы өзгеріс: 07.09.2021

қол ұстасып

ҚР Заңымен жекелеген адамдар үшін арнайы әлеуметтік қызметтер тобы көзделген. Осы мақалада біз арнайы әлеуметтік қызметтер дегеніміз не, қандай азаматтар әлеуметтік арнайы қызметтерді алуға құқылы және арнайы әлеуметтік қызметтер қандай түрлерге бөлінеді деген сұрақтарға жауап беретін боламыз.

Арнаулы әлеуметтік қызметтер – қиын өмірлік жағдайда болатын адамдарға қызметтер кешенін қамтамасыз етеді, туындаған әлеуметтік мәселелерді жою үшін және қоғам өміріне қатысудың басқа азаматтармен тең мүмкіндіктерін құруға бағытталған шарттарды тудырады.

Арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсыну саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі міндеттері: 

  • ол туындаған жағдайда қиын өмірлік жағдайларды болдырмау үшін шарттар тудыру;
  • арнайы әлеуметтік қызметтердің кепілдендірілген көлемін қамтамасыз ету;
  • арнайы әлеуметтік қызметтерді көрсету стандарттарын сақтауды қамтамасыз ету;
  • көрсетілетін арнайы әлеуметтік қызметтердің сапасын бағалау және мониторинг жүйесін дамыту;
  • арнайы әлеуметтік қызметтерді көрсету жүйесін дамытуды қамтамасыз ету;
  • арнайы әлеуметтік қызметтер туралы ҚР заңнамасын сақтауға мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
  • арнайы әлеуметтік қызметтерді көрсету саласындағы халықаралық әріптестікті дамыту.

Арнайы әлеуметтік қызметтердің түрлері

Арнаулы әлеуметтік қызметтер екі түрге  бөлінеді, бұл арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдендірілген көлемі және ақылы арнаулы әлеуметтік қызметтер.

Арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдендірілген көлемі бюджеттік қаржы есебінен ұсынылатын арнаулы әлеуметтік қызметтердің бірыңғай тізбесі болып табылады. Арнаулы әлеметтік қызметтер тізбесі мыналарды қамтиды:   

  • әлеуметтік- тұрмыстық;
  • әлеуметтік медициналық;
  • әлеуметтік-психологиялық;
  • әлеуметтік-педагогикалық;
  • әлеуметтік-еңбек;
  • әлеуметтік-мәдени;
  • әлеуметтік-экономикалық;
  • әлеуметтік-құқықтық қызметтер.

Ақылы арнаулы әлеуметтік қызметтер арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдендірілген көлемінен жоғары ақылы негізде ұсынылады.

Арнаулы әлеуметтік қызметтер ақпараттық, кеңестік, делдалдық қызметтер түріндегі жалпы сипаттағы қызметтерді ұсынуды қамтуы мүмкін.

Арнайы әлеуметтік қызметтерді алу үшін негіз

Адам (отбасы) келесі негіздер бойынша қиын өмірлік жағдайда болған деп танылуы мүмкін:  

  1. Жетімдік.
  2. Ата-ананың қамқорлығынсыз қалу.
  3. Кәмелетке толмағандардың қадағалаусыз қалуы, оның ішінде девианттық мінез-құлық.
  4. Кәмелетке толмағандардың ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарында болуы.
  5. Үш жасқа дейінгі балалардың туғаннан бастапқы психофизикалық дамуы мүмкіндіктерінің шектелуі.
  6. Дене және (немесе) ақыл-ой мүмкіндіктеріне байланысты организм функцияларының тұрақты бұзылуы.
  7. Әлеуметтік мәні бар аурулардың және айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулардың салдарынан тыныс-тіршілігінің шектелуі.
  8. Жасының егде тартуына байланысты, ауруы және (немесе) мүгедектігі салдарынан өзіне-өзі күтім жасай алмауы.
  9. Әлеуметтік бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға әкеп соқтырған қатыгездік. 
  10.  Баспанасыздық (белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдар). 
  11.  Бас бостандығынан айыру орындарынан боса. 
  12.   Пробация қызметінің есебінде болу.
Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.