Telegram-бот арқылы қызметтер алу Баспаға шығару нұсқасы

Cоңғы өзгеріс: 01.07.2019

2015 жылы Telegram-да боттарды жасауға арналған платформа пайда болғаннан бері мессенджер түрлі онлайн-қызметтерді алу үшін ыңғайлы арнаға айналды. Көптеген әзірлеушілер чат-боттар түрінде әр-түрлі қосымшалар және сервистердің аналогтарын жасай бастады, олармен өзара іс-қимыл чат режимінде алдын ала белгілі бір командалар көмегімен жүзеге асырылады.

Біз де шетте қалмай 2018 жылғы мамыр айында @EgovKzBot – электрондық үкімет порталы ботының бірінші нұсқасын іске қостық. Бүгінгі күні бот арқылы келесі қызметтер мен сервистерді алу қол жетімді:

  1. Мекенжай анықтамасы;
  2. Жеке тұлғаның басқа заңды тұлғаларға қатысуы туралы анықтама;
  3. Соттылықтың болуы немесе болмауы туралы анықтамалар;
  4. Жылжымайтын мүліктің болуы немесе болмауы туралы анықтамалар;
  5. Жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) туралы анықтама;
  6. Базалық зейнетақы төлемінің мөлшері туралы ақпарат алу;
  7. Әлеуметтік мәртебені тексеру;
  8. Емханаға тіркеу (өзіңізді және балаларыңызды);
  9. Дәрігер қабылдауына жазылу;
  10. Дәрігерді үйге шақыру.
  11. «Азаматтарға арналған үкімет» МК» КЕАҚ Халыққа қызмет көрсету орталықтарына кезекті брондау;
  12. Тіркелген заңды тұлға, филиал немесе өкілдік туралы анықтама алу;
  13. Заңды тұлғаның филиалдары мен өкілдіктерінің бар екендігі туралы анықтама алу;
  14. Баланың тууын проактивті түрде тіркеу;
  15. Ең жақын ХҚКО іздеу;
  16. Жұмыс/маман іздеу;
  17. Наркологиялық диспансерден анықтама;
  18. Психоневрологиялық диспансерден анықтама;
  19. Туберкулез диспансерінен ұйымнан анықтама;
  20. БЖЗҚ салымшысы қаражатының келіп түсуі мен қозғалысы туралы ақпарат;
  21. БЖЗҚ салымшысының (алушының) зейнетақы жинақтарының (инвестициялық кірісті ескере отырып) жай-күйі туралы ақпарат;
  22. Шетелге шығу шектелген борышкерлер тізілімі және атқарушылық іс жүргізу бойынша борышкерлер тізілімі бойынша шетелге шығуға тыйым салудың болуын тексеру;
  23. Тұлғаның әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны туралы мәлімет алу;
  24. Мекенжай бойынша тіркелген адамдар туралы мекенжай анықтамасын беру;
  25. Балабақшаға кезек нөмірін қарау.

Ботпен жұмыс істеуді бастау үшін eGov.kz-те тіркелген болып және порталдың профиліне өзінің телефон нөмірін байлау қажет. Телефонды тіркеу және байлау қатаң түрде ЭЦҚ-ны пайдалана отырып жүзеге асырылады, және де егер сізде ол жоқ болса, онда «Порталда алғашқы рет» бөлімінде ЭЦҚ-ны алу рәсімі туралы ақпаратпен танысып алыңыз.

Телефон нөмірін байлау немесе «мобильді азаматтар базасында тіркелу» (МАБ) порталда бастапқы тіркелу кезінде, сондай-ақ, eGov.kz Жеке Кабинеттегі баптау арқылы жасалады. Ол SMS-код арқылы растауды және пайдаланушының ЭЦҚ-мен қол қоюды талап етеді.

Telegram мессенджерін сіздің телефон нөміріңіз байлаулы смартфонға орнатып @EgovKzBot атауы бойынша іздеу арқылы ботты табу қажет. Ботты іске қосу үшін «Старт» командасын басу және мәзір арқылы телефон нөмірін жіберу қажет.

Маңызды сәтті айта кетейік: егер сіз ботты бастапқы іске қосуды мессенджердің басқа платформалары арқылы жасасаңыз, онда ол жұмыс істемейді. Яғни, ботты веб-, десктоп- нұсқасы арқылы немесе планшетте іске қосу әрекеті кезінде қызметтер қол жетімсіз болады. Оны тек қана сіздің телефон нөміріңіз байлаулы смартфонда іске қосу қажет. Осыдан кейін, бот барлық платформаларда жұмыс істей бастайды.

Қызметтерге көрсетілген команда-батырмаларының көмегімен бастағаннан кейін бірден сұратым жіберуге болады.

Қажетті қызметті, оның параметрлерін таңдап сұратымды қабылданған SMS-код арқылы растаңыз.

Мәртебесін тексерген соң, сұратым дайын болған жағдайда, оны жүктеп алуға не қалаған электрондық пошта мекенжайына жіберуге болады.

Telegram-бот арқылы қазметтерді алудың жалпы үдерісі осындай, өте оңай, жылдам және ыңғайлы. Бот арқылы қолжетімді қызметтер саны бірте-бірте кеңейеді.

Ескертпелер:

  • SMS-кодты алуға қатысты қиындықтар туындаған жағдайда 1414 телефоны арқылы Бірыңғай байланыс-орталығымен хабарласып консультантқа телефон нөмірін, ұялы байланыс операторының атауын және телефон нөмірі бір оператордан басқа операторға ауыстырылғаны туралы мәліметтерді хабарлау қажет. 
  • Telegram-ботта жаңа қызметтердің пайда болуын анонстаудан кейін оларды қолдану үшін боттың өзін қайта іске қосуды қажет ететін жағдайлар болады. Бұл мәзірдің «Тарихты тазарту» тармағын таңдау және  содан кейін «Старт» батырмасын басу арқылы жасалады.
Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.