Айдар парағына өту

Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтаманы қалай алуға болады Баспаға шығару нұсқасы

Cоңғы өзгеріс: 02.10.2023

күн бату аясындағы отбасы

Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтама беру "Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтама беру" мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

Көрсетілетін қызметті Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі порталға құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап – 30 минут.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – қорғаншылық және қамқоршылық туралы анықтама.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны – электрондық.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) қол қойылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.

Көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ қойылған немесе ұялы байланыс операторы берген көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірін тіркеген және порталдың есептік жазбасына қосқан жағдайда бір реттік парольмен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш.

Порталда электрондық сұратымды қабылдау көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" жүзеге асырылады.

Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді, баланың туу туралы куәлігін (бала 2007 жылғы 13 тамыздан кейін туылған жағдайда) көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.

Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе, сондай-ақ хабарлама көрсетіледі.

Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:

  1. Министрліктің интернет - ресурсында: www.gov.kz/memleket/entities/edu;
  2. порталда: www.egov.kz.

Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.

Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті", сондай - ақ Бірыңғай байланыс орталығы 1414, +7 7172 906 984 арқылы алады.

Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары www.gov.kz/memleket/entities/edu Министрліктің интернет-ресурсында орналастырылған.

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.