Айдар парағына өту

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындарына түсу Баспаға шығару нұсқасы

Cоңғы өзгеріс: 01.03.2021

Қазақстан Республикасының азаматы келесі жағдайларда ҚР Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орнына түсуге құқылы: 

  1. Егер ол әскери қызметін өткермесе, оқуға түсетін жылы 17 жасқа толған, бірақ 22 жастан аспаған болса;
  2. Егер ол әскери қызмет өткерсе және оқуға түсетін жылы 24 жасқа толса;
  3. Егер ол 25 жасқа толғанға дейін келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеріп жатса.

Оқуға түсуге үміткер 30 сәуірге дейін жергілікті әскери басқару органына (әскери комиссариатқа) өзімен бірге жеке куәлігі мен тіркеу куәлігі бар өтінішпен жүгінуі қажет.

Әскери комиссариатта медициналық тексеруден өту

Жергілікті әскери басқару органы (әскери комиссариат) медициналық куәландыру, яғни медициналық тексеру жүргізуді ұйымдастырады. Қажетті анықтамалар мен құжаттардың күні, тізбесі кандидаттың өтініш берген жері бойынша нақтыланады.

Медициналық тексеруден өту үшін келесі қажет: жеке куәлік, тіркеу куәлігі, наркологиялық диспансерден анықтама, психоневрологиялық диспансерден анықтама, туберкулезге қарсы диспансерден анықтама. Қалған қажетті құжаттар бойынша жергілікті әскери басқару органынан нақтылау қажет.

ҰБТ тапсыру

ҰБТ, ТКТ сертификаты (Әскери колледжге түсушілерден басқа) тестілеу нәтижелері 50 балдан кем емес болуы керек, оның ішінде математикалық сауаттылық немесе математика бойынша 7 балдан кем емес және қалған пәндер бойынша 4 балдан кем емес жинауы қажет.

Әскери колледжге түсушілер үшін үлгерімнің орташа баллы 3.0 кем емес немесе GPA 2 кем емес білімі туралы құжатының бар болуы қажет.

Әскери ЖОО-да медициналық куәландырудан өту

Әскери оқу орны медициналық куәландыруды өткізуді ұйымдастырады, ол әскери комиссариатта өтетін рәсімге ұқсас.

Кәсіби және психологиялық іріктеу

Кәсіби және психологиялық іріктеу үміткердің Қарулы күштер қатарында қызмет етуге және ҚР Қорғаныс министрлігінің әскери жоғары оқу орындарында оқуға психологиялық дайындық деңгейін анықтайтын тестілеу болып табылады.

Денелік дайындығын тексеру

Денелік дайындығын тексеру кандидаттардың дене шынықтыру дайындығы бойынша үш нормативтерді тапсыруын қамтиды: кермеде тартылу, 3000 метрге жүгіру, 100 метрге жүгіру.

Конкурстық іріктеу және қабылдау

Барлық іріктеу тестілерінің қорытындысы бойынша әскери ЖОО-ға түсу үшін соңғы үміткерлер анықталады. Қабылдау мандаттық комиссиядан кейін өткізіледі, онда кандидатқа нәтиже жарияланады.

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.