Айдар парағына өту

Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының (бұдан әрі – ЖЖОКБҰ) жанындағы әскери кафедра, студенттерді іріктеу және қабылдау Баспаға шығару нұсқасы

Cоңғы өзгеріс: 04.03.2022

әскери студенттер

Азаматтарды запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша әскери қызметке әскери даярлау Қазақстан Республикасының әскери оқытылған резервін қалыптастыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері офицерлер құрамының бастапқы лауазымдарын қосымша жасақтау мақсатында алатын жоғары кәсіптік білім негізінде әскери-есептік мамандықтар бойынша жүзеге асырылады.

Запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша әскери дайындық мемлекеттік білім тапсырысы және ақылы негіздерде жүзеге асырылады, ақылы негізде оқыту құны мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқыту құнынан аспайды. 

Запастағы сержанттар бағдарламасы бойынша әскери дайындық ақылы негізде жүзеге асырылады, оқыту құны запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша әскери дайындыққа мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша бөлінген оқыту құнынан аспайды.

Мемлекеттік тапсырыс бойынша тегін негізде оқуға конкурс шарттарынан өткен әскери кафедралары бар ЖЖООКБ студенттері, ал ақылы негізде оқу үшін конкурс шарттарынан өткен, әскери кафедраға бөлінген орындар санына сәйкес комиссия ұсыным берген студенттер жіберіледі.  Оқу үшін әскери кафедраға қабылданған студенттер әскерге шақыру бойынша әскери қызметке ықтимал кандидаттар болып табылады. 

Әскери кафедрада оқыту үшін студенттерді іріктеуді жыл сайын іріктеу комиссиясы конкурс негізінде қабылдау жоспарына сәйкес жүргізеді.

 Әскери кафедраның құжаттарды қабылдауы іріктеу комиссиясының жұмысы басталғанға дейін 10 жұмыс күні бұрын аяқталады.

 Әскери кафедраның құжаттарды қабылдауы іріктеу комиссиясының жұмысы басталғанға дейін 10 жұмыс күні бұрын аяқталады.

Әскери кафедрада оқыту үшін студенттерді іріктеуге конкурс төрт кезеңде жүзеге асырылады:

бірінші кезең - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № 716 бұйрығымен бекітілген Әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу қағидаларына және ҚР ҚК Әскери-дәрігерлік сараптама органдары туралы ережеге  (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21869 болып тіркелген) сәйкес медициналық куәландырудан өту;

екінші кезең – кәсіби-психологиялық тестілеу жүргізу;

үшінші кезең – дене шынықтыру дайындығын тексеру; 

төртінші кезең – ЖЖООКБ басшысы жасайтын және бекітетін рейтингілік балл есебіне сәйкес жүзеге асырылатын конкурстық іріктеу.

 Конкурстың әрбір кезеңінен бір рет өтуге жол беріледі.

Запастағы офицерлерді даярлау бағдарламасы бойынша оқу үшін құжаттар бірінші (4 жылдық оқумен) және екінші (5 жылдық оқумен) курс студенттерінен қабылданады.

Запастағы сержанттарды даярлау бағдарламасы бойынша оқу үшін құжаттар бірінші, екінші (4 жылдық оқумен) және бірінші, екінші, үшінші (5 жылдық оқумен) курс студенттерінен қабылданады.

Әскери кафедрада оқу үшін конкурсқа қатысуға ниет білдірген студент келесі құжаттарды ұсынады:

  1. Өтініш;
  2. Жеке куәлік (түпнұсқасы және көшірмесі).
  3. Тіркеу куәлігі немесе әскери билет (түпнұсқа және көшірме).
  4. Көлемі 3х4 см 2 фотосурет.
  5. Соттылығының болуы не болмауы туралы анықтама
  6.  Спорттық жетістіктерді (бар болған кезде) растайтын құжат.
  7.  Студенттің ЖЖООКБ-да нақты оқитыны туралы факультет деканы қол қойған анықтама

Студенттердің әскери даярлығы әскери кафедра оқытушысының басшылығымен «әскери күн» әдісімен ұйымдастырылады және жүзеге асырылады. Оқу сабақтарының ұзақтығы оқу-жаттығу жиынында (кәсіби практикада) болған күндерден басқа, күніне 6 академиялық сағатты құрайды.  Өзіндік жұмыс ұзақтығы 2 академиялық сағатты құрайды.  ЖЖООКБ-дағы және оқу-жаттығу жиынындағы (кәсіби практикадағы) бір академиялық сағат 50 минутты құрайды.

Әскери дайындық бойынша оқу жылының басталуы және аяқталуы ЖЖООКБ-ның күнтізбелік оқу жоспары негізінде айқындалады.

Жаңа академиялық кезең басталғанға дейін оқудағы берешекті жоймаған студент әскери дайындықтан шеттетілуі тиіс

Әскери даярлық ЖОО-да оқуды аяқтағанға дейін бір жыл бұрын оқу-жаттығу жиынымен (кәсіптік практикамен) аяқталады.

Оқу-жаттығу жиынына (кәсіби практикаға) ағымдағы үлгерім және оқуға төлем бойынша берешектері жоқ оқу орны бойынша оң мінездеме берілген студенттер жіберіледі.

Оқу-жаттығу жиынынан (кәсіби практикадан) өту кезеңінде жүйелі түрде тәртіпті бұзатын, одан өтуден жалтарған студенттер әскери кафедра бастығының ұсынысы бойынша ЖЖООКБ басшысының бұйрығымен әскери дайындықтан өтуден шеттетіледі.

Жаңа академиялық кезең басталғанға дейін оқу берешегін жоймаған студент әскери дайындықтан шеттетіледі.

  1.  үлгермеушілігі бойынша;
  2. ЖЖООКБ басшысы бекітетін ішкі тәртіпті бұзғаны үшін;
  3. Науқастану, отбасы және қызметтік жағдайлар бойынша қатыспауды (ЖЖООКБ басшысының бұйрығымен расталатын) қоспағанда, академиялық кезең ішінде 12 сағат оқу сабақтарына қатыспағаны үшін;
  4. Өз қалауы бойынша; 
  5. денсаулық жағдайы бойынша; 
  6.  оқу орнынан шығарылуына байланысты;     
  7.  оқуға төлемегені (ақылы негізде оқыған жағдайда) үшін.

Осы қағидалардың 74-тармағының 1) – 6) тармақшалары бойынша шеттетілген студенттер әскери дайындыққа қайта қабылданбайды.  Осы қағидалардың 74-тармағының 7) тармақшасына сәйкес шеттетілгендер шеттету туралы бұйрық шығарылған сәттен бастап бір ай ішінде ақылы негізде оқу үшін төлем жасаған кезде одан әрі әскери дайындыққа жіберіледі.

Запастағы офицерлер мен запастағы сержанттардың бағдарламалары бойынша әскери даярлықтың толық курсын бітірген азаматтарға тиісінше әскери қызмет өткеру қағидаларында айқындалған тәртіппен «запастағы лейтенант» немесе «запастағы кіші сержант» әскери атағы беріледі

ҚР ЖОО ЖАНЫНДАҒЫ ӘСКЕРИ КАФЕДРАЛАР

 

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.