Айдар парағына өту

Қазақстан қалалары бойынша Wi-Fi рұқсат нүктелері Баспаға шығару нұсқасы

Cоңғы өзгеріс: 08.09.2021

wi-fi

Интернет бұрыннан бір рұқсат нүктесіне қатты байланған болуды қойды. Бұрын сымсыз ешқайда қосылуға мүмкіндік болмаған, ал қазір технологиялардың дамуы арқасында кез келген мобильді гаджеттен желіге шығуға болады. Деректер табыстаудың көптеген протоколдары бар, бірақ олардың ең танымалы Wi-Fi.

Wi-Fi технологиясы шағын қашықтықтарда жүмыс істеуге және жылдамдығы өте үлкен қолжетімділік үшін арналған. Wi-Fi протоколының атауы - "сымсыз дәлдік" дегенді білдіретін Wireless Fidelity ағылшын сөз тіркесінің аббревиатурасы.  

Wi-Fi желісі рұқсат нүктелерінен қалыптасады. Әрбір нүкте айналасында 50-100 метр радиусы бар аумақ пайда болады, ол хот спот немесе Wi-Fi аймағы деп аталады. Дүниежүзілік желіге кіру үшін пайдаланушы кез келген нүктенің әрекет ету радиусына кіру жеткілікті, ал интернетті баптау автоматты түрде жасалады. Бірақ, егер Wi-Fi рұқсат нүктесі парольмен қорғалған болса, онда интернетке шығу үшін адам оны білуі тиіс.

Қазіргі уақытта Wi-Fi аймақтарымен қамтылып жатқан кеңістіктер саны ұлғаюда, оның ішінде оқу орындары мен кафелер, қонақ үйлер мен саябақтар, вокзалдар мен әуежайлар. Адамға интернет арқылы сөйлесуге болатын мобильді девайс және досы жеткілікті.

Қазақтелеком

Wi-fiMAP жобасы Қазақстан қалалары бойынша Wi-Fi рұқсат нүктелерін іздеуде пайдаланушыларға көмек көрсету үшін "Қазақтелеком" АҚ тапсырысы бойынша құрылды.  

Нүктелерді қалай іздеу керек

Қажетті Wi-Fi рұқсат нүктелерін табу үшін тізімнен қалаңызды таңдау қажет.

Сіз қаланы таңдаған соң, таңдалған қаланың картасы және Wi-Fi рұқсат нүктелерінің тізімі жүктеледі. 

Сіз қалаған нүктені бірнеше жолмен таба аласыз:

  1. Wi-Fi нүктелері иконкамен белгіленген картаға қарап отырып.  Иконканы басқан кезде осы нүктенің сипаттамасы бар терезе ашылады.
  2. Рейтинг немесе мекенжай бойынша нүктелер тізімінен таңдау жасауға болады. 

Сізге қажетті нүктенің атауын басу қажет, содан кейін карта автоматты түрде схемадағы осы нүктеге ауысады. 

  1. Сондай-ақ нүктелерді таңдау типі бойынша және орналасқан жері бойынша болуы мүмкін. Бұл ретте сол бағандағы нүктелердің тізімі таңдауға байланысты өзгереді.
  2. Іздеуді мекенжай бойынша орнатуға болады.

 

Дерекөз: wifimap.kz

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.