OTP арқылы қызметтерді алу Баспаға шығару нұсқасы

Cоңғы өзгеріс: 26.05.2020

OTP (one time password) арқылы қызметтерді алу – ЭЦҚ қолданбай, бір реттік пароль арқылы қызметтерді алу. OTP арқылы қол қоюды таңдаған кезде, көрсетілетін қызметті алушыға порталдың жеке кабинетінде көрсетілген мобильді нөмірге қызметті алу кезінде енгізу қажет бір реттік парольмен СМС келіп түседі.

  1. Жеке тұлғаның жылжымайтын мүлiктiң болмауы (болуы) туралы анықтама беру;
  2. Жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтарды) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтама беру;
  3. Жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар және тоқтатылған құқықтар туралы анықтамалар беру.
  4. Жылжымайтын мүлiк объектiлерiнiң техникалық паспортын алуға электрондық өтінішті беру.
  5. Жылжымайтын мүлiк объектілеріне техникалық паспорттың телнұсқасын алуға электрондық өтінішті беру.
  6. Жылжымайтын мүлiк объектiлерi жоспарын (схемасын) қоса алғанда, тiркеу iсi құжаттарының көшiрмелерiн беру.
  7. Жылжымайтын мүліктің меншік иесі (құқық иесі) туралы мәліметті қамтитын техникалық паспортқа қосымша беру.
  8. Жылжымайтын мүлікке құқық белгiлейтiн құжаттың телнұсқасын алу.
  9. Жылжымалы мүлік кепілінің тізілімінен үзінді беру.
  10. Заңды тұлғаларды тіркеу (қайта тіркеу) туралы, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама беру
  11. Тіркелген заңды тұлға, филиал немесе өкілдік туралы анықтама беру.
  12. Заңды тұлғаның филиалдары мен өкілдіктерінің бар екендігі туралы анықтама беру.
  13. Заңды тұлғаның басқа заңды тұлғаларға қатысуы туралы анықтама беру 
  14. Жеке тұлғаның заңды тұлғаларға, филиалдар мен өкілдіктерге қатысуы туралы анықтама алу 
  15. Заңды тұлғаның барлық тіркеу әрекеттері туралы анықтама алу 
  16. Көрсетілген мерзімге заңды тұлғаның тіркелгені туралы анықтама беру 
  17. Құрылтай құжаттарына соңғы толықтырулар мен өзгерістердің енгізілгені туралы анықтама беру
  18. Заңды тұлғаның үлесіне салынған ауыртпалықтар (тыйым салу) туралы анықтама беру
  19. Некеге тұру туралы куәлікті қайталап алуға өтініш беру
  20. Әкелік құқықты бекіту туралы куәлікті қайталап алуға өтініш алу
  21. Атын, тегін, әкесінің атын өзгерту туралы куәлікті қайталап алуға өтініш беру
  22. Ұлды/қызды асырап алу туралы куәлікті қайталап алуға өтініш беру
  23. Некені бұзу туралы куәлікті қайталап алуға өтініш беру
  24. Туу туралы куәлікті қайталап алуға өтініш алу
  25. Аты, тегі, әкесінің атының ауысқаны туралы анықтама алу
  26. Некенің бұзылғаны туралы анықтама алу
  27. Некеге тұру туралы анықтама беру
  28. Туу туралы анықтама алу
  29. Еңбекші көшіп келушіге рұқсаттар беру және ұзарту.
  30. Жылжымалы мүліктің кепілін тіркеу
  31. Бала тууды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу
  32. Некенің бұзылуы туралы тіркеуге электронды өтініш беру
  33. Тегін, атын, әкесінің атын өзгертуді тіркеуге арналған электрондық өтініш беру
  34. Құрылатын заңды тұлғаның атауы тіркелген шаруашылық субъектінің атауымен сәйкес келуі туралы анықтамасын алу
  35. Заңды тұлғаны әрекетсіз заңды тұлға деп немесе оның қатысушыларын әрекетсіз заңды тұлғаларға қатысы бар деп тану туралы анықтама беру
  36. Некені тіркеуге электрондық өтініш беру
  37. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқық статистика және арнаулы есепке алу ко-митеті және оның аумақтық бас-қармалары шегінде мұрағат анық-тамаларын және/немесе мұрағат құжаттарының көшірмесін беру
  38. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есептері бойынша тұлғаның әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны туралы мәлімет беру
  39. Мемлекеттік мүлікті жалға алушылармен (сенімгерлік басқарушылармен) жасалған жалдау (сенімгерлік басқару) шарттары бойынша оларға мемлекеттік мүлік тізілімінен шарт бойынша есептеулер, өсімпұл мен мемлекеттік бюджетке түскен төлемдер туралы мәліметтерді қамтитын анықтама беру
  40. Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру
  41. Наркологиялық ұйымнан анықтама беру
  42. Туберкулезге қарсы ұйымнан анықтама беру
  43. Атаулы әлеуметтік көмек алушыларға өтініш берушінің (отбасының) тиесілігін растайтын анықтама алу
  44. Қазақстан Республикасының халқын тұрғылықты жері бойынша тіркеу
  45. Қазақстан Республикасының халқын тұрғылықты жері бойынша уақытша тіркеу
  46. 16 жасқа дейінгі балаларды тұрғылықты жері бойынша тіркеу
  47. Қазақстан Республикасының халқын тұрғылықты жері бойынша тіркеу есебінен шығару
  48. Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділер беру
  49. Зейнетақы аударымдары туралы анықтама алу
  50. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшысының (алушысының) зейнетақы жинақтарының (инвестициялық кірістерін ескере отырып) жай-күйі туралы ақпарат беру
  51. Есебі мемлекеттік кірістер органында жүргізілетін берешектің жоқ (бар) екендігі туралы мәлiметтердi беру
  52. Негізгі орта, жалпы орта беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат алу
  53. Үшінші тұлғалардың анықтамаларды алу сервисі
  54. Жеке істі сұрату
  55. Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшерін есептеу бойынша анықтама
  56. Қамқоршыларға немесе қорғаншыларға жетім баланы және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап-бағуға жәрдемақы тағайындау
  57. Баланы (балаларды) патронаттық тәрбиелеуге беру және патронат тәрбиешiлерге берiлген баланы (балаларды) асырап-бағуға ақшалай қаражат төлеуді тағайындау.

  58. Шекара маңындағы аумақтың елді мекенінде тұрақты тұратын жері бойынша тіркелуін растайтын мәліметтерді беру

  59. Әскерге шақырылғандарға шақыру учаскелеріне тіркеу туралы куәліктер және куәліктердің телнұсқаларын беру

  60. Запастағы офицерлерге, сержанттарға, сарбаздарға әскери билеттер (әскери билеттердің орнына уақытша куәліктер) немесе олардың телнұсқаларын беру

  61. Ұлы Отан соғысына қатысушыларға куәліктер беру

  62. Азаматтың әскери қызметке қатыстылығы туралы анықтамалар беру

  63. Азаматтарды әскери-техникалық және басқа да әскери мамандықтар бойынша даярлау туралы

  64. Қайтыс болуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу

  65. Азаматтық хал актілерінің жазбаларын қалпына келтіру

  66. Әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке қою және одан шығару

  67. Азаматтық хал актілері жазбаларын жою

  68. Қазақстан Республикасына уақытша келетін шетелдіктерге жеке сәйкестендіру нөмірлерін қалыптастыру

  69. Білім беру ұйымдарында балаларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету үшін құжаттар қабылдау

  70. Бала кезінен бірінші топтағы мүгедектің күтіміне байланысты жәрдемақы тағайындау

  71. Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды тіркеу

  72. Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымнан анықтама беру

  73. Стационарлық науқастың медициналық картасынан үзінді көшірме беру

  74. Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыға әлеуметтік аударымдардың жағдайы және қозғалысы туралы ақпарат беру

  75. Мүгедектікті және/немесе еңбек ету қабілетінен айрылу дәрежесін белгілеу және/немесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау

  76. Қызметтік тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілерін есепке қою

  77. Жұмыссыз ретінде тіркелгендігі туралы анықтама беру

  78. «Болашақ» халықаралық стипендиясының стипендиаты ретінде оқуға баратындар үшін кепілдік хатын беру

  79. «Болашақ» халықаралық стипендиясы стипендиаттарына аванс беру

  80. Білім беру саласындағы халықаралық шарттар шеңберінде шетелде оқу конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау

  81. Орта, оның ішінде республикалық маңызы бар мемлекеттік білім беру мекемелерінің басшыларын алмастыру конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау

  82. Білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру

  83. Білім алушыларды білім беру ұйымдарының үлгілері бойынша ауыстыру және қайта қабылдау

  84. Автокөлік құралын және (немесе) оның тіркемелерін қайта жабдықтауға куәліктер беру

  85. Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау

  86. Жер учаскесінің сапалы жағдайы туралы мәліметтер беру

  87. Мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің графикалық дерегімен жобаланып отырған жер учаскесін келісу

  88. Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне кандидат, 1-разрядты спортшы cпорттық разрядтарын және біліктiлiгi жоғары деңгейдегi бірiншi санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi орта деңгейдегi бірiншi санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi бірiншi санатты әдiскер, біліктiлiгi орта деңгейдегi бірiншi санатты әдiскер, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi бірiншi санатты нұсқаушы-спортшы, бірiншi санатты спорт төрешiсi біліктілік санаттарын беру

  89. 2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-жасөспірімдік-разрядты спортшы 2-жасөспірімдік-разрядты спортшы, 3-жасөспірімдік-разрядты спортшы спорттық разрядтарын және біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, біліктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты нұсқаушы-спортшы, спорт төрешiсi біліктілік санаттарын беру

  90. Спорт мектептеріне және спорт мектептерінің бөлімшелеріне "мамандандырылған" деген мәртебе беру

  91. Спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) мүшелеріне олардың халықаралық спорттық жарыстарда жарақаттар алуы және мертігуі кезінде өтемақы төлемдерін төлеу

  92. ҚР ІІМ Арнайы мемлекеттік мұрағатынан мұрағаттық анықтамалар мен мұрағаттық құжаттардың көшірмелерін алу

  93. Көлік құралдары үшін мемлекеттік тіркеу нөмірі белгісінің телнұсқасын беру

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.