Қызметті онлайн алу
- Порталда авторизациядан өтіп "Онлайн сұрау" батырмасын басыңыз.
- Өтінімді толтырып оған ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) немесе смс-паролінің көмегімен қол қойыңыз (міндетті түрде мобильдік азаматтар базасында тіркеу бар болу қажет).Тұрғын үйдің иесінен ЭЦҚ-мен расталған келісімін алу қажет. (егер өтініш беруші тұрғын үйдің иесі болмаса).Тұрғын үйдің ортақ иелерінен ЭЦҚ-мен расталған келісімін алу қажет. (егер өтініш беруші тұрғын үйдің жалғыз иесі болмаса).
- Жеке кабинетте («Қызметтерді алу тарихы» бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысыңыз.
Белгіленген мерзімде келісу болмаған жағдайда өтінім автоматты түрде қабылданбайды.
14 жасқа дейінгі балалар тұрғылықты жері бойынша тіркеуге жатпайды.
«Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 3) тармақшасына сәйкес елорда аумағында тіркелген бір тұрғын үйге тиесілі нормативті қабылдауға қатысты «Астана қаласының аумағында тұрғылықты жері және уақытша болу (тұру) орны бойынша тіркеу нормативін бекіту туралы» Астана қаласы мәслихатының 2025 жылғы 26 желтоқсандағы № 368/48-VIII шешімін қабылдады.
Астана қаласының аумағында тұрақты және уақытша тұру (болу) орны бойынша тіркеу нормативі бір адамға кемінде 15 (он бес) шаршы метр мөлшерінде пайдалы тұрғын алаңы тиесілі болып белгіленді.
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің міндетін атқарушының 2024 жылғы 9 қыркүйектегі № 677 бұйрығының 4-тармағына сәйкес, тұрғынжай меншік иесінің жұбайын (зайыбын), жекжаттарын, жақын туыстарын, олардың жұбайлары (зайыптары) мен балаларын, өзінің қамқорлығындағы немесе қамқоршылығындағы адамдарды, сондай-ақ астанада күндізгі оқу нысаны бойынша оқитын студенттерді тіркейтін жағдайларды қоспағанда, осы тұрғынжайда тіркелген, жоғарыда аталған санаттарға жатпайтын адамдар болмаған жағдайда, астананың аумағында белгіленген нормативтерден асырып тіркеуге жол берілмейді.
Қызметті онлайн қалай алуға болатыны туралы бейнероликті қараңыз (егер сіз меншік иесі болсаңыз)
Қызметті онлайн қалай алуға болатыны туралы бейнероликті қараңыз (егер сіз меншік иесі болмасаңыз)
Қызмет көрсету нәтижесі
Тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркеу мекенжайы туралы мәліметтерді «Халықты құжаттандыру және тіркеу» тіркеу пункті» ақпараттық жүйесіне (ХҚТ ТП АЖ) енгізуі немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тартуы туралы жауап.



