Қызметті онлайн алу ("электрондық лицензиялау" www.elicense.kz порталында)
- Осы бетте "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз, одан кейін жаңа терезеде "электрондық лицензиялау" порталы ашылады.
- Жүйеге кіріңіз немесе "электрондық лицензиялау" порталында тіркеліңіз.
- Қызмет паспортында құжаттар топтамасымен танысып "Қызметке онлайн тапсырыс беру" батырмасын басыңыз немесе қажетті қызметтің кіші түрін таңдап "Әрі қарай" батырмасын басыңыз.
- Қажетті мәліметтерді көрсетіп, өтінішті толтырып, ЭЦҚ-мен қол қойыңыз.
- Берілген өтініш мәртебесін "Менің өтініштерім" тарауынан қадағалауға болады. Рұқсатты алу туралы "Менің рұқсат құжаттарым" тарауынан, хабарлама алу туралы - "Менің хабарламаларым" тарауынан біле аласыз.
Қызметті мемлекеттік органнан қалай алуға болады (қажетті құжаттар):
Лицензияны беру үшін:
- Белгіленген нысандағы жеке тұлғаның лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға арналған өтiнiші.
- Белгіленген нысандағы заңды тұлғаның лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға арналған өтiнiші.
- Өкілдің жеке басын куәландыратын құжат және (немесе) өкілеттігін растайтын құжат (сәйкестендіру үшін).
- Ветеринария саласындағы қызметпен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі.
- Ветеринариялық мақсаттағы препараттарды өндіру бойынша ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыру үшін мәліметтер нысаны.
- Ветеринария саласындағы жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттарға ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған мәліметтер нысаны.
Заңды тұлға-лицензиатты бөліп шығару және бөлу нысандарында қайта ұйымдастыру жағдайларын қоспағанда, көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін
- Жеке тұлғаның лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға арналған өтiнiші.
- Заңды тұлғаның лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға арналған өтiнiші.
- Өкілдің жеке басын куәландыратын құжат және (немесе) өкілеттігін растайтын құжат (сәйкестендіру үшін).
- Лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі (лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу кезінде талап етілмейді).
- Ақпараты мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған құжаттарды қоспағанда, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін негіз болған өзгерістер туралы ақпаратты қамтитын құжаттардың көшірмелері.
Заңды тұлға-лицензиат бөлініп шығу және бөліну нысандарында қайта ұйымдастырылған кезде, көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін
- Өтініш.
- Өкілдің жеке басын куәландыратын құжат және (немесе) өкілеттігін растайтын құжат (сәйкестендіру үшін).
- Лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі (лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу кезінде талап етілмейді).
- Ақпараты мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған құжаттарды қоспағанда, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін негіз болған өзгерістер туралы ақпаратты қамтитын құжаттардың көшірмелері.
- Заңды тұлға-лицензиатты бөліп шығару нысанында қайта ұйымдастыру кезінде бөлініп шыққан заңды тұлғаға лицензияны қайта ресімдеу жүргізілген заңды тұлғаның келісімі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ресімделген шешімнің көшірмесі.
- Ветеринария саласындағы ветеринариялық мақсаттағы препараттарды өндіру жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған мәліметтер нысаны.
- Ветеринария саласындағы жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттарға ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған мәліметтер нысаны.
Көрсетілетін қызметті алушы лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқасын алу үшін
- Еркін нысандағы лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқасын алуға арналған өтініш.
- Жеке басын куәландыратын құжат және (немесе) өкілдің өкілеттігін растайтын құжат (сәйкестендіру үшін).
- Лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі.