Айдар парағына өту

Екпелерден бас тарту және бас тарту үшін жауапкершілік Баспаға шығару нұсқасы

Cоңғы өзгеріс: 21.02.2024

бала инъекция алуда

Көптеген ата-аналарды жоспарлы екпелерден бас тартуға бола ма деген сұрақ мазалайды. Балалар екпесін алудан бас тарту – ол ата-ананың құқығы,немесе қамқоршылардың, себебі олар өз перзентінің өмірі мен денсаулығы үшін ол 18 жасқа толғанға дейін жауапты. Бірақ егер сіз екпеден бас тартуға бел бусаңыз, бас тарту заңды және медициналық тұрғыдан саналы қадам болуы тиіс. Бұдан басқа ол болашақта емханалармен, балабақшамен және мектеппен ешқандай қиындықтар туындамауы үшін дұрыс рәсімделуі тиіс.

Екпелерден бас тартуға бола ма?

Профилактикалық екпелер міндетті және ерікті болып бөлінеді. Міндетті профилактикалық екпелердің мынадай түрлері айқындалады:

1) жоспарлы профилактикалық екпелер;

2) эпидемиологиялық көрсетілімдер бойынша профилактикалық екпелер.

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚР Кодексі 85-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты болатын жеке тұлғалар инфекциялық және паразиттік ауруларға қарсы міндетті профилактикалық екпелерді алуға міндетті.

Медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде оларға қарсы міндетті профилактикалық екпелер жүргізілетін аурулардың тізбесін, екпелерді жүргізу тәртібін, мерзімдерін және халықтың профилактикалық екпелерге жататын топтарын Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.

Оларға қарсы міндетті профилактикалық екпелер жүргізілетін аурулардың тізбесіне сәйкес жасқа толған, медициналық қарсы көрсетілімдері жоқ адамдар жоспарлы профилактикалық екпелерге жатады.

Профилактикалық екпе жүргізу алдында медицина қызметкері егілетін адамды қарап-тексеруді жүргізеді. Медицина қызметкері оған не оның заңды өкіліне профилактикалық екпе туралы, оның ықтимал қолайсыз көріністері мен одан бас тартудың салдарлары туралы толық және объективті ақпарат береді.

Медициналық қарсы көрсетілімдері жоқ жеке тұлғалар тізбеге сәйкес эпидемиологиялық көрсетілімдер бойынша профилактикалық екпелерге жатады. Оларға қарсы міндетті профилактикалық екпелер жүргізілетін аурулардың тізбесіне кірмейтін профилактикалық екпелерді жүргізу ерікті болып табылады және ақылы негізде жүзеге асырылады.

Жоспарлы профилактикалық екпелерді алмаған балаларды мектепке дейінгі ұйымдарға жіберу мектепке дейінгі ұйымдағы ұжымдық иммунитеттің шекті деңгейіне жеткен кезде ғана жүзеге асырылады.

Ұжымдық иммунитет - вакциналармен алдын алатын инфекцияларға қарсы халықты жоспарлы профилактикалық екпелермен қамтудың шекті деңгейіне жеткізу есебінен егілмеген адамдарды жанама қорғау.

Жоспарлы профилактикалық екпелерді алмаған балаларды мектепке дейінгі ұйымдарға жіберу қағидаларын және ұжымдық иммунитеттің шекті деңгейін уәкілетті орган айқындайды.

Инфекциялық аурулардың өршуін болдырмау мақсатында балалар балалардың  ұйымдасқан ұжымдарына профилактикалық екпелерді алғаннан кейін жіберіледі. Тіркеуді әр жағдайында ұйымдасқан ұжымдарда инфекциялық ауруларды тіркеген жағдайда егілмеген адамдар яғни, инфекциядан қорғалмаған адамдар осы мекемелерге аурудың тоқтатылуына дейін келуден шеттетіледі, себебі инфекциялардан қорғалмаған.

 Екпеден бас тартудың салдарлары қандай? Осындай қадамнан кейінгі ықтимал келеңсіздіктерге мыналар жатады:

  • сіздің балаңыздың ауырып қалуы және отбасы мүшелеріне жұқтырудың жоғары қаупі. Салдарлары қайғылы жағдайға әкелуі мүмкін, мысалы полиомиелитпен ауырғаннан кейін ол мүгедек болып қалуы мүмкін;

Терісі  және шырышты қабықтары бұзылып жарақат алған, немесе жануарлар тістеген кезде сіреспе және құтыру ауруларына шалдығудың жоғары қатері. Кез келген бала осы инфекцияларға шалдығу қатері жоғары  жарақат алудан немесе жануарлардың тістеуінен кепідендірілмеген. Сіреспеден тек сіреспеге қарсы екпе енгізу және  сарысуды уақтылы жедел енгізу арқылы қорғалуға болады.

  • сол елде болудың халықаралық медициналық-әлеуметтік ережелері немесе халықаралық шарттарға сәйкес нақты профилактикалық екпелерді талап ететін елге кіруге тыйым салынады;
  • орындалуы инфекциялық аурулармен ауырудың жоғары қаупімен байланысты жұмысқа қабылдаудан бас тарту.

Екпеден бас тарту балабақшаға немесе мектепке қабылдаудан бас тарту себебі бола ала ма?

Сонымен заң бойынша, ата-аналары бала егіле ме жоқ па соны шешетін болады.Профилақтикалық екпені алмаған   бала балабақшаға және мектепке баруға құқылы. Осыған қарамастан тәжірибеде, қызыңызды немесе ұлыңызды мектепке дейінгі мекемеге орналастыру кезінде,егілмеген балалардың ата-аналары кейбір кедергілермен ұшырасады.

Қазіргі уақытта ҚР балада екпенің болмаған жағдайда балабақшаға немесе мектепке бару құқықтарын шектейтін заңнамалық актілер жоқ. Екпелердің болмауыбалаларды балардың ұйымдасқан ұйымдарына қабылдаудан бас тартуға негіз болып табылмайды.

Сонымен қатар ұйымдасқан ұжымдарда инфекциялық ауруларды тіркеудің әр жағдайында егілмеген балалар балалар мекемелеріне барудан ауру тоқтағанға дейін және жұқтырып алып,  ауырып қалуға және, әрине, кейіннен инфекция көзіне айналуға мүмкін инфекциядан қорғалмағандығына байланысты шеттетілуі тиіс.

Бірақ профилактикалық екпелерден бас тарта отырып, ата-аналар баланы инфекциядан және оның салдарларынан қорғау құқығынан айыратынын атап өткіміз келеді. Тәжірибе көрсеткендей, егілмеген адам ауырғанда инфекция әдетте ауыр нысанда асқынумен және кейде өлім жағдайына әкелумен өтеді. Қалыптасқан жағдайда бала қауіпті инфекцияларға қарсы иммунитеті болмайды, осы арқылы аталмыш аурулардан асқынулардың қалыптасуы және инфекциялануының маңызды қаупіне ұшырайды.

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.