Айдар парағына өту

Емдеуге жатқызу бюросының порталы дегеніміз не? Баспаға шығару нұсқасы

Cоңғы өзгеріс: 11.03.2024

медицина қызметкеріЕмдеуге жатқызу бюросының негізгі мақсаты – азаматтардың медициналық ұйымды еркін таңдау құқығын, жоспарлы емдеуге жатқызу қолжетімдігі мен айқындығын қамтамасыз ету болып табылады.

Емдеуге жатқызу бюросының порталы – пациент емдеуге жатқызуды жүзеге асырудың алдын ала мерзімдері туралы ақпарат алуға болатын интернет - ресурс. Егер пациент дәрігерден емдеуге жатқызуға арналған коды бар жолдаманы алған болса, онда ол өңірлік және республикалық клиникалар бойынша ағымдағы күту парақтарын қарай алады.

Стационарға жоспарлы түрде жатқызу тәртібі

Жоспарлы емдеуге жатқызу – көрсетілімдер (анықталған жағдайда) болған жағдайда, созылмалы аурулар және жедел дәрігерлік араласуды талап етпейтін өмірге қауіпсіз жағдайларда дәрігердің пациентті емдеуге жолдауы. Жоспарлы түрде емдеуге жатқызу порталы арқылы бірнеше күн ішінде науқастың медициналық ұйымды таңдауына байланысты іске асырылады.

Жоспарлы емдеуге жатқызу үшін

Стационарға жоспарлы түрде жатқан кезде пациенттің қолында келесі

Қажетті құжаттар пакетінсіз ауруханаға жатқызу мүмкін емес екенін және стационар науқасты ауруханаға жатқызудан бас тартуға құқылы екенін есте ұстаған жөн!

 

Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) шеңберінде қызметтер тегін көрсетілуі тиіс.

Емдеуге жатқызу бюросының телефондары

Аймағы Коды Телефон
Ақмола облысы 7162 721-517
Ақтөбе облысы 7132 563-588
Алматы облысы 8771 7459450
Атырау облысы 7122 354-263
Шығыс Қазақстан облысы 7232 710-158
Жамбыл облысы 7262 516-169
Батыс Қазақстан облысы 7112 241-807
Карағанды облысы 7212 559-786
Қостанай облысы 7142
53-04-65
52-40-70
Қызылорда облысы 7242 234-470
Маңғыстау облысы 7292 302-072
Павлодар облысы 7182 32-30-70
Солтүстік Қазақстан облысы 7152 500-369
Түркістан облысы 72533 59374 
Жетісу облысы
7282 400020
Область Ұлытау
7102 600377
Абай облысы
7222 522-450
Алматы қ. 7272 2251-422
Астана қ. 7172 557-290
Шымкент қ. 7252 562-319
Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.