Айдар парағына өту

Дәрі-дәрмектерді кепілденген мөлшерде тегін медициналық көмекпен көтере сатып алу Баспаға шығару нұсқасы

Cоңғы өзгеріс: 30.06.2020

Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде дәрілік заттарды сатып алу тәртібі "Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмекті көрсету бойынша дәрілік заттарды, профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы, фармацевтикалық қызметтер көрсетуді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 қазандағы N 1729 Қаулысымен регламенттеледі және мынадай қағидаттар сақтала отырып өткізіледі:

1) сатып алу үшін пайдаланылатын ақшаны оңтайлы және тиімді жұмсау;

2) әлеуетті өнім берушілерге сатып алуды өткізу рәсіміне қатысу үшін тең мүмкіндіктер беру;

3) әлеуетті өнім берушілер арасындағы адал бәсекелестік;

4) сатып алу процесінің жариялылығы мен ашықтығы;

5) отандық тауар өндірушілерді қолдау;

6) кәсіпкерлік бастаманы қолдау;

7) пациентке бағдарланған дәрілік көмек;

8) Қазақстан Республикасының тұрғындарын дәрілік заттармен, медициналық мақсаттағы бұйымдармен, медициналық техникамен үздіксіз қамтамасыз ету.

Сатып алуды тапсырыс беруші немесе сатып алуды ұйымдастырушы:

1) тендер;

2) баға ұсыныстарын сұрату;

3) бір көзден алу;

4) оның тізіміне сәйкес бірыңғай дистрибьютордан;

5) медициналық техниканы сатып алу жөніндегі бірыңғай дистрибьютор арқылы;

6) мемлекеттік мекемелерді қоспағанда, денсаулық сақтау ұйымдарының Қазақстан Республикасының қаржы лизингі туралы заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен қаржы лизингі шарттарында медициналық техниканы сатып алу тәсілдерінің бірімен жүзеге асырады.

Дәрілік заттарды сатып алу ерекшеліктері:

Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсету үшін сатып алынатын және босатылатын (фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде) дәрілік заттарға, профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялаушы) препараттарға, медициналық мақсаттағы бұйымдарға Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 қазандағы № 1729 қаулысының 20-тармағында көрсетілген мынадай талаптар қойылады:

1) Кодекстің ережелеріне және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен Қазақстан Республикасында дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды, профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялаушы) препараттарды тіркеудің болуы (дәріханаларда дайындалған дәрілік препараттарды, денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен орфандық препараттардың тізбесіне енгізілген орфандық препараттарды, тіркелмеген дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды, медициналық мақсаттағы бұйым мен медициналық техниканың құрамына кіретін және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган берген қорытынды (рұқсат беру құжаты) негізінде Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген дербес бұйым немесе құрылғы ретінде пайдаланылмайтын жиынтықты қоспағанда);

2) дәрілік заттар, профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялаушы) препараттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы сақтау және тасымалдау қағидаларына сәйкес олардың қауіпсіздігінің, тиімділігінің және сапасының сақталуын қамтамасыз ететін жағдайларда сақталады және тасымалданады;

3) дәрілік заттардың, профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялаушы) препараттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың таңбалануы, тұтыну қаптамасы және қолдану жөніндегі нұсқаулықтар Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіпке сәйкес келеді;

4) тапсырыс берушіге өнім берушінің беру күніне дәрілік заттардың, профилактикалық препараттардың (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялаушы) және медициналық мақсаттағы бұйымдардың жарамдылық мерзімі:

қаптамада көрсетілген жарамдылық мерзімінен кемінде елу пайызды (жарамдылық мерзімі екі жылдан аз болса);

қаптамада көрсетілген жарамдылық мерзімінен кемінде он екі айды (жарамдылық мерзімі екі жыл және одан көп болса) құрайды;

5) бірыңғай дистрибьюторға өнім берушінің беру күніне дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың жарамдылық мерзімі:

сатып алу жүргізілетін алдағы жылдың қараша, желтоқсан және басталған қаржы жылының қаңтар кезеңінде тауарды жеткізген кезде қаптамада көрсетілген жарамдылық мерзімінен кемінде алпыс пайызды (жарамдылық мерзімі екі жылдан аз болса) және қаржы жылы ішінде келесі беру кезінде кемінде елу пайызды;

сатып алу жүргізілетін алдыңғы жылдың қараша, желтоқсан және басталған қаржы жылының қаңтар кезеңінде тауарды жеткізген кезде қаптамада көрсетілген жарамдылық мерзімінен кемінде он төрт айды (жарамдылық мерзімі екі жыл және одан көп болса) және қаржы жылы ішінде келесі беру кезінде кемінде он екі айды құрайды;

6) осы тармақтың 7) тармақшасында көрсетілген тауарларды қоспағанда, тапсырыс берушіге бірыңғай дистрибьютордың беру күніне дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың жарамдылық мерзімі:

қаптамада көрсетілген жарамдылық мерзімінен кемінде отыз пайызды (жарамдылық мерзімі екі жылдан аз болса);

қаптамада көрсетілген жарамдылық мерзімінен кемінде сегіз айды (жарамдылық мерзімі екі жыл және одан көп болса) құрайды;

7) тапсырыс берушіге бірыңғай дистрибьютордың беру күніне вакцинаның жарамдылық мерзімі:

қаптамада көрсетілген жарамдылық мерзімінен кемінде қырық пайызды жарамдылық мерзімі екі жылдан аз болса);

қаптамада көрсетілген жарамдылық мерзімінен кемінде он айды (жарамдылық мерзімі екі жыл және одан көп болса) құрайды;

8) олардың жарамдылық мерзімі өткенге дейін тағайындауы бойынша пайдалану үшін тараптардың келісімі бойынша есепке алу және өткізу қызметтері бірыңғай дистрибьютор тауарының ауыспалы қалдықтары үшін тапсырыс берушіге және (немесе) өнім берушіге ұсынылатын осы тармақтың 6) және 7) тармақшаларында көрсетілген жарамдылықтың аз мерзімін құрайды;

9) дәріханаларда дайындалған дәрілік препараттардан, денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен орфандық препараттардың тізбесіне енгізілген орфандық препараттардан, тіркелмеген дәрілік заттардан, медициналық мақсаттағы бұйымдардан басқа, денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен дәрілік заттардың саудалық атауында тіркелген бағаның және медициналық мақсаттағы бұйымдарға шекті бағаның бар болуы.

Тендерге қатысуға ниет білдірген әлеуетті өнім беруші тендерлік өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі өткенге дейін тендерлік құжаттама ережелеріне сәйкес жасалған тендерлік өтінімді желімделген түрде тапсырыс берушіге немесе сатып алуды ұйымдастырушыға ұсынады.

Әлеуетті өнім берушінің тендерлік өтінімі "Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмекті көрсету бойынша дәрілік заттарды, профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы, фармацевтикалық қызметтер көрсетуді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 қазандағы N 1729 Қаулысының 63-75 тармақтарында аталған мәліметтерді қамтуы тиіс.

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.