Айдар парағына өту

Денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыру Баспаға шығару нұсқасы

Cоңғы өзгеріс: 05.04.2020

Денсаулық сақтау жүйесін қаржылық қамтамасыз ету көздері

1. Денсаулық сақтау жүйесін қаржылық қамтамасыз ету көздері: 

1) бюджет қаражаты; 

  • әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының активтері; 

2) ерікті медициналық сақтандыру қаражаты; 

3) ақылы қызметтер көрсетуден алынған қаражат; 

  • жеке және заңды тұлғалардан ерікті қайырмалдықтар ретінде түскен қаражат; 

4) Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де көздер болып табылады. 

2. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде көрсетілетін медициналық қызметтерге арналған тарифтерді қалыптастыру тәртібі мен әдістемесін уәкілетті орган айқындайды. 

Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде көрсетілетін медициналық қызметтерге арналған тарифтерді уәкілетті орган бекітеді. 

Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсететін денсаулық сақтау субъектілерін қаржыландыру нысандары

Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсететін денсаулық сақтау субъектілерін қаржыландыру: 

  1. мемлекеттік медициналық мекемелер үшін - жеке-дара қаржыландыру жоспары бойынша; 
  2. мемлекеттік мекемелерді қоспағанда, денсаулық сақтау субъектілері үшін – бюджеттік бағдарламалардың әкімшілерімен және (немесе) әлеуметтік медициналық сақтандыру қорымен шарт негізінде жүзеге асырылады. 

Денсаулық сақтау жүйесін қаржылық қамтамасыз ету көздерін пайдалану

  1. Денсаулық сақтау жүйесінің қаржы қаражаттары: 
  • тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде денсаулық сақтау субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеуге; 
  • денсаулық сақтау ұйымдарын материалдық-техникалық жағынан жарақтандыруға; 
  • дәрілік заттарды, орфандық (сирек кездесетін) дәрілік препараттарды, қан мен оның компоненттерін, вакциналарды және басқа да иммунологиялық дәрілік препараттарды (иммундық-биологиялық дәрілік препараттарды), сондай-ақ медициналық бұйымдарды сатып алуға; 
  • инфекциялық аурулардың көріністері мен эпидемияларын жоюға; 
  • денсаулық сақтау саласындағы кадрларды даярлауға, олардың бiлiктiлiгiн арттыруға және оларды қайта даярлауға; 
  • медицина ғылымының жетістіктерін дамытуға және енгізуге;
  • Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де шығыстарға бағытталады. 
  1. Денсаулық сақтау субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеу медициналық көрсетілетін қызметтердің сапасы мен көлемі бойынша шарттық міндеттемелер мониторингінің нәтижелері ескеріле отырып, уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жүргізіледі. 
  2. Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы субъектілерге фармацевтикалық көрсетілетін қызметтердің құнын төлеуді бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері немесе әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жүзеге асырады. 

 

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.