Айдар парағына өту

Қазақстандағы почта: жөнелтімдерді супермаркетте немесе постаматта алу Баспаға шығару нұсқасы

Cоңғы өзгеріс: 27.11.2020

ecb938365e60a84cf05ce47fe5ddbffc_0.pngПостаматтарды қалай қолдану керек?

Постаматтар – почта қызметкерінің қатысуынсыз хат немесе жөнелтімді оның көмегімен дербес алуға болатын балама жөнелтім ретінде құрылған  жөнелтімдерді беру бойынша автоматтандырылған терминал (14 кг. артық емес). Постаматтар сауда орталықтарында орналастырылады және олардың жұмыс кестесі бойынша қол жетімді, яғни жөнелтімді клиент үшін қолайлы уақытта, соның ішінде демалыс күндері алуға болады.

Бүкіл Қазақстан бойынша облыстық және аудандық орталықтарда орналасқан «Қазпочта» АҚ 109 постаматтары бар. Постаматтардың дәл мекенжайларын осы жерден білуге болады.

Постаматтардың нақты мекен-жайларын мына жерден көре аласыз.

Жөнелтімді алу үшін постамат экранында клиентке мобильді телефон нөмірін және алушыға жөнелтім алғаш рет постаматта сақтауға келіп түскенде жіберілетін жөнелтім кодын көрсету керек.

Жөнелтімдер супермаркетінде жөнелтімді қалай алуға және жіберуге болады?

Жөнелтімдер супермаркеті – ҚР бойынша жөнелтімдерді алу және жіберудің екі аймағына бөлінген өзіндік қызмет көрсету орталығының жаңа форматын құрайды.

Ұсақ пакеттер, бандеролдер және жөнелтімдерді алу үшін клиентке жөнелтімнің трек-нөмірін немесе жөнелтімдер супермаркетінде орнатылған арнайы терминалда мобильді телефон нөмірін енгізу қажет.

Аталмыш терминал, жүйеде сұралатын жөнелтімді анықтап, стеллаж, қатар және ұяшық нөмірін көрсетумен талон береді. Клиентке залға өту, қажетті қатар мен стеллажды табу, өзінің жөнелтмін сөреден алу қажет.

Шығуда орналасқан кассада клиент шарт жасалған төлем сомасын төлеу қажеттілігі және жөнелтім туралы мәліметтерді оператордың тексеруі үшін жеке басын куәландыратын құжатты ұсынады.

Сондай-ақ жөнелтімдер супермаркетінде клиент жөнелтімді Қазақстанның кез келген елді мекеніне жеке жібере алады. Жөнелтімді жіберу үшін клиент гофротару (ыдыс, орам) сатып алады, оның бағасында ҚР бойынша жеткізу үшін құны ескерілген және трек–номер (ШПИ) тағайындалған. Өз жөнелтімін арнайы белгіленген аймақта орап, клиент жөнелтімді жіберуді ресімдеу бойынша орнатылған терминалға өтеді, «Жіберу» батырмасын басады, гофраторда жабысқан штрих–кодты сканерлейді, қайтадан «Жіберуді» басады және терминал берген талонды сақтайды. Барлық әрекеттердің аяқталуы бойынша жөнелтімді оны әрі қарай тасымалдау үшін стеллажда қалдыру қажет.

Жөнелтім почта бөлімшесінде, постаматта және жөнелтімдер супермаркетінде қанша уақыт сақталады?

Кез келген почта жөнелтімі (хат, жөнелтім немесе бандероль)  почта бөлімшесінде немесе жөнелтімдер супермаркетінде 30 күнтізбелік күн сақталады, олардың алғашқы 14 күні- тегін негізде, келесі 14-16 күн сақтау үшін әр күнге 300 теңге төлем алынады. Ұсақ пакеттерді сақтау мерзімі 45 күн. Ұсақ пакеттерді сақтау үшін сома алынбайды. 30 күн өткеннен кейін сәлемдеме жіберушіге кері қайтарылады. Сәлемдеме постаматта 3 күнтізбелік күн ішінде тегін сақталады,алғашқы үш күн өткеннен кейін сәлемдеме постаматтан пошта бөлімшесіне сақтауға жіберіледі.

Жөнелтім немесе хаттың жеткізілуін қалай қадағалауға болады?

Трек–код (штрихты почта идентификаторы) — бұл жөнелтімді және оның орналасу орнын қадағалауға болатын почта жқнелтімінің бірегей почта идентификаторы. «Қазпочта» АҚ желісімен жіберілетін жөнелтімдерді www.post.kz почта және қаржы қызметтерінің порталында қадағалауға болады. Сервистің басты артықшылығы, клиент www.post.kz трекинг-нөмірді енгізгенде барлық картинаны көретінінде.

Трекинг — бұл  соңыра қадағалаумен жөнелтімді табуға мүмкіндік беретін сервис. Пайдаланушы жазылғанда трекинг сервисі e-mail, Telegram және SMS  бойынша жөнелтулердің орналасу орнын және мәртебесін өзгерту туралы хабарламалар жібереді.

Сіздің орналасу орныңызға байланысты «Қазпочта» АҚ IPS  трекингі біріктірілген жүйесі Дүниежүзілік почта одағының құрамына кіретін 74 елінде, 59 елде – хат-хабардың жылжуын қадағалауға мүмкіндік береді, жүздеген елдермен электрондық деректермен алмасады. Мысалы, клиент eBay жөнелтім жібереді және орналасу орнына қарамастан оның жылжуын қадағалауға мүмкіндік береді.

Бүгінгі күнгі жағдай бойынша  «Қазпочта» АҚ Ресей, Германия, АҚШ, Украина, Белорусия, Канада, Оңтүстік Корея, Қытай, Чехия, Польша, Нидерланды, БАА, Норвегия, Латвия, Литва, Автралия, Түркия сияқты серіктестермен деректермен, жалпы есепте кіріс жөнелтім почтасы бойынша КЖП мүше  ҚХР, Сингапур, Ресей, Нидерланды, Германия, Швейцария, Түркия, Латвия, БАА, Армения, Испания, Үндістан, Чехия, Эстония, Индонезия, Малайзия  және т.б. 54 елмен жазбаша хат-хабармен алмасады. Өз кезегінде «Қазпочта» АҚ шығыс EDI хабарламаларды (деректермен алмасу)  барлық серіктестерге жібереді, ал бұл дүние жүзінің 100-ден артық елі.

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.