Айдар парағына өту

Жеке тұлғалар үшін онлайн ЭЦҚ ұзарту Баспаға шығару нұсқасы

Cоңғы өзгеріс: 18.11.2022

Электрондық цифрлық қолтаңба, қысқаша ЭЦҚ, түрлі онлайн қызметтерді (анықтамаларды алудан бастап мемлекеттік сатып алуларға қатысуға дейін) алған кезде сіздің электрондық цифрлық қолтаңбаңыздың функциясын атқара отырып, оның иесі туралы құпия ақпаратты қамтиды.  Сондықтан, қауіпсіздікті сақтау мақсатында ЭЦҚ қолданысын жыл сайын ұзартып отыру қажет. Сөйтіп, сіз сертификаттар жоғалмағанын  және өзіңіздің қолыңызда болғанын, бөтен адамдардың қолына түспегенін растайсыз.

ЭЦҚ қолдану мерзімінің аяқталуы туралы хабарлама

Файлдық жүйеге берілген ЭЦҚ-ның қолдану мерзімі 1 жылды құрайды.Негізгі ақпарат тасығыштарға (жеке куәлік, Kaztoken, eToken, аKey, jaCarta) шығарылған ЭЦҚ-ның мерзімі 3 жылды құрайды.ҚР Ұлттық куәландырушы орталығы жүйесінде ЭЦҚ-ның әрекет ету мерзімінің жақындап келе жатқаны туралы хабарламалардың екі түрін онлайн режимінде ұзарту ұсынысымен автоматты түрде жіберу жүзеге асырылды.

  • Электрондық пошта бойынша көп мәрте хабарламалар – 1 ай бұрын, 2 апта бұрын, 7 күн бұрын. Бұл хабарламаларды алу үшін ҚР ҰКО-дағы жеке кабинетіңізде өзіңіздің e-mail-ңызды көрсету қажет.
  • ЭЦҚ әрекет ету мерзімі аяқталғанға дейін 10 күн бұрын SMS-хабарлама. SMS Мобильді азаматтар базасында тіркелген телефон нөміріне, яғни eGov-тағы Жеке кабинетте пайдаланушыда тіркелген телефон нөміріне келеді.

Жеке тұлғаларға ЭЦҚ әрекетін дербес қалай ұзарту керек?

ҚР Ұлттық куәландыру орталығы сайтының Бас бетінде «Жеке кабинет» деген бөлімге өту қажет, бұдан әрі жеке кабинетке кіруіңіз қажет. (1-сур.)

1-сурет.

«Кіру» батырмасын шертіңіз, авторландыру бетіне өтіңіз. (2-сур.).

2-сурет.

Ашылған терезедегі тізімнен – Дербес компьютер, жеке куәлік, eToken PRO (Java, 72K), eToken 5110, JaCarta, Kaztoken, AKey «Кілттерді сақтау қоймасы» түрін таңдауыңыз қажет. (3-сур.).

3-сурет.

«Кілттерді сақтау қоймасына жол» жолында Сіздің тіркеу куәліктеріңіз орналасқан жолды көрсету керек. Аутентификация кілтін таңдаңыз (AUTH_RSA) және «Ашу» батырмасын басыңыз. (4-сур.). 

4-сурет.

«Кіру» батырмасына басыңыз. (5-сур.).

5-сурет.

Пайда болған диалогтық терезеге Өзіңіздің кілттерді сақтау қоймасының паролін енгізіңіз.(6-сур.).

Назар аударыңыз! Казтокен арналған белгіленген пароль: 12345678, eToken PRO (Java, 72K), eToken 5110, JaCarta, AKey: 1234567890.

6-сурет.

«Кілттердің тізімін жаңарту» батырмасын басыңыз. Парольді дұрыс енгізген кезде аутентификация кілті көрсетіледі. «Қол қою» батырмасына басыңыз. (7-сур.).

7-сурет.

Пайдаланушының жеке кабинетіне қош келдіңіз. (8-сур.).

8-сурет.

Жеке кабинетте жұмыс істеу

«Менің ЭЦҚ кілттерім» мәзірі

ЭЦҚ кілттерін алуға арналған өтінімдер

Өтінімнің статусын тексеру

«ЭЦҚ кілттерін қайта шығару» бөлімі

 
Ақпарат дереккөзі: pki.gov.kz
Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.