Айдар парағына өту

Шаруа немесе фермер қожалықтарына салық салу Баспаға шығару нұсқасы

Cоңғы өзгеріс: 17.01.2023

ШФҚ үшін арнайы салық режимі

Салық кодексінің 702 - бабына сәйкес шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимін (бұдан әрі - ШФҚ үшін АСР) Қазақстан Республикасының аумағында жеке меншік және (немесе) жерді пайдалану (кейінгі жер пайдалану құқығын қоса алғанда) құқығында жер учаскелері болған жағдайда, Салық кодекстің 367-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген, қосылған құн салығын төлеушілер болып табылмайтын шаруа немесе фермер қожалықтары қолдануға құқылы.

ШФҚ үшін АСР қолдану мақсатында жеке меншік және (немесе) жер пайдалану құқығындағы (кейінгі жер пайдалану құқығын қоса алғанда) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің жиынтық алаңы мыналар үшін:

  • 1 аумақтық аймақ - 5000 га;
  • 2 аумақтық аймақ - 3500 га;
  • 3 аумақтық аймақ - 1500 га;
  • 4 аумақтық аймақ - 500 га.

ШФҚ үшін АСР бірыңғай жер салығын төлеу негізінде бюджетпен есеп айырысудың ерекше тәртібін көздейді және акцизделетін тауарларды өндіру, қайта өңдеу және өткізу жөніндегі қызметті қоспағанда, шаруа немесе фермер қожалықтарының ауыл шаруашылығы өнімін өндіру және өзі өндірген ауыл шаруашылығы өнімін өткізу және қайта өңдеу, осындай қайта өңдеу өнімдерін өткізу жөніндегі қызметіне қолданылады.

Салық кодексінің 703-бабына сәйкес ШФҚ үшін АСР қолданатын салық төлеуші үшін акцизделетін тауарларды өндіру, қайта өңдеу және өткізу жөніндегі қызметті қоспағанда, салықтық кезеңде ауыл шаруашылығы өнімін, өзі өндірген ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу өнімдерін өткізуден алған кіріс салық салу объектісі болып табылады.

Бірыңғай жер салығын есептеуді есепті салықтық кезең үшін салық салу объектісіне 0,5 пайыз мөлшеріндегі мөлшерлемені қолдану арқылы салық төлеуші дербес жүргізеді.

Бірыңғай жер салығын, жер бетіндегі көздердің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақыны төлеу мынадай тәртіппен:

1) салықтық кезеңнің 1 қаңтарынан бастап 1 қазанына дейін есептелген сомаларды төлеу – ағымдағы салықтық кезеңнің 10 қарашасынан кешiктiрілмейтін мерзімде;

2) салықтық кезеңнің 1 қазанынан бастап 31 желтоқсанына дейін есептелген сомаларды төлеу – есепті салықтық кезеңнен кейінгі салықтық кезеңнің 10 сәуірінен кешiктiрілмейтін мерзімде жүргiзiледi.

Бірыңғай жер салығын бюджетке төлеу жер учаскесі тұрған жер бойынша жүргізіледі.

920.00 нысаны бойынша бірыңғай жер салығын төлеушілерге арналған декларацияда:

  • бірыңғай жер салығы,
  • төлем көзінен ұстап қалатын жеке табыс салығының,
  • жер бетіндегі көздердің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақының;
  • әлеуметтік аударымдардың есептелген сомалары көрсетіледі.

Бірыңғай жер салығын төлеушілерге арналған декларация жер учаскесі тұрған жердегі салық органына есепті салықтық кезеңнен кейінгі салықтық кезеңнің 31 наурызынан кешіктірілмей ұсынылады.

Бiрыңғай жер салығын төлеушiлер салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң мынадай түрлерiн:

  1. шаруа немесе фермер қожалықтарының қызметінен түскен кірістерден, оның ішінде осы АСР қолданылатын қызметпен байланысты шығындарды (шығыстарды) жабуға мемлекеттік бюджет қаражатынан алынған сомалар түріндегі кірістерден алынатын ЖТС;
  2. Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылатын жер учаскелерін қоспағанда, осы АСР қолданылатын қызметте пайдаланылатын жер учаскелері бойынша жер салығын және (немесе) жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақыны;
  3. Салық кодекстің 490-бабы 3-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген салық салу объектiлерi бойынша – көлiк құралдары салығын;
  4. Салық кодекстің 517-бабы 3-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген салық салу объектiлерi бойынша – мүлiк салығын;
  5. осы АСР қолданылатын шаруа немесе фермер қожалығының қызметі бойынша – әлеуметтік салықты;
  6. осы АСР қолданылатын шаруа немесе фермер қожалығының қызметі бойынша – қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төлемақыны төлеушiлер болып табылмайды.

Салық кодекстің 702-бабының 3-тармағына сәйкес ШФҚ үшін АСР қолданылмайтын қызмет түрлерінен кірістерді алу кезінде салық төлеушілер тиісті салықтарды есептеуді, төлеуді және осы Кодексте белгіленген оларды қолдану шарттарына сәйкес келген кезде мынадай салық салу режимдерінің бірінде олар бойынша:

1) Салық кодексте белгіленген, салық салудың осындай режимдерін қолдану шарттарына сәйкес келген кезде – шағын бизнес субъектілеріне арналған арнаулы салық режимінде салықтық есептілікті ұсынуды жүргізеді.

Бұл ретте осындай режимдер үшін шекті кіріс мөлшері бойынша шектеулерді қолдану мақсаттары үшін кіріс мөлшеріне шаруа немесе фермер қожалықтарына арналған арнаулы салық режимі қолданылатын қызмет түрлерін жүзеге асырудан түсетін кірістер қосылмайды;

2) жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен салықтық есептілікті ұсынуды жүргізеді.

 

Егер екі салық режимі қолданылса, бюджетке қалай есеп беруге болады

Егер шаруа қожалығы өз қызметінің әртүрлі бағыттары үшін бір уақытта екі салық режимін қолдануды шешсе, онда:

* АСР әрекетіне түсетін қызметтен және басқа да қызметтен түсетін кірістерді бөлек есепке алуды қамтамасыз ету;

* әрбір салық режимі бойынша есептілікті белгіленген мерзімде тапсыру.

Мысалы, егер фермер шаруашылығы басқа қызмет түрлері үшін оңайлатуын қолдануды шешсе, онда Салық кодексінде белгіленген мерзімде 910.00 салық есептілігі нысанын тапсыру қажет болады.

Бұл ретте 910.00 декларацияда оңайлатылған декларация үшін кірістерді, есеп айырысуларды және мөлшерлемелерді, ал екінші 920.00 СЕН – негізгі қызметке жататын кірістерлер мен салықтарды көрсету керек.

Сонымен бірге, жоғарыда көрсетілген мысалды негізге ала отырып, шаруашылық басшысы мен оның мүшелері үшін әлеуметтік төлемдер де 920.00 салық есептілігі нысанында көрсетіледі, қызметтің басқа түрлері бойынша жалдамалы жұмыскерлерді тарту жағдайда, жұмыскерлер үшін әлеуметтік төлемдер 910.00-нысанының оңайлатылған декларациясында көрсетіледі.

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.