Айдар парағына өту

Тасымалдаушының кінәсінен рейс орындалмаған немесе кідіртілген кезде жолаушыларға төленетін өтемақылар Баспаға шығару нұсқасы

Cоңғы өзгеріс: 28.04.2023

әуежай рейстерінің кестесіҚазақстан Республикасы қолданыстағы заңнамамен, Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Заңының 86 бабына сәйкес, тасымалдаушының рейстің мәртебесі өзгерген кездегi жолаушы алдындағы жауапкершілігі мен талап қоюдың ескіру мерзімдері қаматамассыз етілген.

1. Тасымалдаушының кінәсінен немесе әуе кемесінің кеш келуі салдарынан рейстің мәртебесі өзгерген кезде тасымалдаушы жолаушылар үшін жөнелту пункттері мен аралық пункттерде мынадай:

  1. жеті жасқа дейінгі балалы (болған кезде) жолаушыға ана мен бала бөлмесін ұсыну;
  2. рейстің жөнелтілуін екі сағаттан аса күткен кезде ұзақтығы бес минуттан аспайтын екі телефон қоңырауын шалу, оның ішінде халықаралық байланыс желісі бойынша қоңырау шалу немесе электрондық почта арқылы екі хабарлама жіберу;
  3. рейстің жөнелтілуін екі сағаттан аса күткен кезде салқындатылған сусындармен қамтамасыз ету;
  4. рейстің жөнелтілуін төрт сағаттан аса және әрі қарай күткен кезде:
  • күндізгі уақытта - әрбір алты сағат сайын;
  • түнгі уақытта әрбір сегіз сағат сайын ыстық тамақпен қамтамасыз ету;
  1. рейстің ұшуын күндізгі уақытта сегіз сағаттан аса және түнгі уақытта алты сағаттан аса күткен кезде тасымалдаушы ұсынған қонақ үйге орналастыру;
  2. қонақ үй қосымша ақысы алынбай ұсынылатын жағдайда тасымалдаушы ұсынған көлікпен әуежайдан қонақ үйге дейін және кері қарай жеткізу қызметтерін көрсетуді ұйымдастыруға міндетті.

Осы тармақта көрсетілген қызметтер жолаушыларға қосымша ақысы алынбай көрсетіледі.

Рейстің мәртебесі өзгерген кезде тасымалдаушы осындай өзгеріс туралы өзіне белгілі болған бойда жолаушыны билетті сатып алу кезінде көрсетілген ұялы байланыстың абоненттік нөмірі және электрондық пошта мекенжайы бойынша, сондай-ақ әуежайда:

  1. рейс мәртебесінің өзгеру себептері және жаңа ұшу уақыты және (немесе) жаңа маршрут туралы;
  2. егер өзгеріс осы тармақтың бірінші бөлігіне сәйкес тасымалдаушының кінәсінен немесе әуе кемесінің кеш келуі салдарынан болса, рейс мәртебесінің өзгеруіне байланысты тасымалдаушы ұсынатын қызметтер тізбесі туралы хабардар етеді.

2. Тасымалдаушының кінәсінен рейстің мәртебесі бес сағаттан астам мерзімге өзгертілген кезде, жолаушының қалауы бойынша, тасымалдаушы:

  1. осы баптың 1-тармағына сәйкес қызметтер көрсете отырып, жолаушыны билетте көрсетiлген баратын жеріне жақын арада ұшатын рейспен тасымалдауды қамтамасыз етуге;
  2. жолаушыға билеттiң толық құнын қайтаруға мiндеттi.

3. Тасымалдаушы жолаушыны межелі пунктке жеткізу мерзімін өткізіп алғаны үшін, егер мерзімін өткізіп алу еңсерілмейтін күш салдарынан орын алғанын дәлелдей алмаса, жолаушы шеккен шығындарын өтеуден басқа, егер бұл осындай мерзімін өткізіп алуға байланысты орын алған болса, мерзімін өткізіп алған әрбір сағат үшін тариф (мерзімін өткізіп алу орын алған ұшу учаскесі тарифі) құнының үш пайызы мөлшерінде айыппұл төлейді.

Айыппұл сомасын сатып алынған тариф (мерзімін өткізіп алу орын алған ұшу учаскесі тарифі) құнынан асыруға болмайды.

4. Тасымалдаушы жолаушыны межелі пунктке жеткізу мерзімін өткізіп алғаны үшін айыппұл төлеуді жолаушының өтініші бойынша тасымалдаушының интернет-ресурсы және билеттер сату пункттері арқылы жүргізеді.

5. Осы бапта көзделген талаптардың бұзылуына жол берген тасымалдаушылар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.

Талап қоюдың ескіру мерзімдері.

  1. Тасымалдаушы наразылықты қанағаттандырудан толық немесе ішінара бас тартқан не қойылған наразылыққа тасымалдаушыдан жауап алынбаған жағдайларда, тасымалдаушыға тасымалдаудан туындайтын талап қоюлар наразылық жіберілген кезден бастап он бес жұмыс күні өткен соң қойылуы мүмкін.
  2. Тасымалдау шарты бойынша талап қоюдың ескіру мерзімі – екі жыл.
  3. Талап қоюдың ескіру мерзімі талап қоюға негіз болған оқиға басталғаннан кейінгі келесі күннен бастап есептеледі.
Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.