
Әлемдік тәжірибе, елден шығуға құқықтарды уақытша шектеу – айқын нәтижелерді әкелетін жеткілікті пәрменді шара екенін көрсетеді: атқару міндеттемелері бойынша қарыздар жиі жабылады. Әрине ұшаққа отырарда шетелге шығуға тыйым салынғанын білу ешкімді қуантпасы анық. Бірақ бұны болдырмауға да болады. Аталмыш мәселе билеттер, жолдамалар сатып алынып, қонақүйлерден орын алынған соң, шекара бақылауынан өткенде де тікелей кездесіп жатады. Шетелге шығуы шектелген адамдардың тізіміне қалай түспеу керек және егер сіз борышкерлер тізімінде болсаңыз не істеу керек.
Кімге және қандай себептер бойынша шетелге шығу шектелуі мүмкін?
Заңның 33-бабына сәйкес борышкер болып табылатын жеке тұлға, заңды тұлғаның басшысы (оның міндетін атқарушы) атқарушылық құжаттағы 20 АЕК астам сомаға талаптарды орындамаған кезде, сондай-ақ мерзімдік төлемдерді өндіріп алу туралы атқарушылық құжаттарды үш айдан астам орындамаған кезде сот орындаушысы көрсетілген адамдардың ҚР шығуын уақытша шектеу туралы қаулы шығаруға құқылы, ал өндіріп алушының өтініші бойынша осындай қаулы шығаруға міндетті.
Атқарушы құжаттарға мыналар жатады:
Елден тыс шығудан бас тартудың басты себебі атқару құжаттарын орындамау, борыш, қарыз болып табылады. Осылайша, егер сіздің мемлекет алдында салықтар, айыппұлдар немесе басқа адамдар алдында сотқа жүгінуге дейін апарған қарыздарыңыз болса, неғұрлым сақ болу қажет. Төлемеуші деп алименттерді немесе жолақы айыппұлдарын төлемеген, сонымен қатар қаланың коммуналдық қызметтеріне қарызы бар адам саналуы мүмкін. Тізімге 700 теңгеден бастап төленбеген шоттары бар және сот осы қарызды өндіру туралы қаулы шығарған адамдар енгізілуі мүмкін.
Шетелге шығу шектелген адамдардың тізіміне азамат сот орындаушысының қаулысы бойынша енгізілуі мүмкін. ҚР борышкердің шығуына уақытша шектеу туралы сот орындаушысының қаулысы сотпен санкциялауға жатады. Сот санкциялағаннан кейін сіз қаулының көшірмесін аласыз, сондай-ақ оны ҚР ҰҚК шекара қызметі алады, ол сізді қарызыңыздың өтелуі базада расталғанға дейін шекарадан шығармайды.
Егер атқару құжаты сот актісі болып табылмаса және сот актісінің негізінде берілмесе (мысалы, атқарушы парақтар немесе хаттамалар), онда өндіріп алушы немесе мемлекеттік сот орындаушысы борышкер үшін ҚР шығуды уақытша шектеу туралы ұсыныспен сотқа жүгінуге құқылы. Бірақ бұл жағдайда шешімді сіздің қатысуыңызсыз шығаруы мүмкін екенін ескерген жөн, сол себепті қарыз, айыппұлдар, баж алымдарын және коммуналдық төлемдер қызметтер үшін төлемді істі сотқа жеткізбестен уақытылы төлеген дұрыс.
Атқарушы өндірістер бойынша борышкерлердің тізіліміне сот орындаушысы атқарушы құжаттарды ерікті орындауға мерзім аяқталғаннан кейін 3 жұмыс күні ішінде борышкердің мәліметтерін жібереді.
Шетелге шығуға сізге тыйым салынғанын қалай білуге болады?
Іссапарды, туысқандарға немесе туристік сапарға баруды жоспарлар алдында билетті сатып алғанға дейін, қонақ үйден орын алғанға дейін нақты факторлардың болуы/болмауы туралы ойланған жөн. Бұны Әділет министрлігінің сайтынан тексеруге болады, онда автоматты режимде аталмыш тізімдер жүргізіледі - Шетелге шығуға шектеу қойылған борышкерлердің тізілімі және Атқарушы өндірістер бойынша борышкерлердің тізілімі . Бұл жерде екі тізімді де тексерген жөн, себебі тіпті сіз Атқарушы өндірістер бойынша борышкерлердің тізілімінде ғана болсаңыз да, шетелге шығуға тыйым салынған қасақана төлемейтіндер қатарына ауысу да алыс емес. Борышкерлердің базасы сот органдарынан қаулылардың келіп түсу дәрежесі бойынша тұрақты негізде жаңартылады.
ҚР шегінен тыс шығуға шектеу қойылған борышкерлердің тізілімі, ҚР ҰҚК Шекара қызметіне берілетін шығуға шектеу туралы электрондық хабарламалар негізінде қалыптасады. Электрондық хабарламаны тиісті қаулы шыққаннан кейін немесе оны судья санкциялағаннан кейін сот орындаушысы жібереді. Қаулының көшірмесі борышкерге жіберіледі. Қаулы ҚР азаматтарына, сондай-ақ шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдарға қатысты, сонымен қатар заңды тұлғалардың-борышкерлердің басшыларына қатысты шығарылуы мүмкін.
Егер сіз туристік фирмадан жолдама сатып алсаңыз, көрсетілген тізімдерде өзіңіздің бар/жоқтығыңызды міндетті түрде тексеріңіз, себебі егер сізді қарыздың болу себебі бойынша шығармайды, туристік компания шығындарды өтемейді. Сондай-ақ ірі туристік компаниялардан сіз компания қызметкерлерінің телефон немесе онлайн-сұраныстары бойынша әділет департаментінен сіздің мәліметтеріңізді тексеруді сұрай аласыз.
Базаның мерзімді түрде жаңартылатынына қарамастан, егер сізде бұрын төленген қарыздар болса, тізмідерде бар/жоқтығыңызды тексеру керек. Іс жүзінде кез келген жағдайда шетелге сапарды жоспарлауда екі тізілімнен де өз мәліметтеріңізді тексеру артық етпейді.
Тізімдегі ақпарат сот орындаушысы шектеуден алу туралы қаулы шығарылғанға дейін және ҚР ҰҚК Шекара қызметіне тиісті электронды хабарлама жіберілгенге дейін сақталады.
Шетелден шығуға шектеу қойылған борышкерлердің тізілімінен қалай шығу керек?
Әрине, ең айқын әрі дұрыс нұсқасы - айыппұлдарды, баж алымдарын, алименттерді, коммуналдық қызметтерді немесе қарыздарды төлеу. Сот орындаушысының осындай шараны қабылдауының себебі.
Шетелге шығуы шектелген борышкерлер тізілімінен қалай шығуға болады?
Әрине, ең айқын әрі дұрыс нұсқасы - айыппұлдарды, баж алымдарын, алименттерді, коммуналдық қызметтерді немесе қарыздарды төлеу. Сот орындаушысының осындай шараны қабылдауының себебі.
Шығуға уақытша шектеу атқару өндірісі тоқтатылғаннан кейін ғана жойылады. Егер атқару өндірісі Заңның 47-бабына сәйкес тоқтатылса, онда қосымша атқару санкциясының 10% төлеу қажет. Заңның 36-бабына сәйкес атқару өндірісі тоқтатылғаннан кейін 5 күнтізбелік күн ішінде сот орындаушысы сот актілерін орындау департаментіне және шекара қызметін тиісті ақпаратты жолдайды, ол борышкерді тізілімнен алып тастаудың негізі болып табылады. Тізімнен шығу үшін қабылданған шараларды растаушы құжат уақытша шектеуді жою туралы қаулы немесе атқарушы өндірісті тоқтату туралы қаулы болып табылады
Қарыздар бойынша төлемді сапар алдындағы соңғы сәтке қалдыруға болмайды. Шетелге сапарды жоспарлай отырып, алдымен бар барлық қарыздарды алдын ала төлеп, атқару құжаттарында жазылғанды жоспарлы күннен 10-15 күн бұрын орындау керек.
Жазылған атқару құжаттарын орындау – сізге шетелге шығуға мүмкіндік беретін жалғыз шара. Бұнда «қолда» растау құжаттарын, чектерді ғана ұстау аз, ұшуға тыйым салған сот орындаушысын хабардар ету қажет. Шетелге шығу шектелген борышкерлердің тізілімінде, тек сіздің бар жоқтығыңыз туралы мәліметтерді ғана емес, сонымен қатар сот орындаушысының мәліметтерін және оның ұялы телефонын біле аласыз.
Тағы да басқа жолы бар – сіз талапкерден атқару өндірісі тоқтатылғанда, өтінішті алуын сұрай аласыз, бірақ бұл шұғыл жағдайларда орын алады, мысалы егер шетелге операцияға шығу қажет болса. Егер талапкермен келісу болса, онда талапкермен бірге сот актілерін орындау бойынша жергілікті департаментке жүгіну қажет. Сіз неғұрлым ертерек жүгінсеңіз, шетелден шығуға тыйым да тез алынады.
Шетелге шығуға тыйым салынған борышкерлердің тізіміне түсуден қандай жағдайларда қауіптенбеуге болады?
Егер сіз шетелге сапарға баруға қандай себеппен болса да баруға жиналсаңыз, Шетелге шығу шектелген борышкерлердің тізілімінен және Атқарушы өндірістер бойынша борышкерлердің тізілімінен тексеру артық болмайды.
Ал аталмыш тізімдерде сіз нақты мынадай жағдайларда болмайсыз, егер:
- сіз қазіргі сәтте сот процесіне қатыспасаңыз және болашақта қатыспайтын болсаңыз;
- салықтар бойынша қарызыңыз болмаса;
- айыппұлдар бойынша қарыздар болмаса;
- алименттер бойынша қарыздар жоқ болса және бұрын болмаса.
Борышкерлердің бірыңғай тізілімі
Уәкілетті орган атқарушылық құжаттарды мәжбүрлеп орындату жөніндегі міндеттерді жүзеге асыру мақсатында Борышкерлердің бірыңғай тізілімін жүргізеді.
Борышкерлердің бірыңғай тізілімі атқарушылық іс жүргізу жөніндегі автоматтандырылған ақпараттық жүйе арқылы қалыптастырылады және жүргізіледі.
Мерзімдік өндіріп алу туралы атқарушылық іс жүргізу бойынша үш айдан асатын берешегі жоқ, сондай-ақ талап қоюды қамтамасыз ету шараларын қолдану және тоқтату туралы атқарушылық құжаттары бойынша борышкерлер жөніндегі мәліметтерді қоспағанда, Борышкерлердің бірыңғай тізіліміне енгізу үшін мәліметтерді сот орындаушылары атқарушылық іс жүргізу қозғалғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде жібереді.
Көрсетілген мәліметтер:
- борышкердің тегін, атын, әкесінің атын (ол болған жағдайда) не борышкер ұйымның атауын;
- атқарушылық құжатты берген органды, берілген күнін және борышкердің орындалмаған міндетінің мазмұнын;
- көрсетілген мәліметтерді жіберетін сот орындаушысының тегін, атын, әкесінің атын (ол болған жағдайда) және аумақтық бөлімнің атауы мен мекенжайын немесе жеке сот орындаушысы кеңсесінің мекенжайын қамтиды.
Борышкерлердің бірыңғай тізілімінен борышкерді алып тастау осы Заңның 47 бабында көзделген негіздер бойынша атқарушылық іс жүргізу тоқтатылғаннан кейін және мерзімдік өндіріп алу туралы атқарушылық іс жүргізу бойынша берешек болмаған кезде, сондай-ақ ол атқарушылық құжаттың талаптарын орындаған кезде осы Заңның 48 бабында көзделген негіздер бойынша атқарушылық іс жүргізу аяқталғаннан кейін жүргізіледі.
Сот орындаушысы осы Заңның 48 бабында көзделген негіздер бойынша аяқталған атқарушылық іс жүргізу бойынша атқарушылық құжат талаптарының орындалғаны туралы мәліметтер алған кезде үш жұмыс күні ішінде уәкілетті органға борышкерді Борышкерлердің бірыңғай тізілімен алып тастау үшін тиісті ақпарат жібереді.