
Егер ҚР аумағында 2020 жылы сіздің атыңызға:
- тұрғын үйлер, ғимараттар, саяжай құрылыстары, гараждар және басқа да құрылыстар тіркелген болса, онда сізге мүлік салығын төлеу қажет (БСК – 104102);
- жер учаскесі тіркелген болса, онда оған тиісті жер салығы салынады (БСК – 104302);
- көлік тіркелген болса - көлік салығын төлеуді ұмытпаңыз (БСК – 104402).
Көлік салығын төлеу үшін иелеріне VIN-кодты ұсыну қажет - көлік құралының сәйкестендіру нөмірі (ағылш. Vehicle identification number, VIN). 17 таңбадан тұратын көлік құралының бірегей коды. Жеңіл автомобильдер үшін VIN-код шанақ нөмірі, ал жүк автомобильдері үшін шасси нөмірі болып табылады. Деректер техпаспортта көрсетілген.
2020 жылы үшін мүлік және жер салықтарды жеке тұлғалар 2021 жылғы 1 қазанға дейін мүлік орналасқан жері бойынша төлейді. 2020 жылы үшін көлік салығын жеке тұлғалар 2021 жылғы 1 сәуіріне дейін төлеу қажет.
Салық хабарламасы
Жеке тұлғалардың салық салу объектілері бойынша салықты есептеуді салық органдары есепті жылдан кейінгі жылдың 1 шілдесінен кешіктірмей жүргізеді.
Салық кодексінің 114-бабының 2-тармағының 1-тармақшасына сәйкес есептелген салықтардың сомасы туралы хабарлама салық төлеушіге есептелген күннен бастап 10 жұмыс күнінен кешіктірілмей жіберіледі, онда салық сомасы, БСК және басқа да деректемелер көрсетіледі.
Салық басқармасы берешекті өтеу қажеттілігі туралы бірыңғай есеп айырысу орталығының (БЕО) шоттары арқылы, SMS-жіберу арқылы не "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ арқылы мүлікке, жерге және мүлікке есептелген салық сомалары туралы хабарлайды. Тәжірибе салық төлеушілердің басқа аудандарда/өңірлерде салық салу объектілері бар болғандықтан, хабарлама салық төлеушіге кейде жетпейтінін көрсетеді, ал хабарлама мүліктік объектінің орналасқан мекен-жайы бойынша жіберіледі.
Сондықтан мұндай объектілердің иелерің бересінін болдырмау үшін бюджетке төлеуге жататын берешек сомасын анықтау үшін объектілердің орналасқан жері бойынша салық басқармасына дербес жүгіну қажет.
Келесілер көлік құралдарына салынатын салық төлеушілері болып табылмайды
- Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері және жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша оларға теңестірілген адамдар, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталған адамдар, сондай-ақ 1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (әскери қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталмаған адамдар, Кеңес Одағының батырлары мен Социалистік Еңбек Ерлері, "Халық қаһарманы", "Қазақстанның Еңбек Ері" атақтарына ие болған, Даңқ орденінің үш дәрежесімен және "Отан" орденімен марапатталған адамдар, "Батыр Ана" атағына ие болған немесе "Алтын алқа" немесе "Күміс алқа" алқаларымен марапатталған көп балалы аналар, мүгедектер.
- Көлік салығы бойынша жеңілдігі бар тұлғалар бір көлік құралы бойынша ғана төлеушілер болып табылмайды (қозғалтқышының көлемі 4 000 текше сантиметрден асатын, оған қатысты уәкілетті мемлекеттік органда 2013 жылғы 31 желтоқсаннан кейін уәкілетті мемлекеттік органда көлік құралының меншік иесінің ауысуына байланысты тіркеу әрекеттері жүргізілген жеңіл автомобильден басқа).
Төмендегілер жер салығын төлеушілер болып табылмайды
- Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері және жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша оларға теңестiрiлген адамдар, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар, 1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адамдар, мүгедектер, сондай-ақ бала жасынан мүгедектің, мүгедек баланың ата-анасының бірі – барлық iстер мен құжаттар бойынша, кәмелетке толғанға дейін жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
- тұрғын үй қоры, оның ішінде оның жанындағы құрылыстар мен ғимараттар орналасқан жер учаскелері бойынша;
- үй жанындағы жер учаскелері бойынша;
- жеке үй (қосалқы) шаруашылығын жүргізу, бағбандық және саяжай құрылысы үшін берілген жер учаскелері бойынша;
- гараждарға орналасқан жер учаскелері бойынша;
- "Батыр Ана" атағына ие болған, "Алтын алқа" алқасымен марапатталған көп балалы аналар":
- тұрғын үй қоры, оның ішінде оның жанындағы құрылыстар мен ғимараттар орналасқан жер учаскелері бойынша;
- үй жанындағы жер учаскелері бойынша;
- Бөлек тұратын зейнеткерлер:
- тұрғын үй қоры, оның ішінде оның жанындағы құрылыстар мен ғимараттар орналасқан жер учаскелері бойынша;
- үй жанындағы жер учаскелері бойынша.
Келесілер мүлік салығын төлеушілер болып табылмайды:
- Кеңес Одағының батырлары мен Социалистік Еңбек Ерлері, "Халық қаһарманы", "Қазақстанның Еңбек Ері" атақтарына ие болған, Даңқ орденінің үш дәрежесімен және "Отан" орденімен марапатталған адамдар, "Батыр Ана" атағына ие болған, "Алтын алқа" алқасымен марапатталған көп балалы аналар, мүгедектер - меншік құқығындағы барлық салық салу объектілерінің жалпы құнынан республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған айлық есептік көрсеткіштің 1000 еселенген мөлшері шегінде;
- Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері және жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша оларға теңестiрiлген адамдар, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар, 1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адамдар, мүгедектер - меншік құқығындағы барлық салық салу объектілерінің жалпы құнынан республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған айлық есептік көрсеткіштің 1500 еселенген мөлшері шегінде;
- жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, 18 жасқа толғанға дейінгі кезеңге;
- салық базасы салық кодексінің 529-бабына сәйкес айқындалатын және есептеуді салық кодексінің 532-бабына сәйкес салық органдары жүргізетін объектілерді қоспағанда кәсіпкерлік қызметте пайдаланылатын салық салу объектілері бойынша дара кәсіпкерлер.
Пайдалануға немесе жалға берілген салық салу объектілері бойынша жеңілдіктері бар тұлғалар ҚР Салық кодексінде белгіленген тәртіппен салық төлейді.
Резидент еместердің салық төлеуі
Мүлікке, көлік құралына немесе жерге салық төлеу объектісі болып табылатын Қазақстан Республикасында мүлікті сатып алатын шетелдіктер немесе азаматтығы жоқ тұлғалар салық төлеуші ретінде тіркеу үшін осындай мүліктің орналасу орны бойынша салық органына мынадай құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелерін қоса берумен тіркеуді есепке қою туралы салық өтінішін:
- шетелдік және азаматтығы жоқ тұлғалардың жеке куәлігі;
- осындай нөмір болғанда салықтық тіркеу (немесе оның баламасы) нөмірін көрсетумен азаматтық (резиденттік) еліндегі салықтық тіреуді растауды ұсынуға міндетті.
Өсімпұл, салықтарды төлемегені үшін айыппұлдар
Жоғарыда айтылғанның негізінде өз салық міндеттемелерін уақытылы орындамаған барлық салық төлеушілерді, кейінге қалдырмай салықты бүгін төлеуге шақырамыз.
Салықтарды онлайн, банктерде және банкоматтар арқылы төлеңіздер
Салықтарды төлеуде нені білу қажет.
Электрондық үкімет порталы арқылы:
Сізге www.egov.kz порталында тіркелу, сондай-ақ төлем сомасының мөлшері көрсетілген салық комитетінің хабарламасы болу керек.
Төлемді ойдағыдай жүргізгеннен кейін сіз электрондық чек аласыз (жеке кабинеттің «Төлем тарихы» тарауында).
«Қазпочта» АҚ банктері арқылы
Мүлікке салық (БСК 104102), жер салығы (БСК 104302) және көлікке салықты (БСК 104402) «Қазпочта» АҚ барлық бөлімшелерінде, сондай-ақ екінші деңгейлі банктерде төлеуге болады.
Өзімен бірге жеке куәлік, сіздің ауданыңыздың салық органынан салық сомалары бар хабарлама (көлік құралдарына салық, мүлікке салық, жер салығы).
Егер сіз төлемді бағыттаған салық комитетінде тіркеу есебінде тұрмасаңыз, сіз бас тартуды аласыз
Банкоматтар, интернет-банкинг арқылы
Сондай-ақ жеке тұлғалардан салықтарды төлеу мүмкіндігі төмендегілер арқылы іске асырылған (жеке тұлғалардың көлік құралдарына салық, мүлікке салық, жер салығы):
- банкоматтар, төлеу терминалдар «Халық банкі» АҚ, «Kaspi Bank» АҚ, «Forte Bank» АҚ, «Сбербанк России» АҚ;
- интернет-банкинг (MyHalyk) «Халық банкі» АҚ, «Kaspi Bank» АҚ
Банкоматтар арқылы төлеу бойынша нұсқаулық («Халық банк» АҚ, «Forte Bank» АҚ)
Салықтарды төлеу процесінің өзі, банкомат интерфейсі өте қарапайым, интуитивті түсініктік деңгейде іске асырылған, банкомат экранында көрсетілетін көмекші сөздерді қолдану қажет:
- стандартты рәсімнен кейін (тілді таңдау және пин-кодты енгізу) «Төлемдер және аударымдар» операциясының мәзірін таңдаңыз;
- одан кейін «Салықтарды төлеуді» таңдаңыз;
- «Салық түрін» таңдаңыз (БСК): «Мүлікке салықты төлеу», «Жер салығын төлеу» немесе «Көлікке салықты төлеу»;
- «Төлем түрін» таңдаңыз (ТТК): салық, өсімпұл, айыппұл немесе өткен жылдардың берешегі;
- енгізіңіз:
- төлем жүргізілетін салық органының коды (СОК) немесе ұсынылған тізімнен таңдаңыз;
- Жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН);
- экранда төлемдердің жоғарыда аталған барлық тетіктерін тексеру үшін нысан, сондай-ақ банкте алынатын комиссияның мөлшері туралы ақпарат пайда болады;
- сіз енгізілген ақпараттың дұрыстығын растағаннан кейін карточкалық жүйе оны ойдағыдай орындау жағдайында транзакцияны жүргізу әрекетін жасайды, Сізге карточка қайтарылады және төлем туралы чек беріледі, ол салықты төлеуді растайтын ресми құжат болып табылады.
- Чекте мынадай деректемелер көрсетілетін болады:
- банктің атауы;
- телефон нөмірі;
- салықты төлеу күні мен уақыты;
- квитанция нөмірі;
- картаның нөмірі;
- транзакция нөмірі;
- авторизация коды;
- сома (теңгеде);
- салық төлеу жүргізілетін, ТАӘ көрсетумен ЖСН;
- салықтың атауы;
- салық органының коды;
- төлемді тағайындау коды;
- соманы көрсетумен банк комиссиясының мөлшері (теңге).
ЕСТЕ САҚТАҢЫЗ! Сіз салықты бағыттайтын Салық органында тіркеу есебінде тұруыңыз тиіс, басқаша жағдайда сіз бас тарту аласыз.