Айдар парағына өту

ЖКО-ға түскен жағдайда не істеу қажет Баспаға шығару нұсқасы

Cоңғы өзгеріс: 22.09.2020

Әрбір жүргізуші рөлге отырған кезде өз өмірі және жолаушылар мен жаяу жүргіншілердің өмірі үшін жауапты болады. Және олардың әрқайсысы ЖКО кезінде істеуге қажетті және істеуге болмайтын іс-әрекеттер туралы біле аласыз, өйткені, әдетте, мұндай жағдайларда ойластырылмаған шешім жасау адамдарға тән. Бұл мақаладан сіз жол-көлік оқиғасы кезінде жасалатын қадамдық іс-әрекет пен жүріс-тұрыс ережелері туралы біле аласыз. 

Жол-көлiк оқиғасы – көлiк құралының жолда жүруі процесiнде және оның қатысуымен туындаған, адамның денсаулығына зиян келтіруге, өліміне, көлік құралдарының, құрылыстардың, жүктердің бүлінуіне не өзге де материалдық залалға әкеп соққан оқиға.

ЖКО түрлері:

• Қақтығыс 

• Аударылу 

• Кедергіні соғу 

• Жүргіншіні басып немесе соғып кету 

• Велосипедшіні соғып кету 

• Тұрған көлік құралын соғу 

•  Ат-арба көлігін соғу 

• Жануарлар басып немесе соғып кету 

• Жолаушылардың құлауы 

• Өзге оқиғалар 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 қарашадағы № 1196 қаулысымен бекітілген Жол жүрісі қағидаларына (бұдан әрі – ЖЖҚ) сәйкес жол-көлік оқиғасы кезінде оған қатысы бар жүргізуші:

  1. ЖЖҚ-ң 7-бөлімі 2-тармағының талаптарына сәйкес көлік құралын дереу тоқтатуға (орнынан қозғамауға), авариялық жарық сигнал беруін қосуға және авариялық тоқтау белгісін (жанып-сөнетін қызыл фонарь) қоюға, оқиғаға қатысы бар заттарды қозғамауға;
  2. зардап шеккендерге дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсету үшін ықтимал шараларды қолдануға, жедел медициналық жәрдем шақыруға, ал шұғыл жағдайларда зардап шеккендерді жол-жөнекей көлікпен жөнелтуге, егер бұл мүмкін болмаса, өзінің көлік құралымен жақын жердегі емдеу мекемесіне жеткізуге, өзінің тегін, көлік құралының мемлекеттік тіркеу нөмірі белгісін хабарлауға (жеке басын куәландыратын құжатты немесе жүргізуші куәлігін және көлік құралына берілген тіркеу құжатын көрсете отырып) және оқиға болған жерге қайтып келуге;
  3. ЖЖҚ-ң 1-бөлімі 8-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, болған оқиға туралы жақын жердегі ішкі істер органына дереу хабарлауға, оны көргендердің тектері мен мекенжайларын жазып алуға және ішкі істер органдары қызметкерлерінің келуін күтуге;
  4. егер басқа көлік құралдарының жүруі мүмкін болмаса, жолдың жүру бөлігін босатуға;
  5. жолдың жүру бөлігін босату қажет болған кезде оқиғаға қатысы бар көлік құралының орналасуын, іздер мен заттарды куәлардың қатысуымен алдын ала белгілеп, оларды сақтауға барлық ықтимал шараларды қолдануға және оқиға болған жерді өзгелердің айналып өтуін қамтамасыз етуге міндетті.

Жол-көлік оқиғасы болған жағдайда, егер зардап шеккендер болмаса, болған оқиғаның мән-жайларын бағалауда жүргізушілер өзара келіскен кезде оқиғаның схемасын алдын ала жасап және оған қол қойып, оқиғаны ресімдеу үшін ішкі істер органдарының жақын бөлімшесіне келеді.

Басқа сөзбен айтатын болсақ, ЖКО кезінде:

  1. зардап шеккендердің бар-жоқтығын тексеру, егер бар болатын болса жедел жәрдем шақыру;
  2. "апаттық сигналды" қосу және апаттық аялдау белгісін орнату;
  3. егер оқиға куәгерлері болса, олардың байланыс деректерін жазып алу керек. Бұл ерекше жағдайларда пайдалы болуы мүмкін;
  4. әкімшілік полиция қызметкерлері (егер зардап шеккендер болмаса – 102/ бар болса – 112 (қоңырау шалу тегін)) мен сақтандыру агенттерін шақыру (тел.: сақтандыру куәлігінен қараңыз).

Жол-патрульдік полиция қызметкерлері келген кезде істің барлық материалдарын ресімдеуі тиіс:

  1. ЖКО сызбасын құрастыру, 
  2. ЖКО жерін қарау хаттамасы, 
  3. әкімшілік хаттама, 
  4. түсініктемелер іріктеу, 
  5. жүргізушілерді медициналық куәландыруға жіберу. 

Сонымен қатар жол-патрульдік полиция қызметкерлері сіздің барлық құжаттарыңызды тексереді, сызбаны салады, сондай-ақ, кейбір жағдайларда, егер көлік құралы ЖКО орнында басқа аватомобильдердің қозғалысын қиындататын болса көлік құралдарын сүйреп әкетуді сұрайды.

Бұдан әрі жол-патрульдік полициясының қызметкері сізге жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының атына түсініктеме бланкісін береді.

Сіз бланкіні толтырасыз, онда міндетті түрде ЖКО-ның шамамен алынған уақытын, көшелерінің қиылысы (қай жерге қарама-қарсы болды), автокөліктің мем. нөмірін, қозғалыс бағытын және оқиғаның егжей-тегжейлі сипаттамасын, МАҚЖ полисі нөмірін көрсету қажет. 

ЖКО-ға қатысты сызбалар, хаттамалар жасау

Айып тұрағы 

Медициналық куәландыру

Түсініктемені толтыру

Техникалық сараптама (бағалау) 

Мамандандырылған аудандық және/немесе оларға теңестірілген әкімшілік соты

ЖКО жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілік 

ЖКО жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілік

 

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.