«Алматы Жастары» жеңілдікпен несиелендіру бағдарламасы Баспаға шығару нұсқасы
Cоңғы өзгеріс: 22.11.2022Алматы қаласының әкімдігі Алматы қаласының 35 жасқа дейінгі (қоса алғанда) жастарын қолдау мақсатында «Алматы жастары» қалалық жеңілдікпен несиелендіру бағдарламасын әзірледі. Бағдарламаның бірегейлігі - төмен пайыздық мөлшерлемеде - 18 млн. теңгеге дейінгі заем жаңа және ескі тұрғын үй нарығында тұрғын үй сатып алуға жылдық жеңілдікті 5% - бен беру.
Сондай-ақ, өтініштер мен құжаттарды қабылдаудың барлық кезеңінде қатысушыларда берілген өтінішті редакциялау, құжаттарды толықтыру мүмкіндігі бар екенін еске саламыз. Ұсынылған құжаттардың тізімімен жеке кабинетте танысуға болады.
«АЛМАТЫ ЖАСТАРЫ» ҚАЛАЛЫҚ ЖЕҢІЛДІКПЕН НЕСИЕЛЕНДІРУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ШАРТТАРЫ
- Бюджет - 18 млн. теңгеге дейін;
- Заемның ең жоғарғы сомасы - 18 млн. теңгеге дейін;
- Пайыздық мөлшерлеме - 5%;
- Бастапқы жарна -10%;
- Сатып алынатын тұрғын үй – жаңа немесе ескі тұрғын үй не пайдалануға берілген / салынып жатқан тұрғын үй, «Қазақстан тұрғын үй компаниясы» АҚ кепілдігі болған кезде - үлестік қатысу;
- «Отбасы банк» АҚ ішкі құжаттарына сәйкес төлем қабілеттілігін растау;
- Қамтылуы - 1000 адам.
Өтініш пен құжаттарды беру www.almaty-zhastary.kz сайтында электрондық цифрлық қолтаңба арқылы жүзеге асырылады, оны ХҚКО-да алуға болады.
ТҰРҒЫН ҮЙ ЗАЕМЫН АЛУ ҮШІН МЕНІҢ ІС-ӘРЕКЕТТЕР АЛГОРИТМІМ ҚАНДАЙ?
«АЛМАТЫ ЖАСТАРЫ» ҚАЛАЛЫҚ ЖЕҢІЛДІКПЕН НЕСИЕЛЕНДІРУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ТАЛАПТАРЫ
1. Қазақстан Республикасының азаматы болу;
2. Қатысушының жасы 35 жасқа дейін (қоса алғанда), өтініш беру кезінде, жұбайының (зайыбының) жасына қарамастан (бар болса). Бағдарламаға негізгі қатысушы ретінде тек ерлі-зайыптылардың біреуі ғана қатыса алады;
3. Үміткерде және оның отбасы мүшелерінде меншік құқығында тұрғын үйдің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында соңғы 5 жыл ішінде тұрғын үй жағдайының әдейі нашарлауы фактілерінің болмауы, Қазақстан Республикасының аумағында мемлекеттік бағдарламалар желісі бойынша алынған отбасының басқа мүшелерінің ортақ бірлескен (үлестік) меншігін құрайтын үлестік меншіктегі үлес немесе жалға берілетін тұрғын үй, бұған: бағдарламаға қатысушының немесе отбасы мүшелерінің кәмелетке толғанға дейін алған жылжымайтын мүліктегі үлесті және жұмыс істейтін жастарға сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үйлерді (берілген тұрғын үйден бас тарту өтініші болған жағдайда) қоспағанда;
4. Қатысушының Алматы қаласында келесі санаттар бойынша міндетті зейнетақы мөлшерлемесімен кем дегенде соңғы 6 ай ішінде ресми жұмыс өтілінің болуы: денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт, ЖОО-лар және ҒЗИ, журналистер, әлеуметтік сала және құқық қорғау органдары (санаттағы неғұрлым толық сипаттамамен «АЛМАТЫ ЖАСТАРЫ» ҚАЛАЛЫҚ ЖЕҢІЛДІКПЕН НЕСИЕЛЕНДІРУ БАҒДАРЛАМАСЫНА ҚАТЫСУ ҮШІН ҚАТЫСУШЫЛАРДЫ ІРІКТЕУ ТӘРТІБІ ҚАНДАЙ» бөлімінен танысуыңызды сұраймыз);
5. Алматы қаласында қосымша тіркелген, бір жылдан кем емес мерзімде әрекет ететін ЖК (бар болса) (аталған талап мәдениет саласындағы өзін-өзі жұмыспен қамтыған қатысушыларға ғана қатысты).
«АЛМАТЫ ЖАСТАРЫ» ҚАЛАЛЫҚ ЖЕҢІЛДІКПЕН НЕСИЕЛЕНДІРУ БАҒДАРЛАМАСЫНА ҚАТЫСУ ҮШІН ҚАНДАЙ ҚҰЖАТТАР ЖИНАУ КЕРЕК
Қарауға өтініш пен құжаттарды берген күнге 10 күнтізбелік күннен бұрын берілмеген келесі сканерленген құжаттар қабылданады:
- Үлгі бойынша өтініш. Өтініш үлгісін жүктеп алу;
- Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеудің сканерленген куәлігі (балалардың туу, қайтыс болу, неке (ерлі-зайыптылықты) қию, некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу);
- «Электрондық үкіметтің» веб-порталынан алынған өтініш берушіге және барлық отбасы мүшелеріне Қазақстан Республикасы бойынша жылжымайтын мүліктің жоқ (бар) екендігі туралы анықтамасы (egov.kz);
- «Электрондық үкіметтің» веб-порталынан алынған соңғы 1 жылға зейнетақы аударымдары туралы үзінді (egov.kz);
- Белгіленген үлгідегі ұйымның/мекеменің фирмалық бланкісінде анықтаманың берілген күнін, шығыс нөмерін, жұмысқа тұрған күні мен қызметтік лауазымын көрсетіп берілген жұмыс орнынан анықтамасы. Ресми бланкі болмаған жағдайда, анықтамада ұйымның мөрлері болуы тиіс. Анықтама үлгісін жүктеу;
- Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес еңбек өтілін растайтын құжаттар;
- БАҚ-қа есепке қою куәлігі (аталған талап тек журналистер саласының қатысушыларына қатысты);
- Қосымша (болған жағдайда) Алматы қаласы Мәдениет басқармасынан растайтын анықтамалар (құжаттар) (аталған талап тек қана мәдениет саласындағы өзін-өзі жұмыспен қамтыған қатысушыларға қатысты).
«АЛМАТЫ ЖАСТАРЫ» ҚАЛАЛЫҚ ЖЕҢІЛДІКПЕН НЕСИЕЛЕНДІРУ БАҒДАРЛАМАСЫНА ҚАТЫСУ ҮШІН ҚАТЫСУШЫЛАРДЫ ІРІКТЕУ ТӘРТІБІ ҚАНДАЙ?
Санаттар бойынша тізімдерге кезекке сәйкес қосу жинаған балл санымен (ең көп балл саны бойынша) анықталады.
Тұрғын үй заемдарын бөлу бөлек санаттар (салалар) бойынша жүргізіледі.
Объектілері Алматы қаласында орналасқан келесі қызмет салаларының қызметкерлері қатыса алады:
- Денсаулық сақтау, атап айтқанда: мемлекеттік қалалық және республикалық ұйымдардың/мекемелердің штаттық қызметкерлері, мемлекеттік қызметкерлерді қоспағанда;
- Білім, атап айтқанда: мемлекеттік қалалық және республикалық ұйымдардың/мекемелердің штаттық қызметкерлері, мемлекеттік қызметкерлерді қоспағанда;
- Мәдениет, атап айтқанда: мәдениет саласындағы 10 шығармашылық одақтың мүшелері (Қазақстан жазушылар одағы, Композиторлар одағы, Суретшілер одағы, Жас суретшілер одағы, Дизайнерлер одағы, Қазақстан Республикасы театр қайраткерлері одағы, Қазақстан Республикасы сәулетшілер одағы, Кинематографистер одағы, Қазақстан Республикасы музыка қайраткерлері одағы, Шеберлер одағы), мемлекеттік қалалық және республикалық ұйымдардың/мекемелердің штаттық қызметкерлері, сондай-ақ Алматы қаласы Мәдениет басқармасының анықтамасы бар өзін-өзі жұмыспен қамтыған мәдениет саласының қатысушылары, мемлекеттік қызметкерлерді қоспағанда;
- Спорт, атап айтқанда: мемлекеттік қалалық және республикалық ұйымдардың/мекемелердің штаттық қызметкерлері, мемлекеттік қызметкерлерді қоспағанда;
- ЖОО және ҒЗИ, атап айтқанда: ұлттық жоғары оқу орындарының, ғылыми-зерттеу қызметті іске асыратын мемлекеттік қалалық және республикалық кәсіпорындардың/мекемелердің, сондай-ақ қалалық және республикалық зертханалардың штаттық қызметкерлері, мемлекеттік қызметкерлерді қоспағанда;
- Журналистер, атап айтқанда: БАҚ-қа есепке қою куәлігі бар ұйымдардың/мекемелердің штаттық қызметкерлері, мемлекеттік қызметкерлерді қоспағанда;
- Әлеуметтік сала, атап айтқанда: мемлекеттік қалалық және республикалық ұйымдардың/мекемелердің штаттық қызметкерлері, мемлекеттік қызметкерлерді қоспағанда;
- Құқық қорғау органдары, атап айтқанда: ҚР ІІМ, Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті, Алматы қаласының Прокуратурасы, Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Алматы қаласы бойынша департаментінің штаттық қызметкерлері.
Өтінім берушілерде баллдар тең болған жағдайда, өтініш пен құжаттарды беру уақыты мен күні ерте тапсырған қатысушы басымдыққа ие болады.
БАЛЛДАР ҚАЛАЙ ЕСЕПТЕЛЕДІ?
Өтініш берушілердің тізімі баллдық жүйені ескере отырып санаттар (салалар) бойынша қалыптастырылады (баллдардың ең көп саны бойынша):
ӨЛШЕМДЕР |
БАЛЛДАР |
Тіркелген некедегі әрбір жыл үшін |
1 |
1 (бір) бала болған жағдайда |
1 |
Осы санаттағы (саладағы) өтілінің әрбір жылы үшін |
2 |
ХӘЖОТ қатарына жататыны үшін |
5 |
* ХӘЖОТ – «Тұрғын үй қатынастары туралы» ҚР Заңының 68-бабына сәйкес халықтың әлеуметтiк жағынан осал топтар.
ҚҰЖАТТАРДЫ ӨТКІЗДІМ, МЕНІҢ КЕЛЕСІ ҚАДАМЫМ ҚАНДАЙ? ТӨЛЕМ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН БАҒАЛАУДЫ ҚАЛАЙ ӨТЕМІН?
Тапсырылған өтініштің деңгейін осы сайттағы жеке кабинетте, сондай-ақ өтінімдер тізіміде өзіңіз қарай аласыз.
«Отбасы банк» АҚ-да төлем қабілетін бағалау үшін жолдама осы сайттағы жеке кабинетке беріледі. Бас тарту себебі осы сайттың «ҚАБЫЛДАНБАҒАН ӨТІНІШТЕРДІҢ ТІЗІМІ» бөлімінде орналастырылады.
Жолдама алған өтініш берушілер 15 (он бес) жұмыс күні ішінде төлем қабілеттілігін бағалаудан өту үшін «Отбасы банк» АҚ-ның кез келген қызмет көрсету орталығына жүгіну тиіс.
Мекенжайлар тізімі https://hcsbk.kz/contacts/ сайтында қолжетімді.
Өтініш беруші «Отбасы банк» АҚ келмеген жағдайда Алматы қаласының әкімдігі жолдаманы жойып, оны келесі қатысушыға тізім бойынша беруге құқылы.
«ОТБАСЫ БАНК» АҚ-ДА ТӨЛЕМ ҚАБІЛЕТІН БАҒАЛАУҒА ҚАЖЕТТІ ҚҰЖАТТАР
- «Отбасы банк» АҚ-да төлем қабілетін бағалау үшін жолдама;
- Клиенттің және клиент жұбайының жеке басын куәландыратын құжат (құжаттардың түпнұсқасы және көшірмелері);
- Некеге тұру / Некені бұзу туралы куәлік / Қайтыс болу туралы куәлік (құжаттардың түпнұсқасы және көшірмелері);
- Балалардың туу туралы куәліктері (құжаттардың түпнұсқасы және көшірмелері);
- Барлық ұсталған соманы көрсету арқылы жалақы туралы анықтама (соңғы 7 немесе 13 айға);
- egov.kz веб-порталынан клиенттің және клиент жұбайының зейнетақы аударымдары туралы үзінді көшірме (соңғы 6 немесе 12 айға);
Қосымша (бар болса):
- Зейнетақы кітабы немесе зейнетақы куәлігі (құжаттардың түпнұсқасы және көшірмелері);
- Зейнетақы мөлшері туралы ЕДБ карта шотынан үзінді көшірме немесе зейнетақы мөлшері туралы ЗТМО-дан анықтама;
- Шәкіртақы мөлшерін растайтын құжат;
- Біліктілікті көтеруге жолдама туралы бұйрық және қызметті сақтау туралы анықтама;
- Шоттан үзінді көшірме мен тұрғын үй төлемдерін алу туралы анықтама (6 айға және одан көп).
Банктің қосымша құжаттар талап ету құқығы бар!
ТАБЫСДЫ РАСТАЛҒАН ЖАҒДАЙДА ЖЕКЕ КӘСІПКЕРЛЕРГЕ «ОТБАСЫ БАНК» АҚ-ҒА ТӨМЕНДЕГІ ҚҰЖАТТАРДЫ ҰСЫНУ ҚАЖЕТ (аталған талап, мәдениет саласындағы өзін-өзі жұмыспен қамтыған қатысушыларға ғана қатысты)
- ЖК қайта тіркеу туралы хабарлама, талон, сондай-ақ, бар болған жағдайда ЖК мемлекеттік тіркеу туралы куәлік (түп нұсқа және көшірме);
- Қарыздың жоғы туралы салық органынан анықтама;
- Соңғы есепті жылға салық есебі (200-н., 240-н., 220-н.);
- Соңғы есепті жылға табысты көрсету мен кәсіпкерлік қызметке патент;
- Салық органының белгісі мен соңғы есепті жылға декларация (911.00 нысан) (құжаттардың түпнұсқасы және көшірмелері);
- Кіші бизнес субъектілері үшін соңғы есепті жылға оңайлатылған декларация (911.00 нысан);
- Салық төлеуші салық есебін бергені туралы хабарлама (растау);
- Жылжымайтын мүліктің құқық белгілеуші құжаттары / ЖК және СЗЛ кәсіпкерлік қызметін жүргізу орындары және/немесе жылжымайтын мүлікті жалдау шарттарының көшірмелері/бизнес орындары (құжаттардың түпнұсқасы және көшірмелері);
- Ағымдағы лицензия, егер аталған қызмет түрі лицензиялауға жататын болса (құжаттардың түпнұсқасы және көшірмелері);
- Банктік шот бойынша үзінді көшірме;
- Жеке қызметті растайтын қолданыстағы шарттар/келісімшарттар (болған кезде) (құжаттардың түпнұсқасы және көшірмелері);
- Болған жағдайда касса аппаратының деректері (банк маманының шығу уақытының алдындағы уақыт кезеңі үшін, өткен ағымдағы күн үшін);
- Несие өтінімін берген айдың алдындағы соңғы 3 күнтізбелік айға табыстар/шығыстар туралы жазбалар (осы тармақшаның 10), 11), 12), 13) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды беруге мүмкіндік болмаған жағдайда беріледі).
Банктің қосымша құжаттар талап ету құқығы бар!
ТӨЛЕМ ҚАБІЛЕТТІЛІГІ БАҒАЛАНҒАННАН КЕЙІНГІ ІС-ӘРЕКЕТТЕРІМ ҚАНДАЙ?
Қатысушы банк рәсімінен өтпеген жағдайда Әкімдік келесі қатысушыға тізім бойынша жолдама береді.
Қатысушы Банк біліктілігін өткеннен кейін хабарлама алған күннен, 45 (қырық бес) күнтізбелік күн ішінде тұрғын үйді таңдап, құжаттарды «Отбасы банк» АҚ-ға ұсынуға міндетті.
Егер қатысушы белгіленген мерзімде тұрғын үйДІ алмаған жағдайда, Әкімдік келесі қатысушыға жолдама береді.
ТУЫНДАҒАН СҰРАҚТАРҒА ЖАУАПТ ҚАЙДАН АЛУҒА БОЛАДЫ?
Қосымша ақпарат алу үшін, келесі телефондар арқылы хабарласыңыз:
ТЕЛЕФОН |
|
|
---|---|---|
+7 (727) 225 14 57 |
|
|
300 (мобильді телефон үшін) |
|
Дереккөз: almaty-zhastary.kz