Айдар парағына өту

Назарбаев университетіне оқуға қалай түсуге болады? Баспаға шығару нұсқасы

Cоңғы өзгеріс: 14.04.2023

Nazarbayev University логотипі

Әлемдік деңгейдегі зерттеу жоғары оқу орны болуы тиіс Назарбаев Университеті 2010 жылы құрылған. ЖОО халықаралық академиялық стандарттарға сәйкес жұмыс істейді және академиялық еркіндік пен институционалдық дербестік қағидаттарын басшылыққа алады.

Қазіргі таңда Назарбаев Университетінде халықаралық танымал жоғары оқу орындарымен стратегиялық әріптестікте бакалавриат, магистратура және докторантура бағдарламаларын ұсынатын жеті мектеп жұмыс істейді. Сонымен қатар, университеттің құрамына  National Laboratory Astana және Nazarbayev University Research and Innovation System атты ғылыми орталықтар, пилоттық Технопарк  және НУ инновациялық кластерінің құрамында басқа ұйымдар, сондай-ақ “University Medical Center» корпоративтік қорының төрт клиникасы кіреді.

Назарбаев Университеті Қазақстанда зерттеу үлгісіндегі жоғары білім беру ұйымдарының жаңа парадигмасын құруға және Астана қаласының халықаралық білім беру хабы, инновациялар мен білім орталығы ретінде қалыптасуына үлес қосуға ұмтылады. Назарбаев Универститетінің қызметі қарқынды өзгеріп жатқан және интеграцияланған  жаһандық экономиканың талаптарына сай болу үшінөтпелі кезеңде қазақстандық білім жүйесін қолдау және индустрия мен технологиядағы инновацияларға, озық зерттеушілерді дайындауға бағытталған.

Назарбаев Университетінде оқу қалай өтеді?

Назарбаев Университеті оқуға түсушілерге жоғары талаптар қояды. Статистика бойынша жыл сайын елімізде 1000-ға жуық түлектер университеттің студенттері болады. Университетте оқу ағылшын тілінде өтеді.

Назарбаев Университетінің стратегиялық даму моделі әлемнің үздік университеттерінің рейтингісіндегі жетекші жоғары оқу орындарымен әріптестікке негізделген. Университеттің әр мектебі мен зерттеу орталығы әлемнің келесі жетекші университеттерімен және ғылыми орталықтарымен ынтымақтастықта дамуда (әліпби бойынша):

НУ-дың дамуына үлес қосқан стратегиялық әріптестер:

Назарбаев Университетінде білім беретін 7 мектеп және 1 Дайындық мектебі бар:

  • Инженерия және цифрлық ғылымдар мектебі;
  • Жаратылыстануғ гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар мектебі;
  • Жоғары бизнес мектебі;
  • Жоғары мемлекеттік саясат мектебі;
  • Жоғары білім беру мектебі;
  • Медицина мектебі;
  • Тау-кен ісі және жер туралы ғылымдар мектебі;
  • Дайындық мектебі 

Университетте оқу мынадай бағдарламалар бойынша жүзеге асырылады:

Университет аллдындағы дайындық бағдарламасы - Foundation;

  • бакалавриат;
  • магистратура;
  • докторантура;
  • резидентура;
  • біліктілік арттыру бағдарламасы.

Назарбаев Университетіндегі Университет алдындағы дайындық (Foundation) бағдарламасына қалай түсуге болады?

NUFYP (Nazarbayev University Foundation Year Program) – Назарбаев Университеті Дайындық мектебінің жеделдетілген 1 жылдық бағдарламасы. Курстың аясында тыңдаушылар бакалавриат бағдарламасына жеделдетілген академиялық, ғылыми және тілдік дайындықтан өткізіледі. Білім алу ҚР мемлекеттік қаражаты есебінен іске асыралатын “Назарбаев Университеті” гранты шеңберінде және ақылы түрде болуы мүмкін. Университет алдындағы Дайындық бағдарламасында оқудың нәтижесінде Назарбаев Университетінің мектептері студенттерді бакалавриат бағдарламаларына одан әрі оқуға қабылдайды.

 Назарбаев Университеті Университет алдындағы дайындық бағдарламасына конкурстық іріктеуге қатысу үшін талапкерлерге келесі қадамдарды жасау қажет:

  1. Жеке кабинет құру үшін аdmissions.nu.edu.kz порталында тіркелу;
  2. Жеке кабинетте өтінім нысанын толтыру және қажетті құжаттарды жүктеу:
  • жеке куәліктің немесе төлқұжаттың электрондық көшірмесі;
  • жалпы орта білімі туралы аттестаттың/ қосымшасы бар дипломның немесе оқу орнынан берілетін анықтаманың электрондық көшірмесі (үлгі бойынша);
  1. IELTS/TOEFL нәтижелері. Стандартталған тестілеу нәтижелері тест әкімшілері арқылы Университетке жіберіледі.
  2. Онлайн тіркеу жарнасын төлеу.
  3. SUBMIT APPLICATION түймешігін басу.

Онлайн тіркеу жабылғаннан кейін, барлық тіркелген талапкерлер үш кезеңнен тұратын түсу емтихандарына қатысу үшін шақырылатын болады (қаңтардан сәуірге дейін). Түсу емтиханының әр кезеңіне Назарбаев Университетінің әріптесі әкімшілік етеді.

Емтихандарға кіруге рұқсат туралы ақпарат жеке кабинетте орналастырылады. Тестке 5 күн қалғанда талапкердің электрондық поштасына емтиханның өтетін орны, уақыты, қажетті құжаттар мен емтихан ережелері туралы ақпарат жіберіледі. Емтихан кестесін Маңызды күндер деген бөлімнен таба аласыз.

Тест нәтижелері талапкердің жеке кабинетінде сақталады және қосымша жеке электрондық поштасына жіберіледі. Тест нәтижелері бойынша апелляция көзделмеген. Назарбаев Университетінің Дайындық бағдарламасына қабылдау емтихандары талапкерлер үшін тегін.

  

1-кезең: APTIS

2-кезең: Nazarbayev University Foundation Year Program Entrance Test

3-кезең: Academic IELTS

 

Бұл кезеңде ағылшын тілінің жалпы деңгейі анықталады.

Сұрақтар саны – 75.

Емтихан ұзақтығы – 55 минут.

Тест нысаны – бірнеше жауап нұсқалары бар сұрақтар.

Ең төмен өту балы  – 38.

APTIS тесті жайлы көбірек білгіңіз келсе осы сілтемені басыңыз.

 

 

 

APTIS-тен сәтті өткен немесе жоғарыда көрсетілген себептер бойынша босатылған талапкерлер, «Математика» және «Сыни тұрғыдан ойлау және мәселелерді шешу дағдылары» пәндер бойынша академиялық дайындық деңгейін бағалайтын NUFYP Entrance Test пәндік емтиханын тапсыруға жіберіледі.

Сұрақтар саны – 60.

Тест ұзақтығы – 120 минут.

Тест нысаны – бірнеше жауап нұсқалары бар сұрақтар.

Ең төмен өту балы  – 120, бұл ретте  әрбір пәннен ең төменгі балл – 50. Мысалы: 50 балл  + 70  балл = 120  – балл жалпы өту балын алу үшін пәндер бойынша балдардың ең төменгі қосындысы.

NUFYP Entrance Test жайлы көбірек білгіңіз келсе осы сілтемені басыңыз.

Түсу емтиханының екінші кезеңінен сәтті өткен талапкерлер, Academic IELTS емтиханын тапсыруға жіберіледі. Academic IELTS – халықаралық стандартталған академиялық ағылшын тілі деңгейін анықтайтын тест.

Жазу, оқу, тыңдалым және сөйлеу қабілетін бағалайды.

Тест ұзақтығы – 2 сағат 54 минут.

Тест нысаны – жазбаша және ауызша бөлімдерден тұрады.

 

Белгіленген мерзімге дейін ең төмеңгі талаптарға сай келетін Academic IELTS/TOEFL сертификатын ресми электронды сертификаттарын Тест Әкімшілігінен тікелей Назарбаев Университетіне жіберген және жеке кабинетіне сертификаттың сканерленген көшірмесін жүктеп оның нәтижелерін еңгізген талапкерлер қабылдау емтихандарының 1-ші және 2-ші кезеңдерінен (APTIS және IELTS емтиханы) босатылады. Ең соңғы күні Университет сайтында көрсетілген.

IELTS үшін код: Nazarbayev University

TOEFL үшін код: 6762

  Academic IELTS және TOEFL бойынша ең төменгі өту баллдары

IELTS

TOEFL iBT

TOEFL PDT*

6.0

(әрбір секцияда 5.0)

60

(«оқу» секциясы бойынша 4;  «тыңдалым» секциясы бойынша 4; «сөйлесу бөлімі» секциясы бойынша 14;  «жазу» секциясы бойынша 14)

550

(«оқу», «тыңдалым» секциялары бойынша

50; «жазу» секциясы бойынша 2; «сөйлеу» секциясы бойынша Қабылдау комиссиясы белгілейді)

* TOEFL PDT ресми IELTS және TOEFL iBT өткізілмейтін елдерден келген шетелдік талапкерлерден ғана қабылданады.

Қабылдау емтихандарының қорытындылары бойынша қабылдауға ұсынылатын талапкерлердің тізімі қалыптастыралады. Оқуға қабылдау үшін конкурстық іріктеуді өткізу кезінде мына басымдылыққа сәйкес талапкерлердің көрсеткіштері ескеріледі:

  1. NUFYP Entrance Test нәтижесі
  2. IELTS нәтижесі.

Конкурстық іріктеу кезеңдерінің және талапкерлердің құжаттарын қараудың нәтижелері бойынша  Қабылдау комиссиясы талапкерлерді Назарбаев Университетінің Дайындық мектебіне қабылдауға ұсынады. Іріктеу кезеңдерінен сәтті өту Назарбаев Университетінің Дайындық мектебіне қабылдануға кепілдік бермейді.

“Назарбаев Университеті” білім гранты (мемлекеттік грант) шеңберінде қабылдауға ұсынылған талапкерлердің қатарына кірмеген, алайда қабылдау талаптарына сәйкес келетін талапкерлер резервтік тізімге енгізіледі. Егер қабылдауға ұсынылған талапкерлер тізімінде бос орын пайда болса, резервтік тізімдегі талапкерлер қабылдауға ұсынылуғы мүмкін. Сондай-ақ, резервтік тізімдегі талапкерлерге ақылы түрде оқу конкурсына қатысуғаа мүмкіндік беріледі.

Қабылдануға ұсынылған талапкерлерг оқуға шақыру, құжаттарды тапсыру жөніндегі нұсқаулық пен қосымшалар қоса беріліп, соңғы мерзімдері мен талаптары көрсетілген электрондық Хабарлама-хатты алады. Олар 30 000 теңге көлеміндегі Кепілдік жарнасын төлеуі және Хабарлама-хатта  белгіленген мерзімдерде құжаттарды тапсыруы тиіс. Кепілдік жарна талапкерге оқу басталғаннан кейін қайтарылады.

Университет алдындағы дайындық (Foundation) бағдарламасының ақылы оқу бөліміне қалай түсуге болады?

Ақылы оқуға түсу конкурсына келесі талапкерлер қатыса алады:

  • мемлекеттік гранты шеңберінде оқу үшін ағымдағы жылдың конкурсына қатысқан, NUFYP ET және IELTS (TOEFL) емтихандарының нәтижелері ең төменгі талаптарға сай келетін, алайда грантқа түсе алмаған, сонымен бірге резервтік тізімге енгізілген талапкерлер;
  • admissions.nu.edu.kz порталында онлайн тіркеуден өткен және IELTS және TOEFL, SAT немесе AСT емтихандарын дербес тапсырып, төменде көрсетілген кестедегі ең төменгі талаптарға сай нәтижелері бар талапкерлер.

Тест нәтижелері бойынша ең төмен талаптар:

SAT Reasoning Test with Essay – 1100. Эссе үшін ең төменгі балл белгіленбейді.

немесе: ACT with writing part – 22. Эссе үшін ең төменгі балл белгіленбейді;

Academic IELTS – 6.0 (секцияларында кемінде 5.0)

немесе: TOEFL iBT – 60-78 («оқылым» секциясы бойынша 4; «тыңдалым» секциясы бойынша 4; «сөйлеу бөлімі» секциясы бойынша 14; «жазылым» секциясы бойынша 14),

немесе: TOEFL PDT* – 550 («оқылым», «тыңдалым» секциялары бойынша 50; «жазылым» секциясы бойынша 2; «сөйлеу бөлімі» секциясын Қабылдау комиссиясы белгілейді).

*TOEFL PDT ресми IELTS және TOEFL iBT емтихандары жүргізілмейтін елдерден келген шетелдік талапкерлерден ғана қабылданады.

Емтихан нәтижелері Назарбаев Университеті кодын (Institutional Code) пайдалана отырып, тест әкімшісі арқылы Университеттің мекенжайына жіберіледі:

  • Nazarbayev University –IELTS үшін
  • 6762 – TOEFL үшін
  • 7915 – SAT тесті үшін
  • 5521 –ACT with Writing Part үшін

Конкурстық іріктеу аяқталған соң Қабылдау комиссиясы ақылы негізде қабылдауға  талапкерлерді ұсынады. Аталған талапкерлер оқуға шақыру, Құжаттарды тапсыру жөніндегі нұсқаулық пен қосымшалар қоса берілген, соңғы мерзімдер мен талаптар көрсетілген электрондық Хабарлама-хатты алады.

Оқуға қабылдауға шақыруды қабылдаған жағдайда талапкерлер 30 000 теңге көлеміндегі Кепілдік жарнасын төлеуі және Хабарлама-хатта көрсетілген мерзімдерде құжаттарды тапсыруы тиіс. Кепілдік жарна талапкерге оқу басталғаннан кейін қайтарылады.

Шет тілдерде ұсынылатын құжаттар  қазақ немесе орыс тіліне аударылуы және нотариалды расталуы тиіс. Құжаттар топтамасын уақытында тапсырмаған талапкерлер конкурсқа қатысуын жалғастыру мүмкіндігінен айырылады.

 Назарбаев Университетіне тапсырылған барлық құжаттар қайтарылмайды, бірақ оқуды аяқтаған соң жалпы орта білімі туралы аттестаттың түпнұсқасы (немесе басқа, бұрын тапсырған құжатқа байланысты) қайтарылады.

Университет алдындағы дайындық бағдарламасынан өтпей-ақ, бакалавриат бағдарламаларына қалай түсуге болады?

Бакалавриат бағдарламаларына конкурстық іріктеуге қатысу үшін талапкерге келесі қадамдарды жасау қажет:

  1. Жеке кабинет ашу үшін аdmissions.nu.edu.kz порталында тіркелу;
  2. Жеке кабинетте өтінім нысанын толтыру және қажетті құжаттарды жүктеу:
  • жеке куәліктің немесе төлқұжаттың электрондық көшірмесі;
  • жалпы орта білімі туралы аттестаттың/ қосымшасы бар дипломның немесе оқу орнынан берілетін анықтаманың электрондық көшірмесі (үлгі бойынша);
  • IELTS/TOEFL және/немесе SAT/ACT сертификаттарының көшірмелері. Стандартталған тест нәтижелері электронды түрде тест Әкімшілері арқылы университетке жіберіледі.
  • Эссе-негіздеме;
  1. Онлайн тіркеу жарнасын төлеу,
  2. SUBMIT APPLICATION түймешегін басу.

Ескерту: құжаттардың толық тізімін nu.edu.kz сайтынан таба аласыз.

 Конкурсқа қатысуға арналған өтінім онлайн толтырылғаннан кейін, сондай-ақ тіркелу аяқталғаша «Жеке кабинетке» қажетті электрондық құжаттарды жүктеген соң аяқталды деп саналады. Конкурстың нәтижесі бойынша және шешімдердің негізінде Қабылдау комиссиясы бекіткен рейтингке сәйкес Мектептердің Қабылдау комиссиялары үміткерлерді оқуға қабылдауға  ұсынады. Аталған үміткерлерге электрондық мекенжайына Қабылдау комиссиясының қабылдаған шешімі туралы ресми хабарлама-хат жолданады. Үміткерлер де өз статусын «Жеке кабинетінен» көре алады.

Ең төменгі талаптар.

  1. Орта мектептердің (немесе оның шетелдік баламасы), колледждің, UK Foundation Programme түлектері және/немесе соңғы жылда білім алып жүрген оқушылары және A-level бағдарламасының түлектері және ауысатын студенттер үшін ең төменгі талаптар.

Мектептер

SAT Subject Test үшін ең төменгі талаптар

SAT Reasoning Test және ACT үшін ең төменгі талаптар

IELTS немесе TOEFL үшін ең төменгі талаптар

 

Жаратылыстану, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар мектебі

SAT Subject Test – математика немесе физика мамандықтары үшін, математикадан 600, физикадан 600-ден кем емес

немесе

SAT Subject Test – химия немесе биология ғылымдары мамандықтары үшін химиядан 600 және биологиядан 600-ден кем емес

  BA мамандықтарына талап етілмейді

 

 

 

 

 

 

SAT Reasoning Test – 1240 кем емес. Эссе міндетті болып табылады, ең төменгі балл белгіленбейді

немесе

ACT with writing part – жалпы балл (composite score) кем дегенде 27.

Бұл ретте жазбаша бөлімге ең төменгі балл белгіленбейді.

 

 

 

 

 

 

IELTS – жалпы балл 6.5-тен кем емес (әрбір секция бойынша 6.0-ден кем емес)

немесе

TOEFL iBT - 79 (оқу (reading) – 13-тен кем емес, тыңдау (listening) – 12-ден кем емес, сөйлеу (speaking) – 18-ден кем емес, жазу (writing) – 21-ден кем емес)

немесе

TOEFL PDT* - 574

 

 

Инженерия және цифрлық ғылымдар мектебі

 

 

SAT Subject Test – 600 математика үшін және 600 физика үшін

 

 

Тау-кен ісі және жер туралы ғылымдар мектебі

 

Медицина мектебі

Талап етілмейді

 

* TOEFL PDT ресми IELTS жәнеTOEFL iBT жүргізілмейтін елдерден келген шетелдік үміткерлерден ғана қабылданады.

** Медицина мектебінің үміткерлері Қабылдау комиссиясы мүшелерімен сұхбат өтуге шақырылады

Ескерту: Ауысатын студенттер үшін GPA 4.0-ден кемінде 3,0 болуы керек.

  1. NIS Grade 12 Certificate иегерлері - түлектері және IВ Diploma Programme-ның түлектері және оқушылары үшін ең төменгі талаптар.

Мектептер

NIS Grade 12  Certificate бойынша ең төменгі талаптар

IB DP үшін балдар бойынша ең төменгі талаптар

IELTS және TOEFL үшін ең төменгі талаптар

 

Жаратылыстану, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар мектебі

кез келген пән бойынша кем дегенде ABB

кем дегенде 30 жалпы балл және ілгері деңгейдегі 3 пән бойынша 4, 4, 5

 

IELTS – жалпы балл 6.5-тен кем емес (әрбір секция бойынша 6.0-ден кем емес)

 

 немесе

TOEFL iBT - 79 (оқу (reading) – 13-тен кем емес, тыңдау (listening) – 12-ден кем емес, сөйлеу (speaking) – 18-ден кем емес, жазу (writing) – 21-ден кем емес)

 

немесе

 

TOEFL PDT* - 574

 

Инженерия және цифрлық ғылымдар мектебі

 

Тау-кен ісі және жер туралы ғылымдар мектебі

 

Медицина мектебі

 

 
 
  1. Барлық мектептер үміткерлеріне арналған халықаралық және/немесе республикалық олимпиадалардың жеңімпаздары үшін ең төменгі талаптар.

Олимпиаданың түрі*

Медаль

IELTS немесе TOEFL үшін ең төменгі талаптар

Сұхбат

Республикалық

Ағымдағы жыл бойынша алтын немесе күміс медальдары (I, II орындар)                                                                           

талап етіледі, ең төменгі талаптар жоқ

Қабылдау комиссиясының мүшелерімен ағылшын тілінде сұхбат

Халықаралық

Соңғы 3 жыл бойынша алтын, күміс немесе қола медальдары (I, II, III орындар)                                                                    

*Олимпиадалардың тізімі nu.edu.kz сайтында берілген

“Магистратура бағдарламаларының дайындық жылына” қалай түсуге болады?

 Бағдарламаның мақсаты - магистратура бағдарламалары потенциалды студенттерінің тілдік деңгейін көтеру және Университеттің магистратура бағдарламаларында оқуға қажетті ғылыми, коммуникативтік және басқа да дағдыларды дамыту болып табылады.

Бағдарламаны сәтті аяқтаған білім алушылар өздері өтінім тапсырған және сұхбаттасудан өткен Университеттің магистратура бағдарламаларының студенттері атанады.

Кандидатқа қойылатын талаптар

Бағдарламаға өтінім беру үшін үміткер келесі талаптарға сай келуі тиіс:

1) магистратура бағдарламасының минималды қабылдау талаптарына (ағылшын тіліне қойылатын талапты қоспағанда) сай болуы тиіс;

– IELTS тесті бойынша жалпы балл – 5.5 (тек бір критерий бойынша ғана кем дегенде 5.0) немесе ETS сайтында жарияланған шкалаға сәйкес TOEFL-дің балама нәтижесі болуы қажет;

– IELTS тесті бойынша жалпы балл – 6.0 (тек бір критерий бойынша ғана кем дегенде 5.5) немесе ETS сайтында жарияланған шкалаға сәйкес TOEFL-дің балама нәтижесі болуы қажет, “Саясаттану және халықаралық қатынастар саласындағы гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар магистрі” және “Еуразиялық зерттеулер саласындағы гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар магистрі” бағдарламалары үшін.

2) в Анкетной форме отметить NUZYP. Имейте в виду, Приемная комиссия может рекомендовать кандидатов на NUZYP, не указавших данную программу при регистрации. Есіңізде болсын, Қабылдау Комиссиясы үміткерлерді NUZYP  бағдарламасына тіркелмеген болсан да ұсыныс жасауы мүмкін.

Оқыту тү

Күндізгі

Бағдарламаның ұзақтығы

1 академиялық жыл

Магистратура және докторантура бағдарламаларына қалай түсуге болады?

Үміткерлерге қойылатын негізгі талаптар:

●   Докторантура бағдарламасына түскен жағдайда бакалавр (немесе балама) дәрежесінің болы; онлайн тіркелу кезеңінде соңғы жылы оқитын студенттер Қабылдау комиссиясының қарауына ағымдағы академиялық үлгерімін көрсете отырып, ресми транскриптін ұсына алады;

●     CGPA (үлгерімінің қорытынды орташа балы)

●      Ағылшын тілін еркін меңгеру, IELTS немесе TOEFL тестінің нәтижесімен көрсетіледі;

●    Талдау және математикалық қабілеттіліктері, GRE тестінің нәтижелерімен көрсетіледі (ұсынылуы мүмкін); GRE тестінің нәтижелерін ұсыну міндетті еместігіне қарамастан, үміткерлер өздерінің құжаттар топтамасын бәсекеге қабілетті GRE балының көмегімен күшейте алады.

●      Негіздеме хатында көрсетілген жоғары уәждеме және бағдарламаға қызығушылық

Магистратура және докторантура бағдарламаларына түсу талаптары таңдап алынған мамандығына байланысты өзгертілуі мүмкін.

 Конкурсқа қатысу үшін құжаттар тізбесі:

●     Толтырылған онлайн сауалнама;

●     Жеке куәлік (ҚР азаматтары үшін) немесе паспорт (шетел азаматтары үшін);

●     Тегін ауыстыруды растайтын құжат (керек болған жағдайда);

●     Бакалавр (немесе баламасы) дипломы және оның қосымшасы; Соңғы курс студенттері ағымдағы ресми транскриптті жүктей алады;

●     Өтінім беру сәтінде жарамды ағылшын тілі бойынша білімі туралы ресми сертификаты (IELTS немесе TOEFL);

●     Ағылшын тілінде білім алғанын растайтын құжат (IELTS немесе TOEFL нәтижелерін тапсырудан босатуды қалайтын үміткерлер үшін). Жоғарыда аталған үміткерлер жоғары оқу орнынан ағылшын тілінде оқытылған пәндердің саны және тізбесі көрсетілген анықтаманы тапсыруы қажет.

●     Түйіндеме (екі беттен аспайтын);

●     Құжаттарды тапсыру сәтінде жарамды GRE сертификаты (бар болған жағдайда);

●     Негіздеме хат (бір беттен аспайтын);

●     Соңғы 12 ай ішінде жазылған екі немесе үш (кемінде бір академиялық ұсыным)  құпия ұсыным-хат (элекрондық поштасы арқылы тиісті сұранысты алғаннан кейін рецензенттер электрондық немесе қағаз түрінде ұсынуға тиіс).

Әр мектептің егжей-тегжейлі талаптары туралы Назарбаев Уиверситетінің сайтынан білуге болады.

Қабылдау департаменті:

Тел.: + 7 (7172) 64 25 84

E-mail: info_admissions@nu.edu.kz

Қабанбай батыр даңғылы 53, офис 1111

Астана қ., Қазақстан Республикасы

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.