Егер бұл баланың мүдделеріне қайшы келмесе, қамқоршы немесе қорғаншы оның келісімімен ғана тағайындалуы мүмкін. Басқаларға қарағанда жақын туысқандарының қамқоршы немесе қорғаншы болуға басым құқығы бар. Қамқоршылықты әдетте әжелер, аталар, кәмелетке толған ағалар мен әпкелер, кейде – балалардың ағалары мен тәтелері қабылдайды. Бірақ қамқоршылыққа сырттағы адам да алуы мүмкін.
Қамқоршылар және қорғаншылар болып, төмендегілерді қоспағанда кәмелетке толған адамдар ғана бола алады:
1) сот әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке қабілеті шектеулі деп таныған адамдарды;
2) сот ата-ана құқықтарынан айырған немесе сот ата-ана құқықтарын шектеген адамдарды;
3) өзіне Қазақстан Республикасының Заңымен жүктелген міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін қорғаншы немесе қамқоршы міндеттерінен шеттетілгендерге;
4) Егер сот олардың кінәсінен бала асырап алудың күшін жойса, бұрынғы бала асырап алушыларды;
5) денсаулық жағдайы бойынша қорғаншы немесе қамқоршы міндеттерін жүзеге асыра алмайтын адамдар;
6) тұрақты тұратын жері жоқ адамдар;
7) қорғаншылықты (қамқоршылықты) белгілеу кезінде қасақана қылмыс жасағаны үшін өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар адамдарды, сондай-ақ осы тармақтың 12) тармақшасында аталған адамдарды;
8) азаматтығы жоқ адамдар;
9) анасының қайтыс болуына немесе ата-ана құқығынан айыруға байланысты баланы кемінде үш жыл іс жүзінде тәрбиелеу жағдайларын қоспағанда, тіркелген некеде тұрмайтын (ерлі-зайыпты емес) еркек жынысты адамдар;
10) қорғаншылықты немесе қамқоршылықты белгілеу кезінде қамқорлыққа алынушыға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейін қамтамасыз ететін табысы жоқ адамдар;
11) наркологиялық немесе психоневрологиялық диспансерлерде есепте тұратын адамдарды;
12) соттылығы бар немесе болған, қылмыстық қудалауға ұшыраған немесе ұшыраған адамдар (Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 35-бабы бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшалары негізінде қылмыстық қудалау тоқтатылған адамдарды қоспағанда): адам өлтіру, денсаулыққа қасақана зиян келтіру, халықтың денсаулығы мен имандылыққа, жыныстық тиіспеушілікке қарсы, экстремистік немесе террористік қылмыстар, адам саудасы;
13) Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын, Неке және ерлі-зайыптылық туралы Кодекстің 91 бабының 4-тармағында белгіленген тәртіппен психологиялық даярлықтан өтпеген Қазақстан Республикасының азаматтарын (баланың жақын туыстарын қоспағанда) қоспағанда, кәмелетке толған адамдар бала асырап алушылар болуы мүмкін.
Балаға қорғаншыны немесе қамқоршыны тағайындау кезінде қорғаншының немесе қамқоршының адамгершілік және өзге де жеке қасиеттері, оның Қорғаншының немесе қамқоршының міндеттерін орындауға қабілеттілігі, қорғаншы немесе қамқоршы мен баланың арасындағы қарым-қатынасы, қорғаншының немесе қамқоршының отбасы мүшелерінің балаға көзқарасы, сондай-ақ мүмкін болса, баланың өзінің тілегі ескеріледі.
Егер кәмелетке толмаған балаға қорғаншы немесе қамқоршы тағайындайтын адам некеде тұрса (ерлі-зайыпты болса), оның жұбайының міндетті түрде келісімі талап етіледі.
Қамқорлыққа алынушылар білім беру ұйымында не медициналық ұйымда тәрбиеленуде немесе емделуде болған жағдайларды қоспағанда, кәмелетке толмағандардың қорғаншылары немесе қамқоршылары өздерінің қамқорлықтағыларымен бірге тұруға міндетті. Қорғаншының он алты жасқа толған қамқорлыққа алынушымен бөлек тұруына қамқорлыққа алынушының тәрбиесіне және құқықтары мен мүдделерін қорғауға қолайсыз әсер етпеген жағдайда, қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органның рұқсатымен жол беріледі.
Қамқоршы немесе қорғаншы болып тағайындалудың басым құқығына ерлі-зайыптының бірі, ата-анасы, туысқандары немесе қамқорлыққа алынушыға жақын басқа да адамдар ие.