Айдар парағына өту

Жағымсыз салдарсыз банктен қалай несие алуға болады Баспаға шығару нұсқасы

Cоңғы өзгеріс: 14.09.2021

кредитАзаматтар меншікті қаражаты жетпеген кезде қаржы ұйымдардың көмегіне жүгінеді. Нәтижесінде елдегі кредиттеу жылдан жылға өсуде. Мұның жақсы немесе жаман екенін, қашан кредит алуға болатынын, ал кредитті алмай-ақ қоюға болатынын әркім өзі шешеді. 

Алайда, жалпы ұсынымдар бар, оларды басшылыққа ала отырып одан әрі жағымсыз салдарларды болдырмауға болады. Тіпті шағын кредит болса да, - бұл қаржылық міндеттеме, ол өмір сүру сапасына әсер етпей қоймайды.

Несие мақсатын айқындау

Кредиттердің мақсатсыз түрі болады, бұл ретте кредитор қарыз алушының әртүрлі қажеттілігіне белгілі бір сома береді. Мақсатты кредит -жылжымайтын мүлікті, жер учаскесін сатып алуға, білім алуға, емделуге және т.б. беріледі. Кредиттер қарыздың ең жоғары сомасымен, сыйақы мөлшерлемесімен, мерзіммен, кепілдің болуымен немесе кепілсіз болуымен ерекшеленеді. Сізге кредит не үшін керек екенін анықтап алыңыз. Кредит алмай-ақ мәселені шешуге бола ма?

Егер, мақсат қаражатты ақтайтын болса, онда өз ойларыңызға қол жеткізу үшін осы қаржы құралын қарай аласыз. Бірақ, кредиттің – бұл ең алдымен қарыз алушы ретінде сізге ұзақ уақыт ішінде орындау қажет болатын міндеттеме. Кредиттің нақты түрін таңдау сіздің ақшаны қандай мақсат үшін жұмсайтыныңызға байланысты болады. Кредиттің қандай талаптары сіз үшін қолайлы болатыны мақсатқа байланысты.

Несие шарттарын талдау

Нарықты зерттеп алмай және алдамшы жарнамаға сеніп банктік кредитті ресімдеуге асықпаңыз. Өзіңіз кредит ресімдегіңіз келетін екінші деңгейдегі банктің сайттарына мониторинг жасау және олардың кредиттік өнімдерін талдау қажет. Оңтайлы нұсқаны таңдап, менеджерден кредиттеудің барлық талабын: қарыз сомасын, төлемдердің мерзімдері мен мөлшерін, кредит алған немесе мерзімінен бұрын өтеген кезде комиссиялардың бар не жоғын, барлық пайызымен және төлемдерімен бірге кредиттің толық сомасының қандай болатынын, артық төлеу қанша болатынын және басқа маңызды мәселелерді нақтылаңыз.

Әлеуетті қарыз алушы шарт жасасқанға дейін банк тарапынан клиентке қатысты туындаған барлық мәселелер бойынша толық консультация беруге, сондай-ақ банктік қарыз беру мерзімі және тіркелген және өзгермелі сыйақы мөлшерлемесі туралы ақпарат беруге міндетті екенін білуі керек. Сондай-ақ, банк менеджері клиенттің жүгінген күніне жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің мөлшерін айтуы керек. Жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі (әдетте ЖТСМ аббревиатурасын пайдаланады) – бұл кредиттік шарт бойынша қарыз алушы төлейтін барлық төлемнің жалпы сомасы.

Кредитті өтеу әдістері - сараланған және аннуитеттік

  • Біріншісі - кредиттеу мерзімі ішінде тепе-тең азайып отыратын тең емес мөлшердегі ай сайынғы төлемдерді білдіреді. Ай сайынғы төлем ай сайын азаяды, өйткені негізгі қарыз тең үлестермен өтеледі, ал пайыздар қарыздың қалдығына есептеледі.
  • Екінші жағдайда (аннуитеттік) әңгіме бүкіл кредиттеу мерзіміне созылған тең мөлшердегі ай сайынғы төлемдер жөнінде болып отыр. Берешекті өтеу кредиттеудің бүкіл мерзімі ішінде тең төлемдермен жүзеге асырылады. Негізгі қарыз бойынша төлемдер көбейеді, ал сыйақы бойынша төлемдер азаяды.

Ашықтықты арттыру мақсатында 2020 жылдан бастап жадынаманың жаңа нысаны жұмыс істейді, онымен банк менеджерлері клиентті банктік қарыз шартын жасасқанға дейін таныстыруы тиіс.

Қарыз алушыға арналған жадынамада мыналар:

  • қарыз сомасы және валютасы;
  • қарыз мерзімі; төлемдер саны;
  • сыйақы мөлшерлемесінің түрлері (белгіленген немесе өзгермелі), жылдық пайызбен немесе белгіленген сомадағы сыйақы мөлшерлемесінің мөлшері;
  • шынайы, жылдық, тиімді, салыстырмалы есептеумен сыйақы мөлшерлемесінің мөлшері;
  • қарыз беруге және қызмет көрсетуге байланысты комиссиялардың, өзге де төлемдердің атауы мен мөлшері;
  • өтеуге жалпы сома;
  • сыйақының жинақ сомасы;
  • негізгі борышты және сыйақыны уақтылы өтемегені үшін тұрақсыздық айыбының (айыппұлдың, өсімпұлдың) мөлшері;
  • банктік қарыз шартының талаптарына сәйкес айыппұлдардың, өсімпұлдардың өзге де түрлері (оның ішінде қарызды мақсатсыз пайдаланғаны, сақтандыру шарттарын уақтылы ресімдемегені және т.б.) сақтандыру шарттарын жасасу қажеттілігі және оны ұзарту мерзімдері;
  • банктің байланыс деректері (телефон нөмірлері, электрондық пошта мекенжайы, банктің веб-сайтының мекенжайы) туралы ақпарат бар.

Банктік қарыз шартына, жадынамадан басқа, титул парағы қоса беріледі, оның форматы банктер үшін бірдей. Титул парағы қарыз туралы негізгі ақпаратты қамтуға тиіс, ол бұрын шарттың 1-2 беттерінде жазылды. Шарттың мәтіні титул парағынан кейін жазылады.

Титул парағында мыналар туралы ақпарат қамтылады:

  • қарыз сомасы және мерзімдері;
  • сыйақы мөлшерлемесінің мөлшері;
  • жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің мөлшері;
  • өтеу әдістері мен тәсілдері;
  • банкке тиісті өтінішпен реттелетін негізгі борышты ішінара немесе толық мерзімінен бұрын өтеуге қарыз алушының құқығы;
  • шарт бойынша міндеттемелерді бұзғаны үшін тұрақсыздық айыбының (айыппұл, өсімпұл) мөлшері.

Қаржылық мүмкіндіктеріңізді бағалау

Мысалы, сіз қандай мақсатқа кредит алатыныңызды анықтап алдыңыз делік, және сіздің ойыңызша, ол негізделген. Сіз банкті, белгілі бір кредиттік ұсынысты таңдадыңыз. Сіз үшін келесі қадам өзіңіздің жеке қаржылық жағдайыңыз бен төлем қабілеттілігіңізді бағалау болуға тиіс. Өзіңізге сұрақ қойыңыз: «Егер сіз кенеттен жұмыссыз қалсаңыз немесе кенеттен ауырып қалсаңыз, кредит төлей аласыз ба?». сіз тек тұрақты табыс көзіне сүйеніп, ертеңіңізді ойлауыңыз керек. Сіздің кредиттік міндеттемелеріңіз бойынша ай сайынғы төлем сіздің кірісіңіздің жартысынан аспауға тиіс. Тек осы жағдайда ғана сіз кредиттің уақтылы өтелуіне азды-көпті сенімді боласыз.

Кредитті төлемеген жағдайда, банктің сіздің міндеттемелерді орындамағаныңыз туралы ақпаратты кредиттік бюроларға жіберуге құқылы екенін естен шығармаңыз. Бұл ақпарат сіздің кредиттік тарихыңызға әсер етері сөзсіз. Егер кредит кепіл қойылып алынған болса, онда борышкердің кепіл мүлкі соттан тыс немесе сот арқылы сатылуы мүмкін. Сондай-ақ, бұл шара шартта келісілген және борышкердің қосымша келісімінсіз белгілі бір сома борышкердің банктік шотынан есептен шығарылған жағдайда, кредитор төлем талаптарын бере алады. Бұдан басқа, борышкер сот орындаушысының қаулысы бойынша шетелге шығуға тыйым салынған азаматтар тізіміне енгізілуі мүмкін. Борышкердің Қазақстаннан кетуін уақытша шектеу туралы бұл құжат сот санкциясымен жүзеге асырылады.

"Шет елге шығуы шектелген, борышқорлар тізілімі және атқару өндірісі бойынша борышқорлар тізілімі бойынша шет елге шығуға тыйым салынғандығының бар болуын тексеру" Тапсырыс беру

Есіңізде болсын, кредит – бұл үлкен жауапкершілік және шарт талаптарын мұқият зерделеу, кредиттік міндеттемелерді орындауға немқұрайды қарау және төлем қабілеттілігін қайта бағалау сіз және жақындарыңыз үшін стрестік жағдайдың туындауына дейін әдеттегі өмір салтыңызға айтарлықтай әсер етуі мүмкін. 

 

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.