Айдар парағына өту

Қазақстанда депозиттерге кепілдік беру жүйесі Баспаға шығару нұсқасы

Cоңғы өзгеріс: 13.03.2026

«Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры » АҚ  депозиттерге кепілдік беру жүйесін басқару үшін  1999 жылы құрылды. Қор – бұл коммерциялық емес ұйым.  Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Қордың құрылтайшысы – жалғыз акционері болып табылады.

Қор банктердің тоқсан сайынғы жарналары есебінен банк лицензиясынан айырылған жағдайда кепілдік өтемақы төлеу үшін резерв қалыптастырады.

Депозиттерге кепілдік беру жүйесінің құқықтық негіздері, сондай-ақ оған қатысушылардың құқықтары мен міндеттері «Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен айқындалады.

Қандай депозиттер кепілдік беруге жатады?  

Кепілдік беру объектілері жеке тұлғалардың (жеке кәсіпкерлерді, жеке нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат және кәсіби медиатор қоса алғанда) банктік шотта немесе банктік салым шарттарымен куәландырылған банктік шоттарда орналасқан ұлттық және шетелдік валютадағы салымдары болып табылады.

ҚДКҚ кепілдігі шұғыл емес , шұғыл және жинақ депозиттерге, талап еткенге дейінгі депозиттерге, шартты депозиттерге, пайыздық мөлшерлемелері құбылмалы депозиттерге, сондай-ақ Депозиттерге міндетті сақтандыру жүйесінің қатысушы – банктердің ағымдағы шоттар мен төлем карточкалары бойынша ақшасына таралады.   

Банк лицензиядан айырылған жағдайда банктік шоттың/салымның иесі кепілдік өтемінің ең жоғары мөлшері шегінде ол бойынша кепілдік өтемақысын алады.

ҚДКҚ кепілдігіне не кірмейді?

Жеке тұлғалардың металл шоттары, банктік жәшіктерге орналастырылған ақшалар мен құндылықтар, депозиттік сертификаттар, сондай-ақ ислам банктерінде орналастырылған депозиттер ҚДКҚ тарапынан кепілдік беруге жатпайды.

Кепілдік төлемі дегеніміз не?

«Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес кепілдік төлеу – бұл кепілдік берілген депозит бойынша ҚДКҚ тарапынан депозитарға төлеуге жататын ақша сомасы.

Теңгедегі және шетелдік валютадағы салымдар бойынша кепілдіктердің ең жоғары мөлшері қандай?

Кепілдік депозиттің түрі мен валютасына байланысты және мыналарды құрайды:

  • 20 миллион теңгеге дейін – ұлттық валютадағы жинақ салымдары бойынша,

  • 10 миллион теңгеге дейін – ағымдағы және карточкалық шоттарды қоса алғанда, ұлттық валютадағы басқа депозиттер бойынша,

  • 5 миллион теңгеге дейін қоса алғанда – шетел валютасындағы депозиттер бойынша (банкті лицензиядан айыру күніне белгіленген валюта айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша баламада).

Егер банктік салым шартында капиталдандыру көзделген болса, онда сыйақы салымның негізгі сомасына қосылады. Бұл жағдайда кепілдік ең жоғары кепілдік шеңберінде пайыздық сыйақыны қоса алғанда, салымның барлық сомасына қолданылады.

Кепілдік өтемінің жиынтық сомасы салымшыда теңгедегі жинақ салымынан басқа депозиттердің басқа да түрлері болған кезде бір салымшының бір банктегі жинақтарына 20 млн теңгені құрайды. Егер Сіздің салымыңыздың мөлшері кепілдемелік өтемақы мөлшерінен асып кетсе, онда ҚДКҚ максималды мөлшерде өтемақы төлейді. Салымшы осы сомадан асатын балансты мәжбүрлеп таратылатын банктің тарату комиссиясынан «Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген кезек тәртібімен алуға құқылы.

Депозиттерге кепілдік беру жүйесіне қандай банктер қатысады?

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, Қазақстан Ұлттық Банкінен депозиттерді қабылдауға, жеке тұлғалардың банктік шоттарын ашуға және жүргізуге лицензия алған әрбір банк міндетті түрде депозиттерге кепілдік беру жүйесінің мүшесі болады, демек, мұндай банкте орналастырылған депозит автоматты түрде ҚДКҚ-мен қорғалады.

Міндетті депозиттер жүйесіне қатысушы банктердің бүгінгі тізімімен ҚДКҚ https://kdif.kz/kz/banks веб-сайтында танысуға болады.

Бір уақытта бірнеше банкте депозиттерге кепілдік беріле ме?

Иә, егер Сіз депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің мүшелері болып табылатын бірнеше банкте орналастырсаңыз, онда сіздің депозиттеріңізге кепілдік бойынша өтемақының ең жоғары мөлшері шегінде осы банктердің әрқайсысында бөлек кепілдік беріледі.

Екі банк біріккен жағдайда екі түрлі банкте орналастырылған депозиттерге кепілдік қалай төленеді?

ҚДКҚ бір салымшының «жаңа» банктегі барлық депозиттері бойынша кепілдік берілген өтемақыны ең жоғары кепілдік сомасы шегінде төлейді, яғни салымшының барлық депозиттері бойынша кепілдік берілген өтемақы жалпы сомасы 20 миллион теңгеден аспайды, себебі Қазақстан Республикасының банк заңнамасына сәйкес, банктерді біріктіру түрінде қайта ұйымдастыру аяқталғаннан кейін, бір клиенттің екі банктегі депозиттері әдетте біріктіріледі, ал оның банк шоттарына қызмет көрсетуді жаңа банк жүзеге асырады.

Депозит бойынша сыйақыға кепілдік бар ма?

Банктің лицензиясынан айыру күніне есептелген депозиттік сыйақы кепілдік өтемінің ең жоғары мөлшері шегінде ҚДКҚ кепілдігімен жабылады.

Кепілдендірілген өтемақы мөлшерін алдын-ала есептеу үшін ҚДКҚ https://kdif.kz/kz/calculator веб-сайтында арнайы калькуляторды пайдаланыңыз. 

«ҚДКҚ» АҚ байланыс мәліметтері 

Сайты –  www.kdif.kz/kz 

Телеграмм чаты  kdif_ask 

Байланыс орталығы – 1460 (тегін) 

Электрондық мекенжайы – info@kdif.kz

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.