Айдар парағына өту

Субсидияларды алуға үміткер ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлерге, жеке және заңды тұлғаларға қойылатын өлшемшарттар Баспаға шығару нұсқасы

Cоңғы өзгеріс: 07.09.2020

Субсидиялау бағыты

Өлшемшарттар

САЖ-да субсидиялау шарттарына сәйкестігін тексеру әдісі

Өтінімді беру мерзімі

Етті және етті-сүтті мал шаруашылығы

1.

Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу:

Өтінімді берген сәтте жануарлардың САТЖАҚ-та тіркелген болуы.

САТЖАҚ-пен интеграцияланған өзара іс-қимыл

ағымдағы жылғы 15 сәуірден 1 қазанға дейін

1.1

Ірі қара малдың тауарлық аналық мал басы

Өсімді молайтуда мынадай талаптарға сәйкес етті тұқымның асыл тұқымды тұқымдық бұқаларын (өзінің бұқаларын немесе жалдау шарттарымен) пайдалану:
1) жиырма бес аналық басқа кемінде бір асыл тұқымды тұқымдық бұқа;
2) қатарынан екі шағылыстыру маусымынан артық пайдаланбау;
3) жасы ағымдағы жылдың 1 маусымына 12 айдан кем болмауы;
4) бұрын тұқымдық түрлендіруде пайдаланылмаған.

САТЖАҚ-пен интеграцияланған өзара іс-қимыл

1.2

Ірі қара малдың асыл тұқымды аналық мал басы

1) аналық баста тиісті тұқым бойынша Республикалық палата берген асыл тұқымды мал мәртебесінің болуы;
2) асыл тұқымды аналық мал басын етті тұқымның тұқымдық бұқаларының ұрығымен қолдан ұрықтандыру немесе өсімін молайтуда етті тұқымның бірінші санатты асыл тұқымды тұқымдық бұқаларын пайдалану.

САТЖАҚ-пен интеграцияланған өзара іс-қимыл

ағымдағы жылғы 20 қаңтардан 20 желтоқсанға дейін

2.

Табынның өсімін молайту үшін пайдаланылатын етті тұқымдардың асыл тұқымды тұқымдық бұқаларын күтіп-бағу

1) бұқаларды жалға беру жөніндегі операторда есепке алу нөмірінің болуы және арнайы комиссияның оң қорытындысы бар сыйымдылығы кемінде 1000 бас болатын мал бордақылау алаңының сертификатталған болуы (тек операторлар үшін);
2) оператордың шаруашылықпен/ауыл шаруашылығы кооперативімен жасалған асыл тұқымды тұқымдық бұқаларды жалдау шартының болуы немесе осы өлшемшарттарға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жеке қосалқы шаруашылықтардағы мал басынан қалыптастырылған қоғамдық табында тауарөндірушілердің асыл тұқымды тұқымдық бұқаларды бекітіп беру және пайдалану жөніндегі елді мекен тұрғындары – мал иелері жиыны хаттамасының болуы;
3) мынадай зоотехникалық нормативтерге сәйкес асыл тұқымды тұқымдық бұқаларды пайдалану:
- жиырма бес аналық басқа кемінде бір асыл тұқымды тұқымдық бұқа есебімен;
- қатарынан екі шағылыстыру маусымынан артық пайдаланбау;
- жасы ағымдағы жылдың 1 маусымына 12 айдан кем болмауы.

САТЖАҚ-пен интеграцияланған өзара іс-қимыл

ағымдағы жылғы 15 сәуірден 1 қазанға дейін

3.

Етті бағыттағы отандық асыл тұқымды тұқымдық бұқаларды сатып алу

1) мал басында тиісті тұқым бойынша Республикалық палата берген асыл тұқымды мал мәртебесінің болуы;
2) сатып алынған бастың жасы сатып алу сәтінде (ел ішінен сатып алған жағдайда - асыл тұқымдық куәлікте көрсетілген сату сәтінде; импортталған жағдайда - малды сатушыда (экспорттаушыда) карантинге қойған сәтте):
қашарлар – 6 айдан 18 айға дейін (қоса алғанда);
құнажындар – 26 айға дейін (қоса алғанда), сатып алу сәтінде үш айдан аспайтын буаздық мерзімімен;
бұқашықтар – 6 айдан 26 айға дейін (қоса алғанда).

САТЖАҚ-пен интеграцияланған өзара іс-қимыл

ағымдағы жылғы 20 қаңтардан 20 желтоқсанға дейін (өтінім сатып алған сәттен бастап алты айдың ішінде беріледі)

4.

Шетелдік асыл тұқымды аналық мал басын сатып алу

5.

Сыйымдылығы бір уақытта кемінде 1000 бас болатын бордақылау алаңдарына өткізілген немесе орны ауыстырылған бұқашықтардың құнын арзандату

1) өтінім берген сәтте жануарлардың САТЖАҚ-та тіркелген болуы;
2) бұқашықтардың тірідей салмағы 170-тен 300 килограмға* дейін;
3) бұқашықтардың жасы 7-ден 15 айға дейін (қоса алғанда).

САТЖАҚ-пен интеграцияланған өзара іс-қимыл

ағымдағы жылғы 20 қаңтардан 20 желтоқсанға дейін (өтінім өткізілген өнімге төлемді алған сәттен бастап үш айдың ішінде беріледі)

6.

Сыйымдылығы бір уақытта кемінде 1000 бас болатын бордақылау алаңдары үшін бұқашықтарды бордақылау шығындарын арзандату

1) бұқалардың САТЖАҚ-та тіркелген болуы (бордақылау алаңының меншігінде немесе бұқашықтарды бордақылау қызметін көрсету шарты бойынша);
2) бордақылаудағы бұқашықтарда радиожиілікті құлақ сырғаларының болуы;
3) бордақылауға қойған сәтте бұқашықтардың тірідей салмағы 200 килограмнан кем емес;
4) союға не елден тыс жерлерге өткізген сәтте бұқашықтардың тірідей салмағы - 400 килограмнан кем емес; бұқашықтардың сойылған салмағы - 210 килограмнан кем емес;
5) мыналары бар ірі қара малды бордақылауға арналған дамыған инфрақұрылымымен, етті бағыттағы ірі қара мал кәсіпорындарын технологиялық жобалауға ұсынылған нормаларға сәйкес келетін мамандандырылған алаңға арнайы комиссияның оң қорытындысының болуы:
карантиндік алаң;
кіру дезинфекциялық тосқауылы;
малдарды ұстауға арналған қаша;
желден қорғаныс (оңтүстік облыстар үшін міндетті емес);
науалар және суаратын астаулардың алдында қатты жабын;
бетонды/темір науалар немесе азықтық үстелдер;
автономды көз немесе сумен қамтамасыз ету жүйесі;
жылытылатын автосуаттар (оңтүстік облыстар үшін міндетті емес);
көң сақтау орны және қар суларын жинауға арналған мүйіс;
азықдайындағыш және азықтаратқыш техника /жабдық (ұсақтағыш/астықты жаншығыш немесе құрамажем цехы, азықтаратқыштар);
азықтарды сақтауға арналған орын;
ветеринариялық пункт, өткелек және ІҚМ-ға арналған электрондық таразылары бар бекіткіш;
радиожиілікті сырғаларды санағыш;
малдарды түсіруге және тиеуге арналған басқыш;
азықтың қажетті көлемінің болуы және бұқашықтарды астықпен бордақылауға арналған рационның сақталуы.

1), 3), 4), 5) тармақшалар: САТЖАҚ-пен интеграцияланған өзара іс-қимыл
2) тармақша: АЖБ деректер базасымен интеграцияланған өзара іс-қимыл

ағымдағы жылғы 20 қаңтардан 20 желтоқсанға дейін (өтінім өткізілген өнімге төлемді алған сәттен бастап үш айдың ішінде беріледі)

7.

Ірі қара малды союмен және етін бастапқы өңдеумен айналысатын ет өңдеуші кәсіпорындардың сиыр етін дайындау құнын арзандату (2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданылады)

Ірі қара малды союмен және етін бастапқы өңдеумен айналысатын ет өңдеуші кәсіпорынға арнайы комиссияның оң қорытындысының болуы, онда:
1) жобалық қуаты жылына кемінде 100 мың бас болатын (ауысымға 400 бас) ірі қара малды сою және етін сүйектен ажырату жөніндегі өз жабдығының болуы;
2) сойылған ірі қара малдың қалдықтарын кәдеге жарататын өз жүйесінің болуы;
3) халықаралық сапа стандартына (халықаралық аудитпен расталған) сәйкес болуы.

САТЖАҚ-пен интеграцияланған өзара іс-қимыл

ағымдағы жылғы 20 қаңтардан 20 желтоқсанға дейін (өтінім өткізілген өнімге төлемді алған сәттен бастап үш айдың ішінде беріледі)

Сүтті және сүтті-етті мал шаруашылығы

1.

Сүтті және сүтті-етті тұқымдардың асыл тұқымды бұқасының ұрығын сатып алу

1) аналық мал басында тиісті тұқым бойынша Республикалық палата берген асыл тұқымды мал мәртебесінің болуы;
2) тұқымдық бұқалар ұрығының асыл тұқымдық құндылығы индекстерінің болуы: асыл тұқымдық сапаларының кешенді индексі, табындағы ұрғашы төлдер саны, бағалаудың сенімділігі, сүт сауымы, тоңмай, өнімді тіршілік ету кезеңі, төлдеу жеңілдігі, ұрықтылығы, соматикалық жасушалардың құрамы.
3) аналық мал басының асыл тұқымдық құндылығын индекстік бағалаудың болуы;
4) табынды басқару бағдарламасының болуы.

САТЖАҚ-пен интеграцияланған өзара іс-қимыл

ағымдағы жылғы 20 қаңтардан 20 желтоқсанға дейін (өтінім сатып алған сәттен бастап алты айдың ішінде беріледі)

1.1

бір жынысты

1.2

қос жынысты

2.

Ірі қара малдың асыл тұқымды аналық мал басын сатып алу:

1) аналық мал басында тиісті тұқым бойынша Республикалық палата берген асыл тұқымды мал мәртебесінің болуы;
2) сатып алынған бастың жасы сатып алу сәтінде (ел ішінен сатып алған жағдайда - асыл тұқымдық куәлікте көрсетілген сату сәтінде; импортталған жағдайда - малды сатушыда (экспорттаушыда) карантинге қойған сәтте):
қашарлар – 6 айдан 18 айға дейін (қоса алғанда);
құнажындар – 26 айға дейін (қоса алғанда), сатып алу сәтінде үш айдан аспайтын буаздық мерзімімен;
бұқашықтар – 6 айдан 26 айға дейін (қоса алғанда) аспайды.

САТЖАҚ-пен интеграцияланған өзара іс-қимыл

ағымдағы жылғы 20 қаңтардан 20 желтоқсанға дейін (өтінім сатып алған сәттен бастап алты айдың ішінде беріледі)

3.

Шаруа (фермер) қожалықтарында және ауыл шаруашылығы кооперативтерінде ірі қара малдың аналық басын қолдан ұрықтандыру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді субсидиялау

1) шаруа (фермер) қожалықтары мен ауыл шаруашылығы кооперативтерінде ірі қара малдың аналық басын сүтті және сүтті-етті тұқымдардың асыл тұқымды тұқымдық бұқасының ұрығымен қолдан ұрықтандыру жөніндегі қызметтерді көрсету бойынша шарттың болуы;
2) осы өлшемшарттарға 6-қосымшаға сәйкес 1-нысан бойынша ұрықтандырылған ірі қара малдың аналық басын ұрықтандыру және зерттеп-қарау актісінің болуы;
3) асыл тұқымды тұқымдық бұқалардың ұрығына Республикалық палата берген асыл тұқымдық куәліктің болуы.

САТЖАҚ-пен интеграцияланған өзара іс-қимыл

ағымдағы жылғы 1 мамырдан 1 желтоқсанға дейін

4.

Эмбриондарды телу жөніндегі қызметтерді субсидиялау

1) шаруашылықтарда ірі қара малдың аналық басының эмбриондарын телу жөніндегі қызметтерді көрсету бойынша шарттың болуы;
2) телу және ірі қара малдың аналық басының буаздылығын зерттеп-қарау актісінің болуы;
3) алынған төлге генетикалық сертификаттың болуы.

САТЖАҚ-пен интеграцияланған өзара іс-қимыл

ағымдағы жылғы 20 қаңтардан 20 желтоқсанға дейін

5.

Сүт өндіру құнын арзандату:

Өтінімді берген сәтте мал басының САТЖАҚ-та тіркелген болуы (ауыл шаруашылығы кооперативтерін қоспағанда).

САТЖАҚ-пен интеграцияланған өзара іс-қимыл

ағымдағы жылғы 20 қаңтардан 20 желтоқсанға дейін (өтінім өткізілген өнімге төлемді алған сәттен бастап үш айдың ішінде беріледі)

5.1

Бағымдағы сиыр басы 600 бастан басталатын шаруашылықтар

1) май, ақуыз және соматикалық жасушалар көрсеткіштері бойынша сүтті ай сайынғы зертханалық талдау (аккредиттелген зертханаларда);
2) азықты жыл сайынғы зоотехникалық талдау;
3) 2007 жылдан кейін тиісті инфрақұрылыммен пайдалануға берілген немесе жаңғыртудан өткен тауарлық сүт фермасына арнайы комиссияның оң қорытындысының болуы, онда:
- сиырларды байлаусыз күтіп-бағуға арналған үй-жай;
- автоматтандырылған сауу қондырғысы (әткеншек, шырша, параллель, тандем, робаттандырылған көлік) бар сауу залы;
- автоматтандырылған көң шығару, азық тарату және суару;
- азық цехы;
- ветеринариялық пункт болады.

5.2

Бағымдағы сиыр басы 400 бастан басталатын шаруашылықтар

1) май, ақуыз және соматикалық жасушалар көрсеткіштері бойынша сүтті ай сайынғы зертханалық талдау (аккредиттелген зертханаларда);
2) азықты жыл сайынғы зоотехникалық талдау.
3) 2007 жылдан кейін тиісті инфрақұрылыммен пайдалануға берілген немесе жаңғыртудан өткен тауарлық сүт фермасына арнайы комиссияның оң қорытындысының болуы, онда:
- тасымалды сауу қондырғысын қоса алғанда, автоматтандырылған немесе машиналық саууға арналған жабдық;
- автоматтандырылған көң шығару, азық тарату және суару;
- азық цехы;
- ветеринариялық пункт болады.

5.3

Бағымдағы сиыр басы 50 бастан басталатын шаруашылықтар

Тауарлық сүт фермасына арнайы комиссияның оң қорытындысының болуы, онда:
- сиырларды күтіп-бағуға арналған қора-жай;
тасымалды сауу қондырғысын қоса алғанда, машиналық сауу;
- ветеринариялық пункт;
- малға арналған бекіткіш болады.

5.4

Ауыл шаруашылығы кооперативі

Онда мыналар болады:
1) есепке алу нөмірі бар меншікті сүт қабылдау пункті;
2) дайындалған сүтті сүт өңдеуші кәсіпорынға өткізу.

6.

Сүтті бағыттағы аналық бастың азығына жұмсалған шығындар құнын арзандату

1) кемінде 600 аналық бас болуы және олардың өтінім берген сәтте САТЖАҚ-та тіркелген болуы;
2) 2007 жылдан кейін пайдалануға берілген, тиісті инфрақұрылымы бар (сиырларды байлаусыз күтіп-бағу, автоматтандырылған сауу қондырғысы (әткеншек, шырша, параллель, тандем) бар сауу залы, автоматтандырылған көң шығару, азық тарату және суару, азық цехы, ветеринариялық пункт) тауарлық сүт фермасына арнайы комиссияның оң қорытындысының болуы.

САТЖАҚ-пен интеграцияланған өзара іс-қимыл

ағымдағы жылғы 20 қаңтардан 20 желтоқсанға дейін

Етті құс шаруашылығы

1.

Ата-енелік/ата-тектік нысандағы асыл тұқымды тәуліктік балапан сатып алу

Өтінімді берген сәтте тәуліктік балапандардың САТЖАҚ-та тіркелген болуы.

САТЖАҚ-пен интеграцияланған өзара іс-қимыл

ағымдағы жылғы 20 қаңтардан 20 желтоқсанға дейін (өтінім сатып алған сәттен бастап алты айдың ішінде беріледі)

2.

Құс етін өндіру құнын арзандату

 

1)

15 000 тоннадан басталатын нақты өндіріс

1) құс етінің нақты өндірісі жылына 2000 тоннадан бастап (қызметін 12 айдан аз жүзеге асырып келе жатқан тауар өндірушілер үшін нақты өндіріс көлемі қызмет кезеңі айларға бөлініп, 12 айға көбейтілген өндірілген өнімнің мәлімделген нақты көлеміне сүйене отырып айқындалады);
2) 2007 жылдан кейін жаңадан салынған немесе технологиялық жабдықтау бойынша жаңғыртудан өткен (құстарды күтіп-бағуға арналған жабдықтар, азықтандырудың, сумен жабдықтаудың, желдетудің автоматтандырылған жүйесі, құс сою желісі (сою цехы)) құс фабрикасына арнайы комиссияның оң қорытындысының болуы;
3) тізбеленген сертификаттардың (ИСО, ХАССП азық-түлік қауіпсіздігі жүйесі) бірінің болуы.

САТЖАҚ-пен интеграцияланған өзара іс-қимыл

ағымдағы жылғы 20 қаңтардан 20 желтоқсанға дейін (өтінім өткізілген өнімге төлемді алған сәттен бастап үш айдың ішінде беріледі)

2)

10 000 тоннадан басталатын нақты өндіріс

3)

5 000 тоннадан басталатын нақты өндіріс

4)

2 000 тоннадан басталатын нақты өндіріс

3.

Күрке тауық етін өндіру құнын арзандату

4.

Суда жүзетін құс етін өндіру құнын арзандату

1) құс етінің нақты өндірісі жылына 20 тоннадан бастап (қызметін 12 айдан аз жүзеге асырып келе жатқан тауар өндірушілер үшін қызмет кезеңі айларға бөлініп, 12 айға көбейтілген өндірілген өнімнің нақты мәлімделген көлеміне сүйене отырып айқындалады);
2) мыналары бар құс фабрикасына арнайы комиссияның оң қорытындысының болуы:
- құстарды күтіп-бағуға арналған үй-жай;
- союға арналған жабдық.

САТЖАҚ-пен интеграцияланған өзара іс-қимыл

ағымдағы жылғы 20 қаңтардан 20 желтоқсанға дейін (өтінім өткізілген өнімге төлемді алған сәттен бастап үш айдың ішінде беріледі)

Жұмыртқалы құс шаруашылығы

1.

Асыл тұқымды құстан алынған финалдық нысанды жұмыртқа бағытындағы тәуліктік балапан сатып алу

Өтінім берген сәтте тәуліктік балапандардың ата-енесінің Республикалық палатада тіркелуі

САТЖАҚ-пен интеграцияланған өзара іс-қимыл

ағымдағы жылғы 20 қаңтардан 20 желтоқсанға дейін (өтінім сатып алған сәттен бастап алты айдың ішінде беріледі)

2.

Тағамдық жұмыртқа өндіру құнын арзандату

 

1)

200 миллион данадан басталатын нақты өндіріс

1) құс етінің нақты өндірісі жылына 20 млн. данадан бастап (қызметін 12 айдан аз жүзеге асырып келе жатқан тауар өндірушілер үшін қызмет кезеңі айларға бөлініп, 12 айға көбейтілген өндірілген өнімнің нақты мәлімделген көлеміне сүйене отырып айқындалады);
2) 2007 жылдан кейін жаңадан салынған немесе технологиялық жабдықтау бойынша жаңғыртудан өткен (құстарды күтіп-бағуға арналған жабдықтар, азықтандырудың, сумен жабдықтаудың, желдетудің автоматтандырылған жүйесі, жұмыртқаларды сұрыптауға арналған автоматты машина) инфрақұрылымы бар құс фабрикасына арнайы комиссияның оң қорытындысының болуы;
3) тізбеленген сертификаттардың (ИСО, ХАССП азық-түлік қауіпсіздігі жүйесі) бірінің болуы.

САТЖАҚ-пен интеграцияланған өзара іс-қимыл

ағымдағы жылғы 20 қаңтардан 20 желтоқсанға дейін (өтінім өткізілген өнімге төлемді алған сәттен бастап үш айдың ішінде беріледі)

2)

150 миллион данадан басталатын нақты өндіріс

3)

100 миллион данадан басталатын нақты өндіріс

4)

50 миллион данадан басталатын нақты өндіріс

5)

20 миллион данадан басталатын нақты өндіріс

Шошқа шаруашылығы

1.

Асыл тұқымды шошқалар сатып алу

1) өтінім берген сәтте жануарлар басының САТЖАҚ-та тіркелген болуы;
2) сатып алынған жануар басының жасы (жануарды (сатушыда (экспорттаушыда) карантинге қойған сәтте):
шошқа басын толықтыратын ұрғашы және еркек төлдер – 1 айдан 12 айға (қоса алғанда) дейін.

САТЖАҚ-пен интеграцияланған өзара іс-қимыл

ағымдағы жылғы 20 қаңтардан 20 желтоқсанға дейін (өтінім сатып алған сәттен бастап он екі айдың ішінде беріледі)

2.

Шошқалардың аналық және шошқа басын толықтыратын басымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстар жүргізу

1) жануарларда радиожиілікті құлақ сырғаларының болуы;
2) өтінім берген сәтте кемінде 50 аналық шошқа басының болуы және олардың САТЖАҚ-та тіркелуі.
3) мынадай зоотехникалық нормативтерге сәйкес өсімді молайтуда аналық және шошқа басын толықтыратын басты қолдан ұрықтандыруды пайдалану немесе асыл тұқымды тұқымдық еркек шошқаларды пайдалану;
- қолдан шағылыстыру кезінде елу басқа кемінде бір тұқымдық еркек шошқа немесе қолдан ұрықтандыру кезінде екі жүз басқа кемінде бір тұқымдық еркек шошқа;
- тұқымдық еркек шошқаларды қатарынан екі жылдан артық пайдаланбау.

1) тармақша: АЖБ-мен интеграцияланған өзара іс-қимыл
2) және 3) тармақшалар: САТЖАҚ-пен интеграцияланған өзара іс-қимыл

ағымдағы жылғы 20 қаңтардан 20 желтоқсанға дейін

Қой шаруашылығы

1.

Шаруашылықтарда және ауыл шаруашылығы кооперативтерінде қойлардың аналық басын қолдан ұрықтандыруды ұйымдастыру

1) шаруашылықтар мен ауыл шаруашылығы кооперативтерінде қойлардың аналық басын қолдан ұрықтандыру жөніндегі қызметтерді көрсету бойынша шарттың болуы.
2) осы өлшемшарттарға 2-қосымшаға сәйкес 2-нысан бойынша қойлардың аналық басын ұрықтандыру актісінің болуы.

САТЖАҚ-пен интеграцияланған өзара іс-қимыл

ағымдағы жылғы 1 мамырдан 1 желтоқсанға дейін

2.

Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу:

Өтінімді берген сәтте жануарлардың САТЖАҚ-та тіркелген болуы.

САТЖАҚ-пен интеграцияланған өзара іс-қимыл

 

2.1

Қойлардың асыл тұқымды аналық басы

1) аналық баста Республикалық палата берген асыл тұқымды мал мәртебесінің болуы;
2) мынадай талаптарға сәйкес аналық басты қолдан ұрықтандыруды пайдалану және (немесе) асыл тұқымды тұқымдық қошқарларды (өзінің қошқарларын немесе жалдау шарттарымен) өсімді молайтуда пайдалану және оларды бұрын тұқымдық түрлендіруде пайдаланылмаған қошқарларға ауыстыру:
- еркін шағылыстыру кезінде жиырма бес аналық басқа кемінде бір тұқымдық қошқар және/немесе қолдан ұрықтандыруда үш жүз аналық басқа кемінде бір тұқымдық қошқар;
- тұқымдық қошқарды қатарынан екі шағылыстыру маусымынан артық пайдаланбау;
- асыл тұқымды тұқымдық қошқарлардың жасы ағымдағы жылдың 1 қыркүйегіне 12 айдан кем болмауы.

САТЖАҚ-пен интеграцияланған өзара іс-қимыл

ағымдағы жылғы 1 қыркүйектен 1 желтоқсанға дейін

2.2

Қойлардың тауарлық аналық басы

Мынадай талаптарға сәйкес аналық басты қолдан ұрықтандыруды пайдалану және (немесе) асыл тұқымды тұқымдық қошқарларды (өзінің қошқарларын немесе жалдау шарттарымен) өсімді молайтуда пайдалану және оларды бұрын тұқымдық түрлендіруде пайдаланылмаған қошқарларға ауыстыру:
- еркін шағылыстыру кезінде жиырма бес аналық басқа кемінде бір тұқымдық қошқар және/немесе қолдан ұрықтандыруда үш жүз аналық басқа кемінде бір тұқымдық қошқар;
- тұқымдық қошқарды қатарынан екі шағылыстыру маусымынан артық пайдаланбау;
- асыл тұқымды тұқымдық қошқарлардың жасы ағымдағы жылдың 1 қыркүйегіне 12 айдан кем болмауы.

САТЖАҚ-пен интеграцияланған өзара іс-қимыл

ағымдағы жылғы 1 қыркүйектен 1 желтоқсанға дейін

3.

Асыл тұқымды тұқымдық қошқарлар сатып алу

1) өтінім берген сәтте мал басының САТЖАҚ-та тіркелген болуы;
2) сатып алынған мал басының жасы (ел ішінен сатып алған жағдайда - асыл тұқымдық куәлікте көрсетілген сату сәтінде; импортталған жағдайда - малды сатушыда (экспорттаушыда) карантинге қойған сәтте):
қошқарлар – 6 айдан 18 айға дейін (қоса алғанда);
ешкілердің аналық басы – 6 айдан 18 айға дейін (қоса алғанда).

САТЖАҚ-пен интеграцияланған өзара іс-қимыл

ағымдағы жылғы 20 қаңтардан 20 желтоқсанға дейін (өтінім сатып алған сәттен бастап алты айдың ішінде беріледі)

3.1

Асыл тұқымды ешкілердің аналық басын сатып алу

4.

Тауарлық отардың өсімін молайту үшін пайдалынылатын асыл тұқымды тұқымдық қошқарды күтіп-бағу

1) операторда өтінім берген сәтте 3000 бастан басталатын аналық бастың болуы;
2) операторда тауарлық шаруашылықпен жасалған асыл тұқымды тұқымдық қошқарларды отарға жалға беру шартының болуы;
3) өтінім берген сәтте мал басының САТЖАҚ-та тіркелген болуы;
4) аталған отарда асыл тұқымды тұқымдық қошқарларды екі шағылыстыру маусымынан артық пайдаланбау;
5) еркін шағылыстыру кезінде жиырма бес аналық басқа кемінде бір асыл тұқымды тұқымдық қошқар немесе қолдан ұрықтандыру кезінде үш жүз аналық басқа кемінде бір тұқымдық қошқар.

САТЖАҚ-пен интеграцияланған өзара іс-қимыл

ағымдағы жылғы 1 қыркүйектен 1 желтоқсанға дейін

5.

Қозы өткізу құнын арзандату

1) қозылардың жасы өткізу сәтінде он бес айдан аспаған болуы;
2) қозыларды арнайы комиссияның қорытындысы бар мамандандырылған ет комбинатында немесе қуаты ауысымына 200 бас сою пункттерінде сою немесе тірідей операторға өткізу.

САТЖАҚ-пен интеграцияланған өзара іс-қимыл

ағымдағы жылғы 20 қаңтардан 20 желтоқсанға дейін (өтінім өткізілген өнімге төлемді алған сәттен бастап үш айдың ішінде беріледі)

6.

Өңдеуге өткізілген биязы және жартылай биязы жүн құнын арзандату

6.1

Сапасы 60-тан басталатын жүн

1) биязы және жартылай биязы жүнді бастапқы өңдеуші кәсіпорынға өткізу;
2) жүн сапасын бағалаудың болуы.

САТЖАҚ-пен интеграцияланған өзара іс-қимыл

ағымдағы жылғы 20 қаңтардан 20 желтоқсанға дейін (өтінім өткізілген өнімге төлемді алған сәттен бастап үш айдың ішінде беріледі)

6.2

Сапасы 50-ден басталатын жүн

Жылқы шаруашылығы

1.

Өнімді бағыттағы асыл тұқымды тұқымдық айғырлар сатып алу

1) өтінім берген сәтте мал басының САТЖАҚ-та тіркелген болуы;
2) сатып алынған мал басының жасы (ел ішінен сатып алған жағдайда - асыл тұқымдық куәлікте көрсетілген сату сәтінде; импортталған жағдайда - малды сатушыда (экспорттаушыда) карантинге қойған сәтте) – 18 айдан 60 айға дейін (қоса есептегенде).

САТЖАҚ-пен интеграцияланған өзара іс-қимыл

ағымдағы жылғы 20 қаңтардан 20 желтоқсанға дейін (өтінім сатып алған сәттен бастап алты айдың ішінде беріледі)

2.

Бие сүтін өндіру және өңдеу құнын арзандату

1) өтінім берген сәтте мал басының САТЖАҚ-та тіркелген болуы;
2) үш жастан асқан кемінде 30 бас өз аналық мал басының болуы;
3) сүтті өңдеуші кәсіпорындарға немесе есепке алу нөмірі бар сүт өңдеу цехына өткізу;
4) бие сүтінің жылдық өндіріс көлемі сауылатын биенің 1 басына 750 килограмнан аспауы тиіс.

САТЖАҚ-пен интеграцияланған өзара іс-қимыл

ағымдағы жылғы 20 қаңтардан 20 желтоқсанға дейін (өтінім өткізілген өнімге төлемді алған сәттен бастап үш айдың ішінде беріледі)

Түйе шаруашылығы

1.

Асыл тұқымды тұқымдық түйелер сатып алу

1) өтінім берген сәтте мал басының САТЖАҚ-та тіркелген болуы;
2) сатып алынған малдың жасы (елдің ішінен сатып алған кезде – асыл тұқымдық куәлікте көрсетілген сату сәтінде, импорттаған кезде – малды сатушыда (экспорттаушыда) карантинге қойған сәтте) – 12 айдан 60 айға дейін.

САТЖАҚ-пен интеграцияланған өзара іс-қимыл

ағымдағы жылғы 20 қаңтардан 20 желтоқсанға дейін (өтінім сатып алған сәттен бастап алты айдың ішінде беріледі)

2.

Түйе сүтін өндіру және өңдеу құнын арзандату

1) өтінім берген сәтте мал басының САТЖАҚ-та тіркелген болуы;
2) үш жастан асқан кемінде 30 бас өз аналық мал басының болуы;
3) сүтті өңдеуші кәсіпорындарға немесе есепке алу нөмірі бар сүт өңдеу цехына өткізу;
4) түйе сүтінің жылдық өндіріс көлемі сауылатын інгеннің 1 басына 1500 килограммнан аспауы тиіс.

САТЖАҚ-пен интеграцияланған өзара іс-қимыл

ағымдағы жылғы 20 қаңтардан 20 желтоқсанға дейін (өтінім өткізілген өнімге төлемді алған сәттен бастап үш айдың ішінде беріледі)

Марал шаруашылығы (бұғы шаруашылығы)

1.

Маралдардың (бұғылардың) аналық басымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу

1) САТЖАҚ-та және Республикалық палатада тіркелген болуы.
2) мынадай зоотехникалық нормативтерге сәйкес асыл тұқымды тұқымдық аталықтарды өсімді молайтуда және ротациялауда пайдалану:
- аталықтардың жасы ағымдағы жылдың 1 қыркүйегіне 36 айдан кем болмауы;
- отыз аналық басқа кемінде бір тұқымдық аталық;
- тұқымдық аталықты қатарынан екі шағылыстыру маусымынан артық пайдаланбау.

САТЖАҚ-пен интеграцияланған өзара іс-қимыл

ағымдағы жылғы 1 қыркүйектен 1 желтоқсанға дейін

Балара шаруашылығы

 

1.

Балара ұясымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу

Өтінім берген сәтте САТЖАҚ-та кемінде 10 балара ұясының тіркелген болуы.

САТЖАҚ-пен интеграцияланған өзара іс-қимыл

ағымдағы жылғы 15 сәуірден 1 қазанға дейін

* - сыйымдылығы бір уақытта кемінде 1000 бас болатын бордақылау алаңдарына тірі салмағы 300 кг-дан асатын бұқашықтарды бордақылауға өткізген немесе орнын ауыстырған кезде субсидия төлеу 300 кг тірі салмаққа есептеледі.

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.