Айдар парағына өту

Банктік емес айырбастау пунктін қалай ашуға болады? Баспаға шығару нұсқасы

Cоңғы өзгеріс: 05.04.2020

Қазақстанда айырбастау пункттерін екінші деңгейдегі банктер, Қазпошта, сондай-ақ олардың айрықша қызмет түрі қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру болып табылатын заңды тұлғалар, банктік емес айырбастау пункттері ашуға құқылы. Бұл ретте банктік емес айырбастау пунктін ашу рәсімі  оңай және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылдың 4 сәуіріндегі №49 қаулысымен бекітілген Қолма –қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру қағидаларымен реттеледі.

Бірінші қадам «Заңды тұлғаны құру»

Алдымен ұйымдық-құқықтық нысанда жауапкершілігі шектеулі серіктестікті құру керек.    

Уәкілетті ұйымның жарғылық капиталы қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруға лицензияны және лицензияға қосымшаны алу үшін заңды тұлғаның өтініш жасауына дейін толық көлемде ақшалай нысанда қалыптастырылады.

Уәкілетті ұйымның жарғылық капиталының ең төменгі мөлшері:

  • Нұр-Сұлтан қаласында, сондай-ақ Республикалық маңызы бар қалаларда орналасқан әрбір айырбастау пункті үшін 30 000 000 (отыз миллион) қазақстандық теңге;
  • облыстардың әкімшілік орталықтарында орналасқан әрбір айырбастау пункті үшін 20 000 000 (жиырма миллион) қазақстандық теңге;
  • басқа жерлерде орналасқан әрбір айырбастау пункті үшін 10 000 000 (он миллион) қазақстандық теңге.

Уәкілетті ұйым қосымша айырбастау пунктін ашқан кезде оның ақшалай нысанда қалыптастырылатын жарғылық капиталы талаптарға сәйкес ұлғайтылуы тиіс.

Егер сізде облыстық маңызы бар қалада айырбастау пункті бар болса және қала республикалық маңызы бар қалаға ауыстырылса, алты ай ішінде жарғылық капиталды республикалық маңызы бар қаланың талаптарына сәйкес келтіру қажет.

Біліктілік талаптарына сәйкестігін растау ретінде уәкілетті ұйым "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы мынадай құжаттарды жібереді:

  1. Ереженің 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруға лицензияны және оған қосымшаны алуға өтініш (Ереженің 12-тармағында көзделген жағдайда), Ереженің 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қосымша ашылатын айырбастау пункті үшін қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруға арналған қолданыстағы лицензияға қосымшаны алуға өтініш (Ереженің 17-тармағында көзделген жағдайда);
  2. Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға өтініш берген күнге дейін күнтізбелік 30 (отыз) күннен ерте емес берілген Ереженің 8-тармағының талаптарына сәйкес жарғылық капиталға жарна ретінде ақшаны уәкілетті ұйымның банктік шотына есепке жатқызуды растайтын екінші деңгейдегі банктің құжаты (оның ішінде клиенттің банк шоттары бойынша ақша қозғалысы туралы үзінді көшірме), не Ереженің 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қосымша ашылатын айырбастау пункті үшін қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруға арналған қолданыстағы лицензияға қосымшаны алу үшін өтініш беру айының бірінші күнгі жағдай бойынша қаржылық есептілік, ол уәкілетті ұйымның жарғылық капиталы мөлшерінің қосымша айырбастау пунктін ескере отырып, белгіленген талаптарға сәйкестігін растайды (Ереженің 17-тармағында көзделген жағдайда);
  3. Кассирдің қолма-қол шетел валютасымен жұмыс істеуге дайындықтан өткенін растайтын құжаттың көшірмесі немесе Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен көзделген және қызметкердің қолма-қол шетел валютасымен кассир ретінде кемінде алты ай жұмыс жасаған еңбек қызметін растайтын құжаттың (нотариалды куәландырылған) көшірмесі.
  4. Уәкілетті ұйымның жарғылық капиталына салымның шығу көзін ашатын құжаттың электрондық көшірмесі (қарыз шарты, мүлікті сатып алу-сату шарты, кірістер туралы анықтама). Уәкілетті ұйымның жарғылық капиталына салымның шығу көзін ашатын басқа да құжаттардың электрондық көшірмелерін ұсынуға жол беріледі.Автоматтандырылған айырбастау пунктін ашу кезінде уәкілетті ұйым біліктілік талаптарына сәйкестігін растау ретінде Ереженің 13-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген электрондық құжатты, Ереженің 13-тармағының 2) және 4) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың электрондық көшірмелерін, сондай-ақ автоматтандырылған айырбастау пунктінің Ережеде белгіленген талаптарға сәйкестігін және техникалық сипаттамаларын растайтын құжаттың электрондық көшірмесін "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы жібереді.

екінші қадам "Айырбастау пунктін жайластыру"

Үшінші қадам  «Лицензияны және оған қосымшаны алу»

Қосымша айырбастау пунктін ашу

Тазартылған құйма алтынмен операциялар жүргізу

 

Банктік емес айырбастау пункттерін ашу мәселелерін реттейтін ережелер Ұлттық Банктің ресми интернет-ресурсында қолжетімді: www.nationalbank.kz => "Нормативтік құқықтық база" => "ҚР Заңдары және ҚҰБ НҚА" => "Валюталық реттеу және валюталық бақылау.    "Уәкілетті ұйымдарға қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсету стандарты туралы ақпарат Ұлттық Банктің ресми интернет-ресурсында келесі мекенжай бойынша қолжетімді: www.nationalbank.kz => "Мемлекеттік қызметтер" => "Мемлекеттік қызметтер" => "Микроқаржы ұйымдарын валюталық реттеу және тіркеу".

Аумақтық филиалдардың орналасқан жері және байланыс деректері туралы ақпарат Ұлттық Банктің ресми интернет-ресурсында мына мекенжай бойынша қолжетімді болады: www.nationalbank.kz → "Мемлекеттік қызметтер" бөлімі → "Қызмет берушілердің байланыс телефондары".

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.