Айдар парағына өту

Қазақстандағы үлескерлік құрылыс Баспаға шығару нұсқасы

Cоңғы өзгеріс: 11.12.2019

Біздің әрқайсымыз жеке меншіктегі жылжымайтын мүлік туралы армандаймыз, оны сатып алудың әр түрлі мүмкіндіктері бар. Сіз тұрғын үйді коммуналдық  тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган арқылы кезек бойынша ала аласыз, сондай-ақ тұрғын үйді іске асырылатын «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасы шеңберінде сатып ала аласыз, өз қаражатыңыз есебінен жеке тұрғын үйді сала аласыз немесе үлескерлік құрылысқа қатысааласыз.

Қазақстандағы үлескерлік құрылыс – өсіп келе жатқан жылжымайтын мүлік нарығын және азаматтардың оған мұқтаждығын ескере отырып,   жетерліктей кеңінен таралған тәжірибе.   Үлескерлік құрылыстың бірқатар артықшылықтары бар, олардың бастысы қайталама тұрғын үймен салыстырғанда төмен бағасы болып табылады.  Сонымен бірге, белгілі бір қатерлер де бар, мысалы, тұрғын үй құрылысын ұзақ күту немесе шартты ресімдеген кезде құрылыс салушы (уәкілетті орган) тарапынан алдау не үміттерге сәйкес келмеу. Осы мақалада сіз жылжымайтын мүлікті үлескерлік құрылыс арқылы сатып алған кезде күтпеген оқиғалардан сақтану үшін қандай шаралар қолдану қажет екені туралы білесіз.    

«Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 7 сәуірдегі  Заңына сәйкес, тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу – тараптардың тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шартқа негізделген қатынастары. Жай сөзбен айтқанда – сіз ақша төлейсіз, ал сізге үй салып береді.   

Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт – уәкілетті компания мен үлескер арасында жасалатын, бір тарап тұрғын үйдің (тұрғын ғимараттың) құрылысын қамтамасыз етуге және құрылыс аяқталған соң екінші тарапқа тұрғын үйдегі (тұрғын ғимараттағы) үлесін беруге міндеттенетін, ал екінші тарап төлем жүргізуге және тұрғын үйдегі (тұрғын ғимараттағы) үлесін қабылдауға міндеттенетін, тараптардың тұрғын үй құрылысына үлестік қатысумен байланысты құқықтық қатынастарын реттейтін шарт.

Үлескер – тұрғын үйдегі (тұрғын ғимараттағы) үлесті алу мақсатында тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шартты жасасқан жеке тұлға (уақытша болатын шетелдіктерді қоспағанда) немесе заңды тұлға).

Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт жазбаша нысанда жасалады және оны осы Заңның 12 бабында көзделген тәртіпте тұрғын үй  (тұрғын ғимарат) орналасқан жер бойынша жергілікті атқарушы органда есепке қою сәтінен бастап жасалған деп есептеледі. 

Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу:

  • кепілдік беру қорынан кепілдік алу;
  • екінші деңгейдегі банктің жобаға қатысуы;
  • тұрғын үйдің (тұрғын ғимараттың) қаңқасы тұрғызылғаннан кейін үлескерлердің ақшасын тарту тәсілдерінің бірі арқылы ұйымдастырылады.

Тұрғын үйлердің (тұрғын ғимараттардың) құрылысы үшін осы бапта көзделмеген өзге де тәсілдермен жеке және заңды тұлғалардың ақшасын тартуға тыйым салынады.

Кепілдік беру қорының кепілдігін алу тәсілімен тұрғын үй құрылысына үлестік қатысуды ұйымдастыру​

Кепілдік беру қорының кепілдігін алу тәсілімен тұрғын үй құрылысына үлестік қатысуды ұйымдастыру бойынша қызметті жүзеге асыру үшін құрылыс салушы мынадай:

  • республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы құрылыста жалпы алаңы кемінде он сегіз мың шаршы метр және басқа да әкімшілік-аумақтық бірліктердегі құрылыста кемінде тоғыз мың шаршы метр тұрғын үйлер (тұрғын ғимараттар) құрылысының объектілерін өткізу, оның ішінде тапсырыс беруші, мердігер (бас мердігер) ретінде жиынтығында кемінде үш жыл тәжірибесінің болуы;
  • өзінің қаржылық есептілігіне сәйкес соңғы екі қаржы жылында аудиторлық қорытындымен расталған шығынсыз қызметінің болуы;
  • қарыз және меншікті капиталының арақатынасы арқылы есептелген коэффициент шамасы тұрғын үйдің (тұрғын ғимараттың) құрылысын салудың оны пайдалануға қабылдағанға дейінгі бүкіл мерзімі ішінде жетіден аспауы талаптарына сай болуға міндетті.

Кепілдік беру қорының кепілдігін алу тәсілімен тұрғын үй құрылысына үлестік қатысуды ұйымдастыру үшін уәкілетті  компанияның:

  • мемлекет берген уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығымен немесе меншік құқығымен тиесілі жер учаскесі;
  • кешенді ведомстводан тыс сараптаманың оң қорытындысымен тұрғын үй (тұрғын ғимарат) құрылысы жобасының жобалау-сметалық құжаттамасы;
  • осы Заңның  20 бабына  сәйкес жұмсау үшін жоспарланған ақшасы және (немесе) егер жер учаскесі меншік құқығымен тиесілі болса, жобалық құнының кемінде он пайызы көлемінде немесе егер жер учаскесі мемлекет берген уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығымен тиесілі болса, жобалық құнының кемінде он бес пайызы көлемінде орындалған жұмыстар актілерімен расталған аяқталмаған құрылысы;
  • құжаттарды қарағаны үшін комиссияны, кепілдік беру туралы шарт бойынша кепілдік жарнаны төлеуге арналған ақшасы;
  • тұрғын үй (тұрғын ғимарат) құрылысының мердігерлік шарты болуы міндетті.

Құрылыс салушы мен уәкілетті компания осы Заңның 8 бабында  белгіленген талаптарға сай болған кезде Кепілдік беру қоры тұрғын үйдің (тұрғын ғимараттың) құрылыс жобасы бойынша құжаттарды уәкілетті орган бекіткен тәртіппен тексеруді жүргізеді және кепілдік беру туралы шарт жасасады.

Кепілдік беру туралы жасалған шарт үлескерлердің ақшасын тарту үшін негіз болып табылады және құрылыс салушының және уәкілетті компанияның үлескерлердің ақшасын тартуға жергілікті атқарушы органнан рұқсат алуын қажет етпейді.

Екінші деңгейдегі банктің жобаға қатысуы тәсілімен тұрғын үй құрылысына үлестік қатысуды ұйымдастыру

Екінші деңгейдегі банктің жобаға қатысуы тәсілімен тұрғын үй құрылысына үлестік қатысуды ұйымдастыру бойынша қызметті жүзеге асыру үшін құрылыс салушының республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы құрылыста жалпы алаңы кемінде он сегіз мың шаршы метр және басқа да әкімшілік-аумақтық бірліктердегі құрылыста кемінде тоғыз мың шаршы метр тұрғын үйлер (тұрғын ғимараттар) құрылысының объектілерін өткізу, оның ішінде тапсырыс беруші, мердігер (бас мердігер) ретінде жиынтығында кемінде үш жыл тәжірибесі болуы тиіс.

Екінші деңгейдегі банктің жобаға қатысуы тәсілімен тұрғын үй құрылысына үлестік қатысуды ұйымдастыру үшін уәкілетті компанияның:

  • мемлекет берген уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығымен немесе меншік құқығымен тиесілі жер учаскесі;
  • кешенді ведомстводан тыс сараптаманың оң қорытындысымен тұрғын үй (тұрғын ғимарат) құрылысы жобасының жобалау-сметалық құжаттамасы болуы міндетті.

Екінші деңгейдегі банк тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) қаржыландыруға әзір болған жағдайда инжинирингтік компаниямен шарт жасасады.

Құрылыс салушы және уәкілетті компания осы Заңның 9 бабында белгіленген талаптарға сай болған жағдайда, құрылыс салушы мен уәкілетті компания облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органына осы Заңның 18-бабында белгіленген тәртіппен үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсат алу үшін өтініш жасайды  

 Кепілге қойылған мүлікке өндіріп алуды қолданған және оны өткізген кезде екінші деңгейдегі банк тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт жасалған кезден бастап үлескерлердің сенім білдірілген тұлғасы деп танылады.

Тұрғын үйдің (тұрғын ғимараттың) қаңқасы тұрғызылғаннан кейін үлескерлердің ақшасын тарту тәсілімен тұрғын үй құрылысына үлестік қатысуды ұйымдастыру

Тұрғын үйдің (тұрғын ғимараттың) қаңқасы тұрғызылғаннан кейін үлескерлердің ақшасын тарту тәсілімен тұрғын үй құрылысына үлестік қатысуды ұйымдастыру бойынша қызметті жүзеге асыру үшін құрылыс салушы соңғы бес жыл бойы, оның ішінде тапсырыс беруші, мердігер (бас мердігер) ретінде республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы құрылыс кезінде жиынтығында жалпы алаңы кемінде алпыс мың шаршы метр және басқа да әкімшілік-аумақтық бірліктердегі құрылыс кезінде кемінде отыз мың шаршы метр тұрғын үйлерді (тұрғын ғимараттарды) Қазақстан Республикасының аумағында салуға және пайдалануға беруге міндетті. Бұл ретте құрылыс салушының еншілес мекемелерінің жиынтық тәжірибесі ескеріледі. 

Тұрғын үйдің (тұрғын ғимараттың) қаңқасы тұрғызылғаннан кейін үлескерлердің ақшасын тарту тәсілімен тұрғын үй құрылысына үлестік қатысуды ұйымдастыру үшін уәкілетті компанияның:

  • мемлекет берген уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығымен немесе меншік құқығымен тиесілі жер учаскесі;
  • кешенді ведомстводан тыс сараптаманың оң қорытындысымен тұрғын үй (тұрғын ғимарат) құрылысы жобасының жобалау-сметалық құжаттамасы;
  • инжинирингтік компанияның есебімен расталған тұрғын үйдің (тұрғын ғимараттың) қаңқасының аяқталған құрылысының болуы;
  • инжинирингтік компаниямен шарты болуы міндетті.

Құрылыс салушы және уәкілетті компания осы Заңның 10 бабында белгіленген талаптарға сай болған жағдайда, құрылыс салушы мен уәкілетті компания облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органына осы Заңның 18 бабында көзделгіленген тәртіппен үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсат алу үшін өтініш жасайды.

Уәкілетті компания үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсат алғаннан кейін тұрғын үйдің (тұрғын ғимараттың) құрылысын осы Заңның  20 бабының  талаптарына сәйкес үлескерлердің ақшасын тарту тәсілімен ұйымдастырады.

Уәкілетті компания тұрғын үй (тұрғын ғимарат) құрылысын аяқтау жөніндегі міндеттемелерді орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда үлескерлер Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасына сәйкес уәкілетті компанияның банкроттық рәсіміне бастамашылық жасауға құқылы.

Уәкілетті компания банкрот болған жағдайда үлескерлер тұрғын үй (тұрғын ғимарат) құрылысын аяқтау үшін Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасына сәйкес тұрғын үй құрылысы кооперативін құруға құқылы.

Тұрғын  үй құрылысына жоғарыда аталған үш әдіс бойынша үлестік қатысуды ұйымдастыру бойынша қызметті жүзеге асыру үшін құрылыс салушы бір уақытта бір құрылыс жобасы бойынша қызметті жүзеге асыратын уәкілетті компанияны құрады. 

Бұл ретте құрылыс салушы осы заңның 15 бабына сәйкес үлескерлерге олардың тұрғын үйдегі (тұрғын ғимараттағы) үлестерін беру бойынша өз міндеттемелерін орындаған уәкілетті компанияны тартуға құқылы.

Оның үстіне, құрылыс барысын, улескерлердің ақшасын мақсатты пайдалануды мониторингілеуді, жобалық құн шегінде орындалған жұмыстар көлемін тексеруді инжинирингтік компания жүзеге асырады.

Үлескердің құқықтары мен міндеттері

Үлескер мүмкінді :

  • айқындалған ақпаратты алуға;
  • Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында айқындалған тәртіппен тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт бойынша талап ету құқығын басқаға беруге;
  • тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттың талаптарын уәкілетті компанияның тиісінше орындауын талап етуге құқылы.

Үлескер міндетті:

  • тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шартқа сәйкес уәкілетті  
  • компанияның банктік шотына қолма-қол емес тәртіппен ақша салуға;
  • тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттың талаптарын уақтылы орындауға;
  • тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) тіркелген пайдалануға қабылдау актісі болған кезде үлескер уәкілетті компаниядан хабарлама алған кезден бастап күнтізбелік отыз күн ішінде үлесін беру туралы шартқа қол қоя отырып, тұрғын үйдегі (тұрғын ғимараттағы) үлесін қабылдауға;
  • іс жүзіндегі мекенжайы және (немесе) басқа да дербес деректері өзгерген жағдайда бұл туралы уәкілетті компанияны күнтізбелік отыз күн ішінде жазбаша хабардар етуге міндетті
Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.