Айдар парағына өту

Дауларды медиация жолымен реттеу Баспаға шығару нұсқасы

Cоңғы өзгеріс: 03.03.2026

Медиация дегеніміз не?

Медиация – тараптардың ерікті келісімі бойынша жүзеге асырылатын, олардың өзара қолайлы шешімге қол жеткізуі мақсатында медиатордың (медиаторлардың) жәрдемдесуімен тараптар арасындағы дауды (дау-шарды) реттеу рәсімі;

Медиацияның сот процесіне қарағанда артықшылығы - уақыт пен ақшаны айтарлықтай үнемдеу және жеке процедураның құпиялылығы. Дауларды шешудің бұл түрі бүгінде әлемнің көптеген елдерінде ең кең таралған дауды шешу әдістердің бірі болып табылады. Халықаралық статистикаға сәйкес барлық даулардың 30–40% медиация рәсімімен өтеді, олардың 85%-нда оң нәтижелерге қол жеткізілген.

Қазақстанда медиация 2011 жылғы 28 қаңтарда қабылданған Қазақстан Республикасының «Медиация туралы» № 401-IV Заңымен реттеледі.

«Медиация туралы» Қазақстан Республикасының Заңы медиацияны ұйымдастыру саласындағы қатынастарды реттейді, медиаторлардың қағидаттарын, рәсімдері мен мәртебесін айқындайды.

Медиация азаматтық, еңбек, отбасылық және өзге де құқықтық қатынастар бойынша дауларда, сондай-ақ ауырлығы аз және орташа қылмыстар туралы істер бойынша қылмыстық сот ісін жүргізу барысында қолданылуы мүмкін.

Медиация тараптардың еріктілігі мен тең құқықтылығы, медиатордың тәуелсіздігі мен бейтараптығы, медиация рәсіміне араласуға жол бермеу, құпиялылық қағидаттарына негізделеді.

Медиатор дегеніміз кім?

Медиатор – Қазақстан Республикасының «Медиация туралы» Заңның талаптарына сәйкес кәсіби немесе қоғамдық негізде медиация жүргізу үшін тараптар тартатын тәуелсіз жеке тұлға.

  • медиация рәсімін ұйымдастырады және жүргізеді;
  • тараптарға олардың құқықтары мен міндеттерін, медиацияны жүргізу тәртібін және келісім жасасудың құқықтық салдарын түсіндіреді;
  • тараптар арасындағы сындарлы диалогқа ықпал етеді;
  • тәуелсіздік және бейтараптық қағидаттарының сақталуын қамтамасыз етеді;
  • тараптар үшін шешім қабылдауға және оларға дауды реттеу шарттарын жүктеуге құқығы жоқ.

Заңнамаға сәйкес медиаторлар қызметті кәсіби және қоғамдық негізде жүзеге асыра алады.

Кәсіби медиаторлар медиаторлар ұйымының кәсіби медиаторларының тізілімінде, қоғамдық медиаторлар - жергілікті атқарушы органның қоғамдық медиаторларының тізілімінде тіркелуі тиіс.

Медиатордың қызметі кәсіпкерлік қызмет болып табылмайды. Медиатор қызметін жүзеге асыратын тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған кез келген өзге қызметті де жүзеге асыруға құқылы.

Кәсіби медиатор қызметін кім жүзеге асыра алады?

Кәсіби медиаторларды қайдан табуға болады?

Медиацияның сот талқылауынан айырмашылығы неде?

Кәсіби медиатор (судья емес) мемлекеттік орган қатысқан жағдайда медиативтік келісім жасай ала ма?

Егер медиатор ережелерді бұзса, қайда шағымдануға болады?

Медиаторлар ұйымдарының тізілімі

 

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.